Архив доступен 300 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В Восточном Казахстане чествовали государственных служащих

Сегодня в концертном зале областной филармонии Усть-Каменогорска состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню государственного служащего. В нем принял участие глава региона Нурымбет Сактаганов.

«Государственная служба – это не просто работа. Это особая миссия, основанная на безграничной преданности доверию народа. Президент Касым-Жомарт Кемелевич Токаев неоднократно подчеркивал, что государственный аппарат должен быть открытым, профессиональным и эффективно работать. Казахстан – правовое государство. Его проявления должны начинаться с повседневной жизни. Поведение каждого человека, его этика, дисциплина и даже характер не должны противоречить закону.

Мы, государственные служащие, должны начинать утверждение этих принципов и ценностей с самих себя и служить примером для окружающих. Желаю вам и впредь ответственно выполнять свои обязанности и заслуживать благодарность народа! С праздником!», – сказал аким области.

В настоящее время в системе государственной службы региона работают более 3,5 тысячи человек. Каждый из них вносит свой вклад в развитие области и повышение качества жизни населения.

В ходе мероприятия были награждены лучшие государственные служащие.

Нагрудным знаком «Ветеран государственной службы» награждены руководитель департамента по управлению земельными ресурсами ВКО Сейсенгазы Чукаев, главный инспектор аппарата акима ВКО Гафура Магауянова, занимавшая должность руководителя отдела экономики и финансов города Риддера, а ныне пенсионер Айсулу Рамазанова, главный специалист аппарата акима Никольского сельского округа района Алтай Ольга Исабаева, заместитель руководителя аппарата областного маслихата Ляйля Кусаинова, главный инспектор ревизионной комиссии ВКО Кенже Мажирова.

Нагрудный знак «Лучший государственный служащий» вручен заместителю руководителя аппарата акима области Раушан Аспенбетовой. Кроме того, нескольким государственным служащим были вручены Почетные грамоты и Благодарственные письма акима ВКО.

Также состоялась церемония награждения победителей спартакиады среди государственных служащих. Среди областных управлений и департаментов победителем стал Департамент казначейства по ВКО, а среди городов и районов — город Усть-Каменогорск. Далее мероприятие продолжилось праздничным концертом.

В Риддере широко отпраздновали 240-летний юбилей города

В Восточно-Казахстанской области в рамках 240-летия города Риддер в течение двух дней были организованы культурные, научные и спортивные мероприятия. В них принял участие глава региона Нурымбет Сактаганов.

Юбилейные мероприятия стартовали 5 июня во Дворце культуры с республиканской научно-практической конференции «Риддер в историческом аспекте». В ходе работы участники обсудили историю становления города, его роль в социально-экономическом развитии региона, а также историческое наследие.

Также прошел областной айтыс «Риддер — кенді Алтайдың кереметі», в котором приняли участие известные акыны региона. Основные праздничные мероприятия прошли на следующий день. На ипподроме в районе 94-го квартала были организованы ІІ Национальные игры «Ата-Мұра» города Риддер. В рамках программы прошли соревнования по кокпару, топ байге, аударыспаку, казакша курес, перетягиванию каната, стрельбе из лука и состязание «Толағай». Также состоялись соревнования тазы по «Шырға тарту», была подготовлена концертная программа.

Для посетителей была организована возможность подняться в небо на воздушном шаре и увидеть город с высоты. На территории праздника активно велась торговля, проводились розыгрыши различных призов.

Вечером на площади Республики начался масштабный праздничный концерт. Нурымбет Сактаганов поздравил жителей с юбилеем.

«Риддер, имеющий богатую историю, вносит значительный вклад в индустриальное развитие страны, являясь примером труда и героизма, единства и созидания. Город обновляется с каждым годом: строятся социальные объекты, развивается инфраструктура, повышается качество жизни населения. Реализуются важные проекты в сфере образования. В частности, строительство школы с обучением на казахском языке «Шаңырақ» близится к завершению, введены в эксплуатацию новые здания школ №11 и №12.

Одним из значимых событий стало строительство современного многопрофильного больничного комплекса на 200 коек и поликлиники, рассчитанной на 500 посещений в смену. Пусть престиж города растет, статус укрепляется, а регион продолжает динамично развиваться», — отметил аким области.

Затем на сцене выступили BAYANSULU, Анара Батырхан, группа KILIMANJARO SHOW и другие творческие коллективы, подарив зрителям праздничное настроение.

Юбилей завершится праздничным фейерверком. Эти мероприятия подарили жителям и гостям города яркие впечатления и еще раз подчеркнули богатую историю, культурное наследие Риддера.

Риддердің 240 жылдығы кең көлемде атап өтілді

Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласының 240 жылдығы аясында екі күн бойы мәдени, ғылыми және спорттық шаралар ұйымдастырылды. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов барды.

Мерейтой 5 маусымда Мәдениет сарайындағы «Риддер тарихи аспектілер тұрғысынан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан басталды. Соның барысында қатысушылар қаланың қалыптасу тарихын, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлін және тарихи мұрасын талқылады.

