Архив доступен 386 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

«Бір толқындағы» жарқын жүздесулер

Шәкәрім университетіне Павлодар қаласындағы Ә. Марғұлан атындағы педагогикалық университеті мен Торайғыров университетінен мәртебелі меймандар арнайы келді.

Ғасырға жуық тарихы бар университетпен серіктестік байланысын берік орнатқан екі жоғары оқу орнының делегациясын Шәкәрім унверситетінің ректоры Думан Орынбеков бастаған білікті ғалымдар, жоғары санатты ұстаздар қауымы зор ілтипатпен қарсы алды.

«Бір толқында» атты өңірлік оқу орындарының ынтымақтастық мақсаттағы маңызды кездесуі Абай мен Шәкәрім бейнесін сомдап, ұлы тұлғалардың жырлары мен өсиетін жеткізген шағын сахналық көріністен бастау алды. Бас ғимаратқа енген қонақтар университеттің ғылым саласындағы жетістіктері мен ізденістерін айқындайтын ғылыми көрмені тамашалады.

Толығырақ: https://shakarim.university/kk/news/bir-tolqyndagy-zarqyn-zuzdesuler

Қазақстан мен Еуропалық комиссия ғылыми-инновациялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп жатыр

Текст материала отсутствует.

Текст материала отсутствует.

Су шаруашылығы мамандарына сұраныс мол

Бүгін Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков пен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты Су ресрустарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы өзара байланысты нығайтатын «Ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қойды.

Кездесу барысында қос тарап еліміздегі және әлем бойынша суды пайдалану жайына қатысты өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Университет ректоры Думан Рымғалиұлы жаңа кезеңде екі жақты келісімге келумен қатар, оқу орнында су шаруашылығына қатысты мамандар даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

Толығырақ: https://shakarim.university/kk/news/su-saruasylygy-mamandaryna-suranys-mol

Сонымен қатар, Абай ауданы бойынша 15 «Алтын белгі» үміткеріне «Шәкәрім білім грантының» сертификаттары ұсынылып, болашақ білім алушыларға қолдау көрсетілді. 2024 жылы облыс бойынша 224 «Алтын белгі» үміткеріне сертификат ұсынылса, 2025 жылы – 363, ал биыл 434 түлекке табысталып отыр.

Шәкәрім университеті өңірдегі іргелі ғылыми-инновациялық орталық ретінде ғылым мен өндіріс арасындағы алтын көпірді бекемдей отырып, экономиканың нақты секторымен өзара ықпалдастықты тереңдету бағытындағы жүйелі жұмыстарын табысты жалғастырып келеді.

Өңірдің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бұл мазмұнды басқосу ғылым, білім және өндіріс салаларының өзара ықпалдастығын жаңа деңгейге көтеріп, аймақ дамуына тың серпін береді.

Шәкәрім университетіндегі «Толағай»

Шәкәрім университетінде «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Толағай» жазғы лагері жұмысын бастады.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру, достық қарым-қатынас қалыптастыру және ұлттық, рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған лагерьдің ашылу салтанаты «Балаларды қорғау күнімен» тұспа-тұс келді.

Лагерь жұмысы сауықтыру-денсаулық сақтау, танымдық-зияткерлік шығармашылық, патриоттық тәрбие, балалардың елін, жерін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, экологиялық, коммуникативтік-әлеуметтік, мәдени-эстетикалық, көптілділік және тіл дамыту, ғылыми-танымдық бағыттарды қамтиды.

Ұлт жадындағы жара: Шәкәрім рухына құрмет көрсетілді

31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің құрбандарын еске алатын күн. Бұл дата – саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық нәубетінің зардабын тартқан миллиондаған тағдырдың мұңын ұмытпауға үндейтін, тарихи жадымызды жаңғыртатын сәт.

