Архив доступен 328 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Бағлан Ибрагим Лисаков қаласында өтіп жатқан спорттық және жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының алғашқы күні басталғанын айтты

Самбодан Азия ойындарының жеңімпазы әрі Жетібай ауылдық спорт мектебі басшысы бұл жарысқа Маңғыстау облысының спортшыларына қолдау көрсету үшін арнайы келгенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол барлық қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жарақатсыз әрі тартысты белдесулер болуына ниет білдірді

Спорттық және жауынгерлік самбодан Қостанай облысы Лисаковск қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Орал қаласында өтіп жатқан Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің бірінші күнінде Маңғыстаулық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті

Нұрсұлтан Жұбатқан орын

Жақсылық Жасар орын

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Турнирдің басты мақсаты — дзюдо спортын дамыту, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және Асқар Шайхиевтің жарқын есімін ұлықтау.

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

Аталған жарысқа еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтауда. Турнирдің басты мақсаты — дзюдо спортын дамыту, жас спортшылардың тәжірибесін арттыру және Асқар Шайхиевтің жарқын есімін ұлықтау.

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің қола жүлдегері Маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатқан

Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің қола жүлдегері Маңғыстаулық Жақсылық Жасар

Oрал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтуде.

Турнирдің арнайы қонағы — спорттық комментатор әрі спорт жанашыры Жандос Қонысбаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, бұл жарыстың басты ерекшеліктерінің бірі — жеңімпаздар арасында автокөлік ұтып алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!

Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ашық республикалық турнирдің жалауы көтерілді

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар татамиде өз шеберліктерін сынға салуда. Бұл жарыс — тек мықтыларды анықтайтын дода ғана емес, қазақ дзюдосының дамуына үлес қосқан азаматтың есімін ұлықтайтын маңызды спорт мерекесі.

Маңғыстау өңірінен келген спортшыларға ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, МО спортты дамыту дирекциясының басшысы Манарбек Жұбатқанұлы ақ жол тілеп, жеңіске деген жігер мен сенім білдірді.

Жарысқа қатысушы барлық балуандарға сәттілік, әдемі белдесулер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Маңғыстаудың намысын абыроймен қорғап, биік тұғырдан көріне беріңіздер!

Дзюдодан 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирі жоғары деңгейде өз мәресіне жетті

Спорттық самбодан спорт шеберлері арасында Азия және Океания чемпионы - Талпақұлы Сәндібек.

Дзюдодан 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Еліміздің әр өңірінен келген жас дзюдошылар бас қосқан дүбірлі дода жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты белдесулерге толы болды. Жас спортшылар боз кілемде өздерінің шеберліктерін, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.

Маңғыстау облыстық дзюдо бөлімінің жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Ерғазы Бағдат турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарыстың өскелең ұрпақ үшін үлкен тәжірибе алаңы болғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол жасөспірімдер спортына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқан Маңғыстау облыстық спортты дамыту дирекциясының басшысы Манарбек Жұбатқанұлы Бисекеновке және жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар ұсынып, демеушілік жасаған Маңғыстау облыстық самбо федерациясының президенті Серік Көшербайұлы Байжановқа алғысын білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірілді.

Жас спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз

Дзюдодан 2011–2012 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жарыс барысында үздік өнер көрсеткен спортшылар арнайы марапатталып, өз жетістіктерінің лайықты бағасын алды.

Дзюдодан 2011–2012 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирі жоғары деңгейде өтті. Турнир барысында жас спортшылар татамиде өз шеберліктерін, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, тартысқа толы белдесулер өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

–38 кг

Жолдасқали Төрехан (Атырау)

Ерхан Мақсұт (Жаңаөзен)

Тәтіғали Мадияр (Атырау)

Серік Шалқар (Атырау)

–42 кг

Ысса Арсен (Астана)

Заңғар Әлібек (Астана)

Мүслімұлы Сабыр (Интернат)

Ермахан Ыбырайым (Астана қ.)

–46 кг

Кубиев Алихан (Атырау облысы)

Маратов Сержан (Атырау облысы)

Меке Сағадат (Маңғыстау ауданы)

Тобышбай Нұртілеу (Жаңаөзен)

–50 кг

Серікқали Мейіржан (Интернат)

Серік Бекарыс (Интернат)

Айбарұлы Рамазан (Атырау)

Сағындық Мансұр (Мұнайлы)

–55 кг

Аяпберген Ясин (Интернат)

Бұхарбай Нұрислам (Астана)

Жақсылық Дания (Мұңал)

Әлібек Заңғар (Астана)

–60 кг

Амантай Бекарыс (Астана)

Абу Даут (Атырау)

Абдуғали Ерболат (Атырау)

Кеңес Мейіржан (Қызылтөбе ауылы)

–66 кг

Құрманбек Абылайхан (Астана)

Мырзабай Абылайхан (Астана)

Ардақ Нұрқадам (Жаңаөзен қ.)

Бауыржан Ерсұлтан (Атырау)

–73 кг

Берен Нұрсат (Астана)

Қуантқан Расул (Интернат)

Мединаев Арсен (Жас батыр)

Сарсенбай Бекасыл (Интернат)

+73 кг

Темірхан Арнат (Маңғыстау ауданы)

Тіркеш Берекет (Жаңаөзен қ.)

Жұмабай Жандаулет (Ақшұқыр)

Тоғжан Даниял (Интернат)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Дзюдодан 2011–2012 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирі жоғары деңгейде өтті. Турнир барысында жас спортшылар татамиде өз шеберліктерін, қайсарлықтары мен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, тартысқа толы белдесулер өткізді.

Турнир қорытындысы бойынша қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

–36 кг

Нұрболат Зере (Астана қ.)

Тажаддин Мөлдір (Шоғы батыр)

Ходжамұрат Аяжан (Шоғы батыр)

Ибрагим Меруерт (Мұнайлы ауданы)

–40 кг

Ермекбай Амира (Мектеп-интернат)

Сексенбай Арай (Бейнеу мектеп)

Өтебай Айзере (Ақтөбе облысы)

Молбай Нұрдана (Жаңаөзен ФОК)

–44 кг

Сахабадин Маржан (Қызылорда қ.)

Абуғали Зүлфия (Интернат)

Мыңжас Қаусар (Жаңаөзен ФОК)

Рабаева Қазына (Интернат)

–48 кг

Байсагенова Мөлдір (Интернат)

Алтыбай Айназ (Жаңаөзен ФОК)

Русланқызы Айзере (Ақтөбе қ.)

Қайрулла Інжу (Ақтөбе қ.)

–52 кг

Жетекбай Сымбат (Жас батыр)

Нұртай Инабат (Жаңаөзен)

Сағындық Айсана (Интернат)

Болат Шұғыла (Атырау облысы)

–57 кг

Абдуалиева Гүлбаршын (Қызылорда қ.)

Исабай Адина (Интернат)

Ордабек Аруна (Рахат с/к)

Азиғали Әсел (Атырау облысы)

–63 кг

Төлеген Адина (Жас батыр)

Умарова Дамира (Атырау)

Қабажан Аяжан (Жаңаөзен)

Айтбайқызы Айару (Интернат)

+63 кг

Бабаджанова Тұрсынай (Ақшұқыр ауылы)

Ерқуатқызы Аружан (Жетібай ауылы)

Тұрдыбай Тахмина (Басқұдық с/к)

Мадиярқызы Жаннұр (Қайсар с/к)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласында өткен дзюдодан 2012-2013ж.т. кіші жасөспірімдер мен қыздар арасындағы облыстық турнирі өз мәресіне жетті.

Жарыс қортындысы бойынша «CHAMPION» клубының шәкірттері жақсы нәтиже көрсетіп, жүлдері орындарға ие болды!

МАРИЯМ ЯУЗАДА – 36 келі

АЙҒАНЫМ ӘДІЛ – 44 келі

МЕДИНА ЯУЗАДА – 36 келі

ДІНМҰХАНБЕТ ЖЕЗДІБЕК – 32 келі

ДІНМҰХАММЕД ТАКЕНОВ – 29 келі

Бапкер-жаттықтырушы

Аман Еламан @elamanov.kzz

Жеңіспен шын жүрекпен құттықтаймыз!

дзюдо чемпион қазақстан

Халықаралық дәрежедегі төреші Данияр Айтмбетов 2011–2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық дзюдо турниріне жоғары баға берді

Дзюдодан 2011-2012 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Ер Қосай Құдайкеұлы» жүлдесіне арналған XVIII республикалық турнирі жоғары деңгейде жалғасуда!

Аталған дүбірлі додаға арнайы қонақ ретінде “Жетібай” ауылдық спорт мектебінің басшысы Ибрагим Бағлан қатысып, жас спортшыларға ақжарма тілегін білдірді. Ол турнирдің жасөспірімдер үшін үлкен тәжірибе алаңы екенін айтып, әр баланың болашақта ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғайтын чемпион болуына сенім білдірді.

Сонымен қатар, жас дзюдошыларға сәттілік тілеп

“Бүгінгі татамиде төгілген тер-ертеңгі үлкен жеңістің бастауы. Әлем және Олимпиада шыңдарын бағындырып, көк туымызды биікте желбірететін спортшылар көп болсын!”-деген ізгі лебізін жеткізді.

қатысты.

Ол өз сөзінде бала күнінен спортпен етене өскен жан ретінде бүгінгі жарыстың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті.

«Өзім де бала кезімде өмірімді спортқа арнадым. Сондықтан бүгінгі турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен үшін ерекше әсер қалдырды. Жас спортшыларға барлық жағдай жасалған. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! Ешқашан тоқтамаңыздар, әрдайым алға ұмтылыңыздар!» — деді Әсемгүл Адамбай.

Жас батырларға жігер сыйлаған чемпион!

Сурдо дзюдодан Олимпиада чемпионы Хамзе Ғұлама жасөспірім спортшыларға сәттілік тілеп, Ер Қосай Құдайкеұлы атындағы дәстүрлі турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатқанын ерекше атап өтті.

Чемпион өз сөзінде

“Бұл турнир — талай жас спортшының үлкен аренаға жол ашатын маңызды жарысы. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!” — деп, жас балуандарға ақжарма тілегін жеткізді.

Айта кетейік, Хамзе Ғұлама де кезінде осы Ер Қосай Құдайкеұлы турниріне жасөспірім шағында қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Бүгінде ол — ел мақтанышына айналған чемпион.

Биыл дүбірлі дода 18-рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын жас таланттардың бағын ашып келе жатқан турнирдің беделі артып, деңгейі биіктей түсуде.