Архив доступен 915 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Шомуродов, Хусанов, Файзуллаев!

Өзбекстан Нидерландыға қарсы бастапқы құрамын жариялады.

Ойын басталуына шамамен бір сағат уақыт қалды!

@QsportQazaqstan

Әлем чемпионаты жақындаған сайын Ламин Ямальдың көңіл-күйі көтеріңкі — тіпті блогер болып көрді!

Бірақ басты сұрақ басқа: ол Мундиальды дайын ба?

@QsportQazaqstan

Хусановтың матч алдындағы жаттығуынан кадрлар!

Бірнеше уақыттан кейін Өзбекстан құрамасы Нидерланд құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Басталуы сағат 23:45 Астана уақытымен!

@QsportQazaqstan

Мадридтік «Реал» Хулиан Альваресті өз қатарына қосуға қызығушылық танытып, «Атлетикоға» ресми сауал жолдады!

Испаниялық БАҚ мәліметінше, мадридтік клуб аргентиналық шабуылшымен қоштасуға дайын, алайда оның трансферлік құны кемінде 150 миллион еуроға бағалануда

Альварес қайда өтеді? «Барса» ма, «Реал» ма, әлде басқа клуб па?

@QsportQazaqastan

АҚШ-та ең ыстық Әлем Чемпионаты болатын секілді

Ойыншылар аптап ыстыққа шағым айтып жатыр. Рэшфордтың түріне қараңызшы.

@QsportQazaqstan

Мундиалдың жаңа жұлдызы

АҚШ-та полиция қызметкері Мысырдан келген жанкүйерлердің көңілін көтерді

@QsportQazaqstan

Гави конкуренттерінен арылуда

Испания құрамасының жаттығуы кезінде жас ойыншы әріптесі Родриге қарсы ауыр фол жасады.

Родридің бақытына орай, ол жарақат алмады.

@QsportQazaqstan

Киберспорт мерекесі жалғасуда!

Бүгін сағат 17:00 QArena телеарнасынан IEM Major Cologne турнирін тамашалайық!

17:00 Astralis — paiN

17:00 MIBR — B8

19:30 Monte — BetBoom Team

19:30 TYLOO — 9z

22:00 M80 — Legacy

22:00 G2 — BIG

@QsportQazaqstan

40 жаста деп кім айтады?

Лука Модрич кеше өзінің Хорватия құрамасындағы 198-матчында (!) гол соқты.

Құрамадағы ойын саны бойынша аңыз Лука Лео Мессимен теңесті (Роналдуға дейін 30 матч).

@QsportQazaqstan

MATCHDAY!

Жолдастық кездесу: Нидерланды — Өзбекстан

Бүгін өзбекстандық жігіттерді мундиаль алдындағы нағыз тест күтіп тұр: қарсылас — ван Дейк бастаған азулы Нидерланды!

23:45

@QsportQazaqstan

Туған күніңмен, Хавьер!

Бүгін аргентиналық экс-футболшы, қазір «Интер Майамидің» бапкері 42 жасқа толып отыр.

Әлем Чемпионы болмады, алайда 2014 жылы мундиалда Роббенге қарсы ойыны халықтың әлі есінде

@QsportQazaqstan

Моуриньо & «Реал Мадрид». Ресми хабарлама жуырда!

Кешегі президенттік сайлаудағы Флорентино Перестің жеңісінен кейін португал бапкері видеоға түсті

Иә, әрине (Перес жеңеді) — Si, por supuesto

@QsportQazaqstan

қалды!

Италия құрамасында 3-нөмірмен өнер көрсеткен көпшілік үшін футбол тарихындағы ең үздік орталық қорғаушы боп кеткен Паоло Мальдини

@QsportQazaqstan

Сиқыршы әлі бабында

Андрес Иньеста «Барселона» — «Ливерпуль» аңыздарының матчында Кристиан Тельоға осындай керемет ассист берді.

@QsportQazaqstan

Усман Дембеле Килиан Мбаппеге Франция құрамасындағы матчтарда қорғанысқа көбірек көмектесуге кеңес берген (L’Equipe)

Оның пікірінше, бұл Мбаппенің команда ойынына жақсырақ бейімделуіне және ұлттық құраманың ойын мәнері мен рухына сай келуіне мүмкіндік береді.

@QsportQazaqstan

Бүгін не көреміз? Киберспорт

17:00 LIVE. Киберспорт. IEM Cologne Major 2026 CS2

@QsportQazaqstan

67 67

Марк Маркес Венгриядағы соңғы MotoGP жарысында жеңіске жеткеннен кейін жеңісін осылай атап өтті

@QsportQazaqstan

Екі аңыз. Ерекше аура!

Міне, Криштиану мен Лео өз командаларында осындай үлкен мәртебеге ие. Нағыз ұлылық!

@QsportQazaqstan

Мына керемет көрініске бір қараңыздаршы!

Парагвай құрамасының жанкүйерлері әлем чемпионаты басталар алдында өз командасына осылайша сәттілік тіледі.

Нағыз футбол мерекесі!

@QsportQazaqstan

Флорентино Перес «Реалдың» президенті сайлауында жеңіске жетті.

Бұған дейін ол 150 млн еуроға ойыншыны және Моуриньоны командаға алатынын уәде еткен еді.

Уәдесін орындай ма?

@QsportQazaqstan