Осыған орай Шәкәрім университетінің ұжымы ұлы ойшыл, ақын, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Жиында сөз сөйлеген университет ректоры Думан Орынбеков тарихи әділеттілікті сақтау мен ұлттық жадыны жаңғыртудың маңызын атап өтті.

Тарих – өткеннің шежіресі ғана емес, келешектің де бағдары. Ұлттың рухани тұтастығы тарихи жадтың беріктігімен өлшенеді. Сондықтан саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу – өткенге құрмет қана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.

Рухани мұра және Конституция қағидаттары

Бүгінгі қоғам үшін рухани тәрбие мен құқықтық сананы қатар дамыту – аса маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Шәкәрім университетінің білім алушыларына «Тілдік коммуникация» кафедрасының оқытушысы Айзат Мұқатаева «Шәкәрім философиясы және Конституция құндылықтары» тақырыбында ашық дәріс өткізді.

Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жастардың Конституцияға деген құрмет сезімін арттыру, оларды адамгершілікке, әділет пен адалдыққа тәрбиелеу.

Дәріс аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасы кеңінен талқыланды. Ойшылдың адам өміріндегі адалдық, ар-ұждан, әділет, мейірім сынды қасиеттерді ең биік құндылық деп бағалағаны айтылды. Бұл қағидалар бүгінгі құқықтық мемлекет құндылықтарымен де сабақтасып жатыр.

Толығырақ: https://shakarim.university/kk/news/ruxani-mura-zane-konstituciia-qagidattary

Достар, қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді! Енді дзюдо Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде де жаңа деңгейде дамитын болады.

Меніңше, спорт студенттік өмірдің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Көптеген шетелдік университеттерде талапкердің тек академиялық үлгеріміне ғана емес, спорттағы жетістіктеріне де назар аударылады. Өйткені спорт адамға қайсар мінез, тәртіп, табандылық пен өз-өзіңмен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырады.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұл - еліміздегі студенттік спортты дамыту жолындағы маңызды қадам. IJF және Jenys International Sports Foundation ұйымымен бірлесіп, дзюдоны Қазақстанның жоғары және техникалық білім беру жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуді бастаймыз. Біз тек жарыстар мен спорт секциялары туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл - жастар арасында рух мықтылығы, құрмет, сабыр мен ішкі тәртіп мәдениетін қалыптастыруға жасалған инвестиция.

Ең маңыздысы - бұл бастама жүйелі түрде жүзеге асады. Халықаралық дзюдо федерациясы серіктестерімен бірге оқу орындарын қажетті инфрақұрылыммен және жабдықтармен қамтамасыз етеді: татами, кимоно, спорттық құралдар және толыққанды жаттығуға қажет барлық жағдай жасалады. Студенттеріміз үшін үлкен мүмкіндік. Олар заманауи жағдайда жаттығып, тек физикалық тұрғыдан емес, тұлғалық жағынан да дами алады.

Дзюдо философиясы біздің дүниетанымымызға өте жақын. Оның негізінде үлкенге құрмет, команда алдындағы жауапкершілік, жеңістегі парасат пен жеңілістегі сабыр жатыр. Мұндай құндылықтар Ұлы дала мәдениетінің де ажырамас бөлігі болған.

Алдағы уақытта студенттік лигаларды дамыту, жарыстар өткізу, университеттер мен колледждердің спорт инфрақұрылымын күшейту, залдарды татами және қажетті құралдармен жабдықтау, сондай-ақ мамандар мен жаттықтырушылар даярлау жоспарланып отыр.

Өйткені бүгінгі университет - тек білім беретін орын емес. Бұл - тұлға, көшбасшылық, ойлау мәдениеті мен елдің болашақ буыны қалыптасатын орта. Ал жастар спортқа көбірек тартылған сайын, Қазақстанның адами капиталы да соғұрлым күшейе түседі.

