Архив доступен 4 645 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Президент педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Каспий жағасында — дәстүр мен заманауи мәдениет тоғысатын ерекше

фестиваль!

17 маусым күні Атырау қаласындағы Жастар саябағында

Халықаралық Балык фестивалі өтеді!

Бағдарламада

Каспий маңы елдерінің конференциясы

Гастрономиялық фестиваль

Аспаздар байқауы

Балықшылар сайысы

Балық өнімдерінің жәрмеңкесі

Шабақтандыру

Музыкалық бағдарлама

Кемелер шеруі

«Қазыналы Каспий» — халықаралық БАЛЫҚ фестивалі және мерекеге толы

күн!

17 маусым | Атырау қаласы | Жастар саябағында.

Қоғамдағы татулық пен тұрақтылық — ең маңызды құндылықтардың

бірі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы

әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға

бағытталған әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады

Шараның басты тақырыбы — «Қауіпсіз жаз – жарқын демалыс: бала

қауіпсіздігі және ата-ана жауапкершілігі» деп аталды. Жиналыстың

негізгі мақсаты — жазғы демалыс кезінде студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау

Жолаушылар «Ақтау– Ақтөбе» бағытындағы жаңа вагондарға таң қалуда.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Атырау қалалық Прокуратура өкілдерінің қатысуымен Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және суицидтік мінез-құлықтың себептерін анықтауға бағытталған психологиялық кешенді талдау жобасын талқылау мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Бүгін «Келешек» сауықтыру лагерінде тынығушылар үшін ерекше әрі өте қызықты шығармашылық арт-шара өтті. Балалар акварель бояуларымен сурет салып, өз қиялдарындағы әсем балықтарды бейнеледі. Әр туынды – ерекше әлем!

STEM технологиясының басты артықшылықтарының бірі – оқушыларға ерте жастан кәсіби бағдар беру. Осы мақсатта 7-сыныптан бастап тереңдетілген бейіндік оқыту, тәлімгерлік жүйесі және жеке білім беру курстары енгізіледі.

Былтыр жаңа форматтағы 105 мектеп есігін ашты, оның 40% ауылдарда салынды. Биыл тағы 112 жайлы мектептің құрылысы аяқталды. Сөйтіп, екі жылдың ішінде елімізде 460 мың оқушы осындай жаңа мектепте оқуға мүмкіндік алды.

Атырау қаласындағы Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде Отан

алдындағы борышын абыроймен өтеп жүрген егіз сарбаздар Оразмағамбет пен

Тұрмағамбет Ходжаевтардың әскери қызметін аяқтауға санаулы күндер қалды

Масамен күрес үш кезең бойынша жүзеге асады. Дезинсекция кезінде «Агран», «Мистраль», «Фаскон», «Сольфак» және «Циперметрин» препараттары қолданылады. Бұл құралдар адам денсаулығы мен үй жануарларына зиянсыз. Барлық ерітінділер арнайы зертханада дайындалып, тиісті тексеруден өтеді

Әуе компаниясы Ереван — Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рет (дүйсенбі және жұма күндері) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Армения арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 3 рейстен 5 рейске дейін артады

Сенбілікке ауылдық округ қызметкерлері белсенді қатысып, канал жағалауларында жиналған тұрмыстық қалдықтар мен түрлі қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында канал бойы ретке келтіріліп, аумақтың көріктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді

Жуырда Әбіш Кекілбайұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясы мен №39 «Ақкөгершін» балабақшасының арасындағы аумаққа төрт жыл бұрын егілген ағаштардың қазіргі жай-күйін көзбен көрдік. Жайқалып өсіп тұрған 100-ден астам жергілікті климатқа бейім, тұзды топыраққа төзімді шаған (ясень) ағашы шағын көшенің сәнін келтіріп тұр

Тазалық жұмыстары барысында арнайы техникалар мен жұмыс күші жұмылдырылып, канал бойында жиналған тұрмыстық қалдықтар, қоқыс пен су өсімдіктері, сондай-ақ су ағысының еркін жүруіне кедергі келтіретін балдырлар тазартылды

ЗАҢМЕНТӘРТІП

«Жас сақшы» полиция сыныбының оқушыларымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

«Жас сақшы» полиция сыныптарын құрудың басты мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және өз ісіне адал аға буын қызметін дәріптеу. Осы бағытта қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Шалқар Ақымғалиев атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында полицейлер 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесі мен оқу жылының аяқталу кезеңінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін бұзбау, көшеде және қоғамдық орындарда сақ жүру, су айдындары мен қараусыз жерлерге бармау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды кеңестер берілді.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараудың маңызы түсіндірілді.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

Атырауда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Атырау қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында 8-13 маусым күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Осы ретте, Атырау қаласы полиция басқармасы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын болдырмас үшін жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескертеді.

Әбутәліп Мутәлі: Кибералаяқтықты заң мен тәртіп жеңеді

Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы екінші оқылымда қабылданды. Мұндағы мақсат – еліміздегі байланыс инфрақұрылымын дамыту, перс­пективалы телекоммуникациялық технологияларды енгізу, халықты жылдамдығы жоғары интернетпен, сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы ретте Мәжіліс депутаты, ІТ-технология саласындағы білікті мамандардың бірі Әбутәліп МУТӘЛІМЕН сұхбат құрып, саладағы соңғы өзгерістерді жан-жақты талқылап көрдік.

Әбутәліп мырза, еліміз кейінгі жылдары озық ақпа­раттық технология­ларды, әсіресе ЖИ-дің артық­шылық­тарын түрлі са­лаға енгізіп, цифрлық дамуды жетіл­ді­руге шындап кірісті. Бұл бір жағынан жақсы үдеріс, екінші жа­ғынан қауіпсіздік мәселесі тағы бар.

Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты

Қызылорда облысына қарасты Жалағаш ауданында ауылдар ішімдік сатудан бас тартып отыр. Бұл туралы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қадағалау органының мәліметінше, аудан прокурорымен өткен жеке кездесуде ақсақалдар, ауданның құрметті тұрғындары мен кәсіпкерлер ішімдіктерді сатудан бас тарту бастамасын қолдаған.

«Нәтижесінде жергілікті сауда орындарының иелері алкоголь өнімдерін өткізуден ерікті түрде бас тартуға келісім беріп, 14 ауылдық округ «Ішімдіктен ада ауыл» болып жарияланды», делінген таратылған хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Қабылданған шаралар, өскелең ұрпақты жат әдеттерден қорғауды және құқықбұзушылықтың алдын алу тұрғысында оң нәтиже қалыптастыруды көздейді.

Былтыр Қарағанды облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны 63-ке жеткені туралы хабарланған еді.

занментәртіп

2026 жылдың 18 мамыр мен 8 маусым аралығында өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Хиуаз» қоғамдық бірлестігі әжелер алқасының мүшелерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі әже өнегесінің маңыздылығы, отбасыдағы татулық пен сыйластықты сақтау, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен қозғалды.

Іс-шара барысында әжелер алқасының мүшелері қоғамдағы отбасының рөлі, бала тәрбиесіндегі үлкендердің жауапкершілігі, ұрпақ сабақтастығы мен отбасы бірлігін сақтау жөнінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, отбасы мүшелері арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті нығайту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.