Сондай-ақ «Риддер – кенді Алтайдың кереметі» атты облыстық ақындар айтысы өтіп, аймақтың танымал айтыскерлері сөз сайысына түсті. Мерейтойдың негізгі шаралары екінші күні өтті. 94-квартал ауданындағы ипподромда Риддер қаласының ІІ Ұлттық «Ата-Мұра» ойындары ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында көкпар, топ бәйге, аударыспақ, қазақша күрес, арқан тарту, садақ ату және «Толағай» сайыстары өткізілді. Сонымен қатар тазы иттері арасындағы «Шырға тарту» жарысы болып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Қонақтар үшін әуе шарымен көкке көтеріліп, қаланы биіктен тамашалау мүмкіндігі жасалды. Мереке аумағында сауда-саттық қызып, түрлі сыйлықтар ойнатылды.

Кешке қарай Республика алаңында ауқымды мерекелік концерт басталды. Сахнаға шыққан Нұрымбет Сақтағанов риддерліктерді мерейтойларымен құттықтады.

«Тарихы терең Риддер – еліміздің индустриялық дамуына зор үлес қосып, еңбек пен ерліктің, бірлік пен жасампаздықтың үлгісін көрсетіп келеді. Қала жыл өткен сайын жаңарып, әлеуметтік нысандар салынып, инфрақұрылымы дамып, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсаруда. Білім саласында маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, қазақ тілінде оқытатын «Шаңырақ» мектебінің құрылысы аяқталуға жақын, №11 және №12 мектептердің жаңа ғимараттары пайдалануға берілді.

Елеулі оқиғалардың бірі – 200 төсек-орындық заманауи көпсалалы аурухана кешені мен бір ауысымда 500 адамды қабылдайтын емхананың құрылысы болды. Қаламыздың абыройы артып, мәртебесі биіктеп, өңіріміз қарқынды дами берсін!», - деді облыс әкімі.

Содан соң сахнада BAYANSULU, Анар Батырхан және KILIMANJARO SHOW тобы және басқа да шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерейтой отшашумен қорытындыланбақ. Бұл шаралар қала тұрғындары мен қонақтарын бір серпілтіп, Риддердің бай тарихы мен мәдени мұрасын дәріптей түсті.

В Риддере строится современная школа на 600 мест

В ходе рабочей поездки в Риддер аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с ходом строительства школы с государственным языком обучения, рассчитанной на 600 учеников. Объект возводится в 5-м микрорайоне. Строительные работы выполняет ТОО «ЭЛХОН».

Общая площадь школы составляет более 10 тысяч квадратных метров. Здание будет оборудовано в соответствии с современными требованиями и включать три блока. Здесь разместятся учебные кабинеты для учащихся 5–11 классов, мастерские, библиотека, ресурсный центр, административные комнаты, а также отдельная учебная зона для начальных классов.

Особое внимание уделено всестороннему развитию учащихся. В школе предусмотрены большой и малый спортивные залы, актовый зал на 135 мест, столовая, медицинский блок, кабинеты психолога и логопеда.

На территории школы будут обустроены футбольная, волейбольная и баскетбольная площадки, 250-метровая беговая дорожка, а также игровые и зоны отдыха для разных возрастных групп.

«Школа должна быть готова до 10 августа. Самое главное — не допустить спешки в ущерб качеству. Необходимо оградить незавершенные строительные участки вокруг школы от детей. Летом дети могут случайно туда попасть во время игр. Безопасность очень важна. Также нужно убрать строительный мусор на территории объекта», — отметил Нурымбет Сактаганов.

Ввод новой школы в эксплуатацию придаст импульс развитию образовательной инфраструктуры Риддера, создаст безопасную и комфортную учебную среду для учащихся.

Риддерде 600 орындық заманауи мектеп салынып жатыр

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Риддер қаласына жасаған жұмыс сапары барысында 600 оқушыға арналған мемлекеттік тілде білім беретін мектептің құрылыс қарқынын бақылады. Білім ордасы қаланың 5-шағын ауданында бой көтеріп жатыр. Құрылысты «ЭЛХОН» ЖШС жүргізуде.

Жалпы ауданы 10 мың шаршы метрден асатын мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталады. Үш блоктан тұратын ғимаратта 5-11 сынып оқушыларына арналған кабинеттер, шеберханалар, кітапхана, ресурстық орталық, әкімшілік бөлмелер және бастауыш сыныптарға арналған жеке оқу аймағы болады.

Оқушылардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мектепте үлкен және шағын спорт залдары, 135 орындық акт залы, асхана, медициналық блок, психолог пен логопед кабинеттері қарастырылған.

Мектеп аумағында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, 250 метрлік жүгіру жолы, түрлі жас санаттарына арналған ойын және демалыс аймақтары салынады.

«10 тамызға дейін мектеп дайын болуы тиіс. Бірақ ең бастысы, асығыстық танытып сапаға мән берілмей қалмасын. Мектеп айналасындағы аяқталмаған құрылыс алаңдарын балалардан оқшаулау керек. Балалар жаз кезінде ойнап жүріп кіріп кетуі мүмкін. Қауіпсіздік өте маңызды. Сондай-ақ нысан айналасындағы құрылыс қалдықтарын тазалаңыздар», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Жаңа мектептің іске қосылуы Риддердегі білім беру инфрақұрылымын дамытуға серпін беріп, оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастырады.

Аким ВКО ознакомился с ходом ремонтных работ на Риддерской ТЭЦ

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов с рабочей поездкой приехал в Риддер. В первую очередь глава региона ознакомился с ходом ремонтных работ на теплоэлектроцентрали.

За последние три года на ТЭЦ проведены масