Архив доступен 6 728 сообщений С 2023 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Глава государства встретился с соотечественниками, проживающими в Бельгии

Президент Касым-Жомарт Токаев, прибывший с официальным визитом в Брюссель, встретился с гражданами Казахстана, которые в настоящее время проходят обучение или работают в Бельгии.

В ходе беседы Глава государства поздравил соотечественников с принятием новой Конституции.

– На всенародном референдуме наш народ сплоченно проголосовал за Конституцию. Этот исключительный по своей важности документ вступит в силу 1 июля. Основной закон станет главным ориентиром для нашего народа. Поздравляю вас с принятием новой Конституции, – сказал Президент.

Касым-Жомарт Токаев выразил поддержку соотечественникам, которые учатся и трудятся за рубежом.

– Нашей стране нужна такая образованная, прогрессивная и интеллектуальная молодежь, как вы. Где бы я ни находился, я всегда оказываю поддержку молодежи. И это не просто слова. Поддержка молодежи – это неотъемлемая составляющая долгосрочной политики государства. Молодые казахстанцы обучаются и трудятся в разных уголках мира. Я как Президент поддерживаю это. Потому что, где бы вы ни находились, вы остаетесь казахами. Мы должны быть Передовой, Справедливой страной. Для того, чтобы построить такое государство, нам всем необходимо сплотиться и самоотверженно трудиться, – сказал Президент.

Глава государства отметил, что в новом Основном законе развитие образования, науки и инноваций определено в качестве стратегического приоритета деятельности государства. Он также призвал молодежь осваивать больше языков.

Наши соотечественники поделились своими достижениями в работе и учебе, а также сообщили о планах на будущее. В частности, студент третьего курса университета KU Leuven Әлім-Сері Махамбетәлі рассказал о деятельности Ассоциации казахстанских студентов в Бельгии, а Аружан Болатбекова – о работе Kazakh Speaking Club в Брюсселе.

В завершение встречи Президент пожелал успехов студентам и всем гражданам Казахстана, проживающим в Бельгии.

Мемлекет басшысы «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕАЭО: жасанды интеллектіге басымдық беру» атты V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында сөз сөйледі

Құрметті форум қатысушылары!

Ең алдымен, осы өте маңызды іс-шараға қатысқаны үшін Еуразия экономикалық одағына мүше мемлекеттердің басшыларына, байқаушы елдердің көшбасшыларына және барша қонақтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Еуразия экономикалық форумы еуразиялық интеграцияны дамытудың өзекті мәселелері бойынша кәсіби әрі нәтижелі диалогтың тиімді алаңы ретінде кеңінен танылған.

Бүгін ортаға салған идеялар, бастамалар мен ұсыныстар Интеграциялық одақ аясындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенімдімін.

ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі екенін түсінген жөн.

Бұрын-соңды болмаған геосаяси дүрбелеңдер кезінде мемлекеттеріміз үйлесімді іс-қимыл арқылы экономикаларының орнықты дамуын, әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алды.

Қазір біздің алдымызда Еуразия экономикалық одағының әлеуетін одан әрі арттырып, қарқынды дамыту жөнінде стратегиялық маңызды міндет тұр.

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының бағдары жаппай өзгеріп жатқан кезеңде біз теріс сипаттағы жаһандық үрдістерге төтеп беру үшін күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек.

Әлемдік нарықтағы ахуал күрделі, тіпті көп жағдайда болжап біле алмайсыз. Өзімізге етене таныс экономикалық сынақтарға қоса, цифрлық салада ауқымды өзгерістер болып жатыр. Бұл көп ұзамай «ойын ережесін» толықтай жаңартады.

Осыған орай бүгінгі форум тақырыбының өзектілігі арта түсті.

Жасанды интеллект технологияларының көз ілеспес жылдамдықпен дамуы жаһандық экономикаға ықпал ететін іргелі факторға айналып үлгергенін көріп отырмыз.

Халықаралық сарапшылар, мәселен, Goldman Sachs алдағы он жыл ішінде жасанды интеллектіні қолдану әсерінен әлемдік ішкі жалпы өнімнің өсімі 7 триллион долларға жақындауы мүмкін деп пайымдайды.

Бұл жаңа технологиялық қалыптың түзілуіне алып келеді. Соның салдарынан экономиканың барлық секторындағы еңбек нарығының құрылымы түбегейлі өзгереді.

Мәселен, Халықаралық валюта қорының бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллект технологиясының енгізілуіне қарай дүние жүзіндегі жұмыс орындары 40 пайызға дейін қысқаруы мүмкін.