Россия – Казахстан: союз в сердце Евразии

Геодезия мен экология саласындағы жаңа зерттеулер халықаралық деңгейде таныстырылды

Шәкәрім университетінің ғалымдары Ресейдің Сібір мемлекеттік геожүйелер және технологиялар университеті ұйымдастырған «Интерэкспо ГЕО-Сібір–2026» XXII Халықаралық көрмесі мен ғылыми конгресіне қатысты.

«Құрылыс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы Зарина Бексұлтанова Халықаралық конференцияда трансшекаралық геоақпараттық ынтымақтастық тақырыбында баяндама жасады.

Shakarim Lab директоры Алексей Кливенко табиғи ресурстар мониторингіне арналған дөңгелек үстелде сөз сөйлеп, Абай облысындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің құнарлылығын цифрлық платформа арқылы бағалау жөніндегі ғылыми зерттеуін таныстырды.

Халықаралық форум университеттің экологиялық және геоақпараттық зерттеулер бағытындағы ғылыми әлеуетін көрсетіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Оқушылардың жемістерден ДНҚ бөліп алу тәжірибесі

Шәкәрім университетінде өткен «Science Bridge: мектеп қабырғасынан – ғылымға» жобасы аясында оқытушылар мен білім алушылар мектеп оқушыларына ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі бағыттарын таныстырды.

Бұл ғылыми жобада полиплоидты жемістерден ДНҚ бөліп алу тәжірибесі жүргізіліп, полиплоидтылықтың жасушадағы ДНҚ мөлшеріне әсері зерттелді.

Зерттеу барысында арнайы ерітінділер арқылы жеміс жасушаларынан ДНҚ бөлініп алынып, полиплоидты және диплоидты жемістердегі ДНҚ көлемі салыстырылды.

Жоба нәтижесінде полиплоидтылықтың жасушадағы генетикалық материал мөлшерін арттыратыны анықталып, оның биологиялық маңызы қарастырылды.

Жобаның ғылыми жетекшісі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, химия және биология кафедрасының аға оқытушысы Райгүл Садықова.

Астанада Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық ғылыми симпозиумы аясында халықаралық Қарар қабылданды. Қабылданған Қарарда Алтын Орданың тарихи рөлін жаңа өркениеттік тұрғыдан бағалау, оның мәдени, рухани, экономикалық және саяси мұрасын терең зерттеу қажеттігі атап өтілді.

Қатысушылар Алтын Орданы этностық және діни әралуандылыққа негізделген көпмәдениетті қоғамның тарихи үлгісі ретінде бағалап, оның Ұлы даладағы мемлекет басқару, дипломатия, сауда және мәдениет дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Симпозиум қорытындысында Қазақстанның Алтын Орда мұрасын халықаралық ғылыми кеңістікте жүйелі насихаттап отырған бастамаларына қолдау білдіріліп, бұл Қарар алдағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты болатыны айтылды.

Алтын Орда жәдігерлері 3Dтехнология арқылы жаңғырды

«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» көрмесі аясындағы «Өркениеттер тоғысы: дала және қала» экспозициясында керамикалық бұйымдардың 3D-реконструкциялары көпшілік назарына ұсынылды. Сарайшық, Сығанақ,Баршынкент және Жент секілді ортағасырлық қалалардан табылған керамика, шыны және металл бұйымдары Орда қалаларының күнделікті тұрмысын айқын бейнелейді. Заманауи цифрлық технологиялар тарихи жәдігерлерді сақтап қана қоймай, олардың бастапқы келбетін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беріп отыр.

3D-реконструкцияланған керамикалық ыдыстар Алтын Орда дәуіріндегі қолөнер мәдениетінің ерекшеліктерін танытады. Бұл жәдігерлер қыш өндірісінің жоғары деңгейде дамығанын және Ұлы даладағы ортағасырлық қалалардың кең мәдени байланыстар орнатқанын көрсетеді.

Алтын Орда кезеңінде Сығанақ тек экономикалық орталық қана емес, мәдениет, жазба дәстүрі және ислам өркениеті таралған маңызды рухани орталықтардың бірі болды. Қаланың тиімді географиялық орналасуы оны Шығыс пен Батысты жалғаған басты сауда тораптарының қатарына қосты.

Бүгінде Сығанақ – Ұлы дала аумағындағы мемлекеттілік тарихын, қалалық мәдениетті және халықаралық сауда байланыстарын зерттеуге мүмкіндік беретін маңызды тарихи-археологиялық ескерткіштердің бірі.

Сығанақ – Алтын Орда дәуіріндегі ірі саяси және сауда орталығы

Сығанақ қаласы Алтын Орда дәуірінде қазіргі Қазақстан аумағындағы ең ірі саяси, сауда және мәдени орталықтардың бірі болды. Қала Ұлы Жібек жолының маңызды тармағында орналасып, Дешті Қыпшақтың далалық өңірлерін Орта Азия қалаларымен байланыстырды.

XIV ғасырдың екінші жартысы мен XV ғасырда Сығанақ Алтын Орданың шығыс бөлігі – Көк Орданың (Ақ Орданың) астанасына айналды. Қала арқылы сауда керуендері өтіп, қолөнер қарқынды дамыды, теңге соғылып, базарлар мен дипломатиялық байланыстар өркендеді. Мұнда саудагерлер, қолөнершілер, ғалымдар мен діни қайраткерлер өмір сүрді.

Ол бұл күйдің, шын мәнінде, Ұлы даланың басты музыкалық аспабы – домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын эпостық поэзияның тууына жол ашқанын айтты. «Ақсақ құлан» – тек музыкалық шығарма ғана емес, дала өркениетінің рухани болмысын танытатын ерекше ескерткіш. Күй арқылы халықтың тарихи оқиғалары, терең толғаныстары мен дүниетанымы домбыра үнімен жеткізіледі. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан бұл мұра ауызша дәстүрдің байлығын, халық жадын және мәдени сабақтастықты айқын көрсетеді. Бүгінде Ұлы

дала мұрасын зерттеу мен насихаттау ерекше маңызға ие. Бұл ұлттық болмысты сақтауға, тарихи-мәдени құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақтың тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

«Ақсақ құлан» – Ұлы даланың мәңгілік музыкалық мұрасы

Ұлы даланың музыкалық мұрасында көне аспаптар, эпикалық жырлар мен аңызға айналған күйлер айрықша орын алады. Соның ішінде «Ақсақ құлан» күйі халықтың рухани жадында сақталған бірегей туындылардың бірі саналады. Мемлекет басшысы да Ұлы дала мұрасына ерекше мән беріп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті биылғы жылы аты аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығы аталып өтуінің символдық мәні зор екенін атап өтті.

Цифрлық технологиялар – Алтын Орда мұрасын сақтаудың жаңа мүмкіндігі

Цифрлық технологиялар тарихи-мәдени мұраны сақтаудың тиімді құралына айналып келеді. Астанада өткен халықаралық симпозиум аясында қонақтарға шағатай тіліндегі қолжазбаларды транскрипциялауға арналған арнайы платформа таныстырылды. Бұл жоба Алтын Орда дәуірінен жеткен жазба мұраларды жаңа қырынан зерделеуге мүмкіндік береді. Шағатай әдеби тілі XIV ғасырдан XX ғасырдың басына дейін Орталық Азияда кең таралып, араб-парсы графикасымен жазылған. Ол көптеген түркі халықтары үшінәдебиет пен поэзияның, сондай-ақ мәдени байланыс құралының маңызды тілі болды.

Заманауи технологиялар Алтын Орда кезеңінің жазба мұраларын зерттеу мен сақтауға тың серпін беріп отыр. Соның арқасында сирек архивтік материалдар зерттеушілер мен көпшілік қауымға қолжетімді бола түсуде.