Архив доступен 443 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Бүгін Абай облысындағы бірқатар елді мекендер ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде

Бүгін, 2026 жылғы 28 маусымда Абай облысындағы Абай ауданы Құндызды ауылдық округінің, Аягөз ауданы Байқошқар ауылдық округінің, Бородулиха ауданы Бородулиха, Новошульба және Красный Яр ауылдық округтерінің және Жаңасемей ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімдерін сайлауы өтуде.

t.me/abaiaqparatkz

Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист кім?

Нәзипа Құлжанова ағартушы, аудармашы әрі қоғам қайраткері ретінде ұлт руханиятының дамуына зор үлес қосты.

Ұлттық өнерді ұлықтауға да атсалысқан ол қазақ әндерін жинаушы Александр Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем» және «Қадыр зары» әндерін нотаға түсірткен.

Ал 1913 жылдан бастап «Қазақ» газетінде әйел теңдігі мен ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер жөнінде мақалалар жариялап тұрды.

Толығырақ видеодан көріңіз.

Елімізде қанша БАҚ жұмыс істейді?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 5303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.

Оның ішінде

3181 – мерзімді баспасөз басылымы

253 – телеарна

97 – радиоарна

1457 – ақпарат агенттігі мен интернет-басылым

315 – шетелдік телеарна.

Сондай-ақ медиа саласы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Масс-медиа туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдармен реттеледі.

Кадр сыртындағы режиссерлердің жұмысымен таныс болыңыздар

Шығармашылық пен шеберліктің артындағы қызықты сәттерді бірге көрейік

абайоблысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» халықаралық форумында сөйлеген сөзінен

Президент туралы заңның басты жаңалығы неде?

Президент туралы заң

ҚР Президентінің құқықтық мәртебесін

Өкілеттіктерін және қызметін

Вице-Президенттің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы

Вице-Президент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды.

Мемлекет басшысы конституциялық заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы биыл 15 наурызда референдумда қабылданған конституциялық заңдарға қол қойды. Бұл құжаттар Президенттік басқару жүйесін, заң шығарушы билік құрылымын және қоғамдық диалог тетіктерін жаңаша айқындайды.

Елде Вице-Президент институты енгізіледі. Одан бөлек Халық кеңесі құрылады. Жаңа конституциялық заңға сәйкес, Құрылтай жасақталады. Құрылтай – заң шығараратын ең жоғары орган болмақ. Оған партиялық тізім бойынша сайланған 145 депутат қабылданады.

Қазақстан шетел инвестициясын тарту көрсеткіші бойынша көш бастап тұр

«Елімізде Үкімет жанынан Инвестициялық штаб құрылған. Сонымен қатар Президент Жарлығымен Бас Прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Біз іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде осы саладағы жұмысты айрықша назарда ұстаймыз», - деді Президент.

Президент: Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі

Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі.

«Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін», - деді Президент жиында.

Абай облысында мал шаруашылығын дамыту бағытында кешенді даму жоспары бекітілді. Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес қой шаруашылығын дамытудың 2026 жылға арналған салалық бағдарламасы әзірленді. Оның аясында 300 бас асыл тұқымды қой сатып алу және 3 бордақылау алаңын салу көзделген. Нәтижесінде ұсақ мал саны 1,2 млн бастан 2,2 млн басқа дейін жеткізілмек.

Бұдан бөлек, «Кең дала» мемлекеттік бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Абай облысының аграршыларына 14 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржы бөлінді. Қазіргі таңда өңірде майлы дақылдарға басымдық беріліп, оларға 340 мың гектар жер бөлінген. Сонымен қатар жүгері егісінің көлемі 8 мың гектардан 10 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

Өңірде азық-түлік өндірісінің көлемі 129,5 пайызға артты. Қазіргі таңда облыста 5 сүт өңдеу кәсіпорны мен майлы дақылдарды өңдейтін 8 ірі зауыт табысты жұмыс істеп тұр.

абайоблысы

Ақсуат ауданындағы Құмкөл ауылына апаратын көпір пайдалануға берілді

В селе Кумколь Аксуатского района введен в эксплуатацию мост

Facebook | Instagram | gov.kz

Ойшілік ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Бұл – ауыл тұрғындары үшін салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың спортпен тұрақты айналысуына жол ашатын маңызды нысан.

абайоблысы

Ақсуат ауданы Кұмкөл ауылында жаңадан көпір пайдалануға берілді

Толығырақ жаңалықтарымыздан көріңіздер

абайоблысы

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңы

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» конституциялық заңы

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» конституциялық заңы

«Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» конституциялық заң.

Оқушылар Enbek.kz порталы арқылы жұмысқа тұра алады

Елімізде 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бірақ белгілі бір шектеулер бар.

14-16 жас аралығындағы балалардың жұмыс уақыты аптасына 24 сағат, яғни күніне 4 сағаттан аспауы тиіс. Ал 16-18 жас аралығындағы жастар аптасына 36 сағат, демек күніне 6 сағатқа дейін еңбек ете алады.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жұмыс істетуге, үстеме тапсырмалар беруге, вахталық қызметке алуға, ауыр және денсаулыққа зиян жұмыстарға тартуға тыйым салынады.

Enbek.kz порталында «Менің жазғы демалысым» деп аталатын оқушыларды жұмыспен қамтитын арнайы бөлім іске қосылды. 5 мың 300 оқушы қазір осы мүмкіндікті пайдаланып, ресми түрде жұмыс істейді.

Биыл мүгедектігі бар жандардың жәрдемақысы 10 пайызға көбейді

Соңғы жылдары елімізде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілді.

2022 жылдан бері медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай-ақ қажетті рәсімдерден өтуге мүмкіндік беретін мүгедектікті тағайындаудың сырттай проактивті форматы енгізілді.

Бүгінгі таңда куәландырудың 45%-дан астамы онлайн-форматта жүргізіледі.

2026 жылдан бастап мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 10%-ға артты.

Төлем мөлшері

I топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 200 мың теңгеге дейін

II топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 154 мың теңгеге дейін

III топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін – 117 мың теңгеге дейін.

Жарыс жолындағы спортшылар үшін көк ту көтерілгенде жүректі мақтаныш пен құрмет кернейді. Бұл керемет сәтті ел намысы, төгілген тер мен үлкен жауапкершілікті арқалаған спортшылар халықаралық жарыстарда сезіне алады. Өйткені тудың көтерілуі спортшы үшін басты марапат. Тілшіміз Семейдің боксшы қызы Жанель Имантаевамен кездесіп келді.

абайоблысы

2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды. Қазақстан бұл бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде ұсынған болатын. Бүгінде еліміздегі еріктілер қозғалысы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Абай облысы – бұл бағыттағы жұмыстар нақты нәтижесін беріп отырған өңірлердің бірі.

абайоблысы

Облыста әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін арттыруға бағытталған «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы аясында екі күндік оқыту семинары өтті. Жоба қатысушыларға көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, жаңа білім мен тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

абайоблысы

Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде Мемлекеттік Әнұран шырқалып, Көк байрағымыз көкте желбіреді. 4 маусым – егемен еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні. Айтулы мерекеге орай, Семейдегі Республика алаңына қала тұрғындары жиналды.

абайоблысы