Демек, шартараптағы жүздеген миллион адам білімін жетілдіріп, жаңа дағдыларды меңгеруге тиіс. Әлеуетті мемлекеттер ауқымы жағынан белгісіз міндеттермен бетпе-бет келіп, ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге мәжбүр болады.

Цифрлық технологияларды қарқынды экономикалық және қоғамдық даму тетігіне айналдыра аламыз ба? Бұл – ең басты мәселе.

Аз да болса амбициясы бар елдердің келешегі аталған мәселені қаншалықты табысты шешуіне тікелей байланысты десек, артық айтқандық емес.

Дәл осы себепті Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық еткен жылы Одақ аясында елдеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын «төрт еркіндік» қағидатының құралы ретінде нақты қолдануды ұсынды.

Қазақстан «ақылды» платформаларды мемлекеттік басқару жүйесі мен экономиканың негізгі секторларына табысты енгізуде.

Былтыр халыққа Жолдауымда Қазақстанды цифрлық елге айналдыру жөнінде міндет жүктедім.

Бұл жұмысқа жүйелі сипат беру үшін биыл, яғни, 2026 жыл елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды.

Болашақтың бағдарын айқындай отырып, біз азаматтардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігіне баса мән береміз.

Қазақстанның жаңа Конституциясында алғаш рет дербес мәліметтерді қорғау құқығы бекітілді, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, деректерді заңсыз жинауға, өңдеуге, пайдалануға тыйым салынды. Мұны, шын мәнінде, өте маңызды конституциялық міндет деп санаймыз.

Институционалдық негізді нығайтып, инновацияны кешенді түрде енгізу мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесті құру да пайдалы шараның бірі болды. Аталған консультативтік орган құрамы жетекші шетелдік және отандық сарапшылардан, бизнес пен мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен жасақталды.

Бұдан бөлек, біз барлық қажетті инфрақұрылымды жедел дамытуды қолға алдық.

Қазақстан өңірімізде бірінші болып, осы саладағы әлемдік көшбасшы саналатын NVIDIA компаниясының озық технологиялары негізінде екі суперкомпьютерді іске қосты.

«Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру басты міндет ретінде жарияланды.

Бұл ауқымды жоба жаһандық капитал мен әлемдік технологиялық алпауыттар үшін тартымды ортаға айналды.

Сонымен қатар адами капиталға қомақты қаржы құйып жатырмыз.

Халықаралық Alem.ai орталығы жанынан Tumo және Tomorrow school жаңа буын мектептері, сондай-ақ әлемге белгілі бірқатар компанияның (Telegram, Presight) зертханалары ашылды.

Екі апта бұрын «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойдым.

Мақсатымыз – дербес білім беруге ден қоя отырып, педагогтердің біліктілігін арттыру, инфрақұрылым мен оқу стандарттарын дамыту.

Қазақстан жедел цифрлық трансформацияны сапалы түрде жүргізу үшін ЕАЭО мемлекеттерімен серіктестікке және ынтымақтастыққа ашық.

Менің ойымша, жаңа технологияларды, әсіресе, жасанды интеллектіні сауда және логистика саласына белсенді енгізу аса маңызды.

Кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында ұлттық цифрлық жүйелердің байланысын күшейткен жөн. Бұл нақты уақыт режимінде барлық құжатты тез өңдеуге, кедергілерді анықтауға және жүк ағындарын болжауға мүмкіндік береді.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі.

Өнеркәсіп кооперациясын кеңейтуде жасанды интеллектінің сараптамалық әлеуетін пайдаланудың практикалық маңызы зор.

Елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін агроөнеркәсіп кешеніне интеллектуалды жүйелерді енгізуге басымдық беру қажет.

Жаңа технологияларды белсенді әрі жан-жақты қолдану ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикасының қарқынды дамуына септігін тигізетін аса маңызды фактор деп санаймын.

Сонымен қатар жаңа технологиялар Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері арасындағы «цифрлық алшақтыққа» себеп болмауы керек.

Керісінше, ол елдеріміздің экономикаларын байланыстырып, ынтымақтастықтың қуатты құралына айналуға тиіс.

Бүгін біз 2025 жылдың желтоқсанындағы менің ұсынысыма сәйкес, Жасанды интеллектіні жауапкершілікпен дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдемені қабылдаймыз.

Аталған құжаттың басты мақсаты – Одаққа мүше елдердің экономиканың негізгі секторларын цифрландыруға қатысты ортақ ұстанымын қалыптастыру және бір-бірінің мүддесін ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз енгізуді қамтамасыз ету.

Орайлы сәтті пайдаланып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер басшыларына осы маңызды құжатты әзірлеуге және қабылдауға қолдау көрсеткені үшін ризашылығымды білдіремін.

Жаңа технологиялық және экономикалық қалып негізінде қайта құрылып жатқан әлемдік тәртіптің қазіргі кезеңі елдерімізге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Келешектегі позициямызды нығайту үшін оны ұтымды қолданған жөн.

Біз осы тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, барынша пайдалануға міндеттіміз.

Назарларыңызға рақмет!

«TOMIRIS» бағдарламасы аясындағы екі күндік оқыту қорытындыланды

Семей қаласында өткен «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру бағдарламасы аясындағы екі күндік оқыту семинары өз мәресіне жетті. Жобаның екінші күні саяси коммуникациялар, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және гендерлік теңдік мәселелеріне арналды.

Оқыту барысында қатысушыларға қоғаммен тиімді байланыс орнату, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлін арттыру бағытында тәжірибелік білім берілді.

Семинар барысында «TOMIRIS» бағдарламасының Абай облысы бойынша сарапшысы Жанна Үйсумбаева «Саяси коммуникациялар. БАҚ-пен жұмыс» тақырыбында семинар өткізді. Спикер тиімді іскерлік коммуникацияның негізгі қағидаттарына тоқталып, қазіргі ақпараттық кеңістіктегі әлеуметтік желілердің маңызы туралы айтты. Сонымен қатар қатысушылар әлеуметтік желілерде аудиториямен байланыс орнату, ақпаратты дұрыс ұсыну және цифрлық коммуникация құралдарын тиімді пайдалану тәсілдерімен танысты.

Ал «TOMIRIS» бағдарламасының Абай облысы бойынша сарапшысы Айгерім Смағұлова «Гендерлік теңдік» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында әйелдердің Қазақстан экономикасының дамуына қосып отырған үлесі, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі әйелдер көшбасшылығы және партия жанындағы әйелдер кеңестерінің қызметі талқыланды.

Екі күндік оқыту қорытындысында қатысушылар алған әсерлері мен негізгі инсайттарымен бөлісті. Бағдарлама соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Текст материала отсутствует.

ALIMA жасанды интеллект жүйесі арқылы 9 мың дәрігер жұмыс істеуде

В Казахстане продолжается работа по развитию системы здравоохранения и повышению доступности медицинской помощи

Об этом сообщил вице-министр здравоохранения Республики Казахстан Тимур Муратов на пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций.

По словам спикера, в 2025 году ожидаемая продолжительность жизни в республике достигла 75,97 года, установив исторический рекорд. В области Абай этот показатель составил 74,87 года.

В целях повышения доступности первичной медико-санитарной помощи в поликлиниках внедрена система онлайн-записи, благодаря чему срок ожидания приёма сократился с двух недель до 2–3 дней. Кроме того, с 2025 года расширены скрининговые программы и внедрены новые виды обследований.

– Особое внимание уделяется развитию цифровых систем в отрасли. В настоящее время с использованием системы искусственного интеллекта ALIMA работают 9 тысяч врачей, оказывающих первичную медико-санитарную помощь, – отметил вице-министр.

Также ведётся модернизация областных больниц и перинатальных центров, работа по снижению цен на лекарственные препараты и обеспечению населения бесплатными медикаментами.

В 2025 году области Абай было выделено 50 грантов по 26 специальностям резидентуры. Для сокращения дефицита врачей в сельской местности реализуются меры социальной поддержки. В результате 45 врачей получили поддержку, а 11 медицинских работников были обеспечены жильём.

На сегодняшний день около 90% населения охвачено системой обязательного социального медицинского страхования. Кроме того, по республике завершено строительство 65 объектов первичной медико-санитарной помощи.

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ ОБЛАСТИ АБАЙ

Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары жалғасуда

Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін дамыту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, 2025 жылы республика бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетіп, тарихи рекорд орнатты. Абай облысында бұл көрсеткіш 74,87 жасты құрады.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында емханаларда онлайн жазылу жүйесі енгізіліп, қабылдауды күту мерзімі екі аптадан 2–3 күнге дейін қысқарды. Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтіліп, жаңа тексеру түрлері енгізілді.

– Салада цифрлық жүйелерді дамытуға ерекше назар аударылуда. Қазіргі таңда ALIMA жасанды интеллект жүйесі арқылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 9 мың дәрігер жұмыс істеуде, – деді вице-министр.

Сондай-ақ, облыстық ауруханалар мен перинаталдық орталықтарды жаңғырту, дәрілік заттардың бағасын төмендету және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2025 жылы Абай облысына резидентураның 26 мамандығы бойынша 50 грант бөлінді. Ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығын азайту үшін әлеуметтік қолдау шаралары қолға алынған. Нәтижесінде өңірдегі 45 дәрігер қолдау алып, 11 медицина қызметкері баспанамен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда халықтың шамамен 90%-ы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Сонымен қатар, республика бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 65 нысанның құрылысы аяқталды.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ашықтықты арттыру үшін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Smart Turmys бірыңғай жүйесін енгізіп жатыр. Бұл жүйе азаматтар мен коммуналдық қызметтер арасындағы негізгі өзара іс-қимыл алаңына айналып, есептегіш құралдардан алынатын деректерді біріктіреді.

Сонымен қатар Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту ұлттық жобасы (ЭКСЖ) аясында жүздеген мердігер қосылған электрондық сатып алу платформасы іске қосылды.

Вице-министр Жәннат Дүбірова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында сондай-ақ SKAI-Contract атты жасанды интеллектке негізделген интеллектуалды модульдің сынақ режимінде іске қосылғанын атап өтті. Бағдарлама нарық қатысушыларына сатып алу рәсімдерінде жедел бағдар алуға көмектеседі.

Для повышения прозрачности ЖКХ Министерство промышленности и строительства РК внедряет единую систему Smart Turmys, которая станет единой точкой взаимодействия граждан с коммунальными службами и объединит данные приборов учета.

Параллельно в рамках Нацпроекта модернизации энергетического и коммунального сектора (МЭКС) запущена электронная платформа закупок, к которой подключены сотни подрядчиков.

Вице-министр Жаннат Дубирова на пресс-конференции в СЦК также отметила, что в тестовом режиме запущен интеллектуальный ИИ-модуль SKAI-Contract. Программа помогает участникам рынка мгновенно ориентироваться в закупочных процедурах.

Қазақстанда тарихи геологиялық мұраны ауқымды цифрландыру жұмысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда тарихи деректердің 97,5%-ы толық сканерленген. Бұл – ондаған жыл бойы тек қағаз түрінде сақталған шамамен 4,7 млн карта парағы мен есептер. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова хабарлады.

«Қазіргі уақытта геология саласында деректерді талдау технологиялары мен жасанды интеллектті қолдану бағыты дамып келеді. Геологиялық деректердің бірыңғай базасы қалыптастырылуда. Бұл мамандарға жекелеген құжаттармен емес, барлық ақпарат жиынтығымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде шешімнің прототипі жасалып, 1 терабайт көлеміндегі алғашқы деректер жүктелді. Мұндағы басты міндет – іздеу процесін жеделдету, түрлі дереккөздерді салыстыру және бастапқы аналитиканың сапасын арттыру. Сонымен қатар соңғы шешімді мамандар қабылдайды», – деді спикер.

В Казахстане завершается масштабная оцифровка геологического наследия. На сегодняшний день отсканировано 97,5% исторических данных - это порядка 4,7 млн листов материалов, которые десятилетиями хранились исключительно на бумаге. Об этом сообщила вице-министр промышленности и строительства РК Жаннат Дубирова на пресс-конференции в СЦК.

«Сейчас развивается направление применения технологий анализа данных и искусственного интеллекта в геологии. Формируется единая база геологических данных, которая позволит специалистам работать не с отдельными документами, а с совокупностью информации. Уже создан прототип решения и загружен первый массив данных – 1 терабайт информации. Основная задача здесь – ускорить процесс поиска, сопоставление различных источников и повысить качество предварительной аналитики. При этом окончательные решения остаются за специалистами», – сказала спикер.

Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Бүгін ауыл шаруашылығы дақылдары 14,5 млн гектар алқапқа егілді. Дәнді дақылдар 10 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,2 млн гектарға, мал азықтық дақылдар – 861,4 мың гектарға, мақта – 167,3 мың гектарға, көкөніс дақылдары – 109,1 мың гектарға, бақша дақылдары – 80,3 мың гектарға, картоп – 107,7 мың гектарға, қант қызылшасы – 22 мың гектарға егілді. Қазіргі уақытта 1,5 млн тонна тыңайтқыш жеткізуге келісімшарттар жасалып, 1,3 млн тоннасы жөнелтілді. Өңірлердің жергілікті бюджеттерінде 2026 жылға тыңайтқыш құнын субсидиялауға 56,3 млрд теңге қарастырылған. Аграрларға үздіксіз техникалық қолдауды 70 сервистік орталық қамтамасыз етеді.

В стране продолжается посевная кампания. На сегодня сельхозкультуры засеяны на площади 14,5 млн га. Основной объем приходится на зерновые – 10 млн га. Масличные культуры размещены на 3,2 млн га, кормовые – на 861,4 тыс. га, хлопчатник – на 167,3 тыс. га, овощные культуры – на 109,1 тыс. га, картофель – на 107,7 тыс. га, бахчевые – на 80,3 тыс. га, сахарная свекла – на 22 тыс. га. Заключены договоры на поставку 1,5 млн тонн минеральных удобрений, аграриям уже отгружено 1,3 млн тонн. На субсидирование стоимости удобрений в регионах предусмотрено 56,3 млрд тенге. Техническую поддержку аграриев обеспечивают 70 сервисных центров.

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Абай облысындағы халықпен кездесудегі қорытынды туралы

Мұратов Тимур Мұратұлы — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

29.05.2026 ж.

10:30

Тікелей эфир: rsk_abai

_

ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ

Об итогах рабочей поездки и встреч с населением области Абай

Муратов Тимур Муратович — вице-министра здравоохранения РК

29.05.2026 г.

10:30

Трансляция прямого эфира: rsk_abai

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

«Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз. Бұл орайда бүгін қабылданатын «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 млрд доллардан асты. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 млрд доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ көпжақты алаңдар, оның ішінде «Орталық Азия – Ресей» форматы аясындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Ресей Президенті Владимир Путин тең құқылы және өзара құрметке негізделген Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.

Келіссөздер барысында өндіріс, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

_

Глава государства Касым-Жомарт Токаев и Президент России Владимир Путин провели переговоры в узком и расширенном составах.

«Между нашими странами не существует каких-либо так называемых спорных вопросов. Есть только позитивная динамика, и мы неустанно развиваем сотрудничество, наполняя его новыми идеями и проектами. В этой связи особо хотел бы отметить значение принимаемого сегодня Совместного заявления «О семи основах дружбы и добрососедства народов Казахстана и России». Этот документ отражает дух наших взаимоотношений и закрепляет общую приверженность их углублению на прочной, долгосрочной основе», – сказал Касым-Жомарт Токаев.

Президент Казахстана отметил успешное развитие экономического сотрудничества: казахстанские вложения в экономику России превысили 9 млрд долларов, сформирован пул из 177 совместных проектов с общим объемом инвестиций почти 53 млрд долларов. Отдельное внимание уделено укреплению культурно-гуманитарных связей, взаимодействию двух стран в рамках многосторонних площадок, включая формат «Центральная Азия – Россия».

Президент России отметил, что российско-казахстанское сотрудничество динамично развивается на принципах равноправия и взаимного уважения.

В ходе переговоров также обсуждены перспективы совместных проектов в сферах промышленности, энергетики, транспорта и логистики, АПК, цифровизации.

Қазақстанда жолбарысты оның тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңі басталды. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресейден әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді. Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.

Жолбарыстар мамандардың бақылауына алынды. Табиғи мекендеу ортасына жіберер алдында жолбарыстарға спутниктік қарғыбаулар тағылып, бұл олардың қозғалысын тұрақты бақылауды және мамандардың жедел әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру өңірдегі ең маңызды табиғат қорғау бастамаларының бірі ретінде қарастырылады.

В Казахстане стартовал ключевой этап программы по возвращению тигра в его исторический ареал. В государственный природный резерват «Иле-Балхаш» из России доставлены четыре амурских тигра – две взрослые особи и два тигренка. Животные были отловлены в дикой природе в Хабаровском крае и переданы в рамках международного сотрудничества по восстановлению популяции крупного хищника в Центральной Азии.

Сейчас тигры находятся под наблюдением специалистов. Перед выпуском в естественную среду обитания тигры будут оснащены спутниковыми ошейниками, что обеспечит постоянный мониторинг их перемещений и оперативное реагирование специалистов.

Реализация проекта рассматривается как один из наиболее значимых природоохранных инициатив в регионе.

Қазақстан мен Ресей пилотсыз режимдегі алғашқы халықаралық тасымалды іске қосты

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысының көлік саласына жаңа технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы жұмыстың маңызды кезеңдерінің бірі Қазақстан мен Ресей бірлесіп жүзеге асырған алғашқы халықаралық пилотсыз жүк тасымалы жобасы болды. Жоба аясында маршруттың жекелеген учаскелері екі ел аумағында пилотсыз режимде жүріп өтті. Рейс бір уақытта Мәскеу – Астана және Астана – Мәскеу бағыттары бойынша ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

Екі елдің Көлік министрліктері «КАМАЗ» компаниялар тобымен бірлесіп, бірегей жобаны – екі елдің астаналары арасындағы жүк автокөлік құралдарының пилотсыз жүруін сәтті жүзеге асырды. Алғашқы сынақ рейсі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды кезеңіне айналды және тараптардың жоғары технологиялық көлік секторын белсенді дамытуға дайын екендігін көрсетті.

Сынақ рейс барысында мамандар пилотсыз жүйелердің негізгі жұмыс тетіктерін тексерді. Атап айтқанда, маршрут бойындағы байланыс сапасы, жолдың цифрлық көшірмесінің дәлдігі, сондай-ақ байланыс болмаған жағдайдағы көліктің әрекеті сыналды. Бұл жоба Еуразиялық экономикалық одақ аясында пилотсыз тасымалдарға қатысты үйлестірілген заңнаманы қалыптастыруға жасалған алғашқы қадам болды.

Пилотсыз технологиялар көлік саласын қауіпсіздік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан жаңа деңгейге шығарады. Оның басты артықшылықтарының бірі – жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі саналатын адам факторын барынша азайту.

Сонымен қатар, жоба әлемдік логистика саласындағы басты мәселелердің бірі – жүк көлігі жүргізушілерінің тапшылығына технологиялық жауап болмақ. Егер жүргізуші орта есеппен тәулігіне шамамен 8 сағат көлік жүргізсе, пилотсыз көлік іс жүзінде тәулік бойы жұмыс істей алады. Бұл тасымал өнімділігін едәуір арттырып, рейстер санын бірнеше есеге көбейтуге мүмкіндік береді.

Үздіксіз жұмыс, жоғары дәлдік пен қауіпсіздіктің күшеюі заманауи логистиканың жаңа стандартын қалыптастырады. Мұндай артықшылықтар көлік бағыттарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жүк тасымалы көлемін ұлғайтуға және Еуразия кеңістігінің транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында пилотсыз жүк автокөліктері шамамен 3000 шақырымдық бағытты екі тәулікте жүріп өтіп, жол жүру уақытын екі еседен астам қысқартты.

Пилотсыз технологияларды енгізу пайдалану шығындарын азайтуға, бос тұрып қалу уақытын қысқартуға және халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба пилотсыз тасымалдарды одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін көрсетті. Қазіргі таңда тараптар мұндай тасымалдарды кең көлемде енгізу үшін қажетті институционалдық база мен инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстарын бастады.

Қазақстан мен Ресей президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Қазақстанға жасаған сапары жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қарым-қатынастардың ерекше сипатын көрсететінін атап өтті.

– Қазақстан үшін ең әуелі Ресеймен жақын әрі достық байланыстар айрықша маңызды десек, артық болмайды. Бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық барлық салада сенімді түрде дамып келеді әрі оны мемлекетаралық байланыстардың нағыз үлгісі деп атауға болады. Біз шағын құрамда нәтижелі келіссөз жүргізіп, сан қырлы серіктестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық. Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Тек оң динамика байқалады. Осы қарқынды сақтап, жаңа жобалар мен бастамалар арқылы ынтымақтастықты дамыта береміз.

Бұл орайда бүгін қабылданатын «Қазақстан және Ресей халықтары арасындағы достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы» бірлескен мәлімдеменің маңызын ерекше атап өткім келеді. Аталған құжат қарым-қатынасымыздың сипатын танытады және оны ұзақмерзімді негізде тереңдетуге бейіл екенімізді көрсетеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлемдегі күрделі ахуалға қарамастан, екіжақты ықпалдастық, әсіресе, экономика саласында табысты өрбіп келеді. Өңіраралық ынтымақтастық форумдарын өткізу дәстүрге айналды.

– Ресей Қазақстан экономикасына қаржы құйған елдердің арасындағы ең ірі инвестор саналады. Қазақстанның Ресей экономикасына салған қаржысы 9 миллиард доллардан асты. Бұл – өте жақсы көрсеткіш, екі ел президенттерінің әкімшіліктері мен үкіметтерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі. Осы қарқынды ары қарай жалғастыруға уағдаластық. Бүгінде инвестицияның жалпы көлемі 53 миллиард доллар болатын 177 бірлескен жобаның пулы жасақталды, оның ішінде 122-сі іске асырылды, яғни, операциялық кезеңге өтті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы маусымның басты ерекшелігі – жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.

2026 жылы күрделі жөндеу аясында 25 нысан бойынша жалпы 321 км автомобиль жолдары қамтылды, олардың 19-ы өткен жылдан өтпелі, ал алтауы – жаңа нысандар. Маусым басынан бері негізгі жұмыстар жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға шоғырланған.

Жоспарланып, орындалған жұмыстар аясында 231 км-де негіздің төменгі қабаты, 190 км-де негіздің жоғарғы қабаты, 230 км-де жабынның төменгі қабаты және 78 км-де жабынның жоғарғы қабаты салу жұмыстары атқарылып жатыр.

Сонымен қатар ағымдағы жылы 124 нысан құрамында 69 өтпелі және 55 жаңа учаскені қамтитын жалпы 3,7 мың км автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

Бұл жұмыстар шеңберінде де негізгі көлем жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға тиесілі: маусым басынан бері жоспарланып, негіз қабатын салу жұмыстары жүргізілуде – 1,1 мың км-де, жабынның төменгі қабаты – 1,8 мың км-де, ал жабынның жоғарғы қабаты – 2,4 мың км-де орындалуда.

Семейдегі Мичурина көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Семей қаласындағы Мичурина көшесінде ауқымды жол жөндеу жұмыстары қолға алынды. Көптен бері тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселе назарға алынып, жөндеу жұмыстары жоспарланған уақыттан ерте басталған.

Қазіргі таңда көшедегі ескі асфальт толықтай алынып жатыр. Арнайы техникалар жұмылдырылып, жолды жаңартуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жолға екі қабат жаңа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар да толық жаңартылмақ.

Айта кетейік, бұл көше тұрғындар үшін маңызды жолдардың бірі саналады. Сондықтан жол сапасын жақсарту мен көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау - негізгі мақсаттардың бірі. Қазір жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

Национальный проект по модернизации энергетики и ЖКХ обсудили в Семее

Износ коммунальной и энергетической инфраструктуры остается одной из ключевых проблем Казахстана. Большая часть инженерных сетей была построена еще в советский период и сегодня во многих регионах практически исчерпала свой ресурс. Это напрямую влияет на качество тепло-, водо- и электроснабжения, а также повышает риск крупных аварий. На необходимость системной модернизации отрасли неоднократно обращал внимание Глава государства.

Для комплексного обновления инфраструктуры в стране реализуется Национальный проект «Модернизация энергетического и коммунального секторов» на 2025–2029 годы. Он предусматривает реконструкцию и строительство объектов тепло-, электро- и водоснабжения, а также систем водоотведения.

В Семее прошел воркшоп «Национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов: механизмы реализации и коммуникационное сопровождение». В ходе встречи представители профильных ведомств, эксперты и специалисты обсудили ход реализации проекта, дальнейшие планы и вопросы взаимодействия между государственными органами, коммунальными предприятиями и населением.

Заместитель председателя Комитета по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики РК Нурлан Болатбаев отметил, что проект охватывает два ключевых направления – коммунальные сети и генерацию энергии. По его словам, текущее состояние инженерной инфраструктуры требует масштабного обновления.

– Большинство коммунальных сетей были построены еще в советское время. Есть объекты, введенные уже в годы независимости, однако многим из них сегодня около 30 лет. Оборудование естественным образом изнашивается. В среднем по стране уровень износа инженерных сетей составляет около 60%, а в отдельных регионах достигает 90%. Работа по ремонту велась и ранее, однако модернизации такого масштаба в Казахстане еще не было. Основная задача проекта – снизить аварийность и довести уровень износа минимум до 40%, – сказал Нурлан Болатбаев.

Он также подчеркнул, что при реализации проекта предусмотрены механизмы, направленные на защиту потребителей от резкого роста тарифов.

– За счет привлечения «длинных денег», а также субсидирования через Национальный фонд и республиканский бюджет удастся избежать резкого повышения тарифов, особенно для населения. В области Абай работа по линии МЭКС уже началась, однако существенного роста тарифов не наблюдается. Кроме того, проект станет дополнительной поддержкой для отечественных производителей. Речь идет более чем о двух тысячах товарных позиций – трубах, задвижках, элементах электросетей. Это не только продукция, но и новые рабочие места, – отметил он.

Заместитель председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства РК Нурсултан Керемкулов сообщил, что в рамках нацпроекта модернизация затронет и очистные сооружения.

– По нашему направлению предусмотрено привлечение порядка 1,9 трлн тенге. Эти средства планируется направить на строительство и реконструкцию 6 тысяч километров сетей водоснабжения, 2,8 тысячи километров канализационных сетей, а также на строительство и модернизацию канализационно-очистных сооружений в 45 городах страны, – сообщил Нурсултан Керемкулов.

Как отметили участники встречи, реализация национального проекта позволит снизить уровень аварийности, обновить изношенную инфраструктуру и создать условия для строительства новых источников генерации энергии. По завершении воркшопа участники обсудили практические вопросы реализации проекта и обменялись мнениями.

РЕГИОНАЛЬНАЯ СЛУЖБА КОММУНИКАЦИЙ ОБЛАСТИ АБАЙ

Семейде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба талқыланды

Коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымның тозуы Қазақстандағы негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Инженерлік желілердің басым бөлігі кеңестік кезеңде салынған және бүгінде көптеген өңірлерде олардың пайдалану мерзімі іс жүзінде таусылған. Бұл жылу, су және электрмен жабдықтау сапасына тікелей әсер етіп, ірі апаттар қаупін арттырады. Саланы жүйелі түрде жаңғырту қажеттігіне Мемлекет басшысы бірнеше рет назар аударған болатын.

Инфрақұрылымды кешенді жаңарту мақсатында елімізде 2025–2029 жылдарға арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында жылу, электр және сумен жабдықтау нысандарын, сондай-ақ су бұру жүйелерін қайта жаңғырту мен салу көзделген.

Семей қаласында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба: іске асыру тетіктері және коммуникациялық сүйемелдеу» тақырыбында воркшоп өтті. Кездесу барысында салалық ведомстволардың өкілдері, сарапшылар мен мамандар жобаның жүзеге асырылу барысын, алдағы жоспарларды және мемлекеттік органдар, коммуналдық кәсіпорындар мен халық арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев жобаның екі негізгі бағытты – коммуналдық желілер мен энергия генерациясын қамтитынын атап өтті. Оның айтуынша, инженерлік инфрақұрылымның қазіргі жағдайы ауқымды жаңғыртуды талап етеді.

– Коммуналдық желілердің басым бөлігі кеңестік кезеңде салынған. Тәуелсіздік жылдары пайдалануға берілген нысандар да бар, алайда олардың көпшілігінің бүгінде 30 жылға жуық мерзімі бар. Жабдықтар табиғи түрде тозады. Ел бойынша инженерлік желілердің орташа тозу деңгейі шамамен 60 пайызды құрайды, ал кейбір өңірлерде 90 пайызға дейін жетеді. Жөндеу жұмыстары бұған дейін де жүргізілді, бірақ Қазақстанда мұндай ауқымдағы жаңғырту бұрын-соңды болмаған. Жобаның негізгі міндеті – апаттылық деңгейін төмендетіп, тозу деңгейін кемінде 40 пайызға дейін жеткізу, – деді Нұрлан Болатбаев.

Сондай-ақ ол жобаны іске асыру барысында тұтынушыларды тарифтердің күрт өсуінен қорғауға бағытталған тетіктер қарастырылғанын айтты.

– «Ұзақ мерзімді қаражаттарды» тарту, сондай-ақ Ұлттық қор мен республикалық бюджет арқылы субсидиялау есебінен, әсіресе халық үшін тарифтердің күрт өсуіне жол берілмейді. Абай облысында МЭКС желісі бойынша жұмыстар басталып кетті, алайда тарифтердің айтарлықтай өсуі байқалмайды. Сонымен қатар жоба отандық өндірушілерге қосымша қолдау болады. Әңгіме екі мыңнан астам тауар түрі – құбырлар, ысырмалар, электр желілерінің элементтері туралы болып отыр. Бұл тек өнім ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындары, – деді ол.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов ұлттық жоба аясында тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары да жүргізілетінін хабарлады.

– Біздің бағыт бойынша шамамен 1,9 трлн теңге тарту көзделген. Бұл қаражатты 6 мың шақырым су құбыры желілерін, 2,8 мың шақырым кәріз желілерін салу мен қайта жаңғыртуға, сондай-ақ еліміздің 45 қаласында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және жаңғыртуға бағыттау жоспарланып отыр, – деді Нұрсұлтан Керемқұлов.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, ұлттық жобаны жүзеге асыру апаттылық деңгейін төмендетуге, тозған инфрақұрылымды жаңартуға және жаңа энергия генерациясы көздерін салуға мүмкіндік береді. Воркшоп соңында қатысушылар жобаны іске асырудың практикалық мәселелерін талқылап, пікір алмасты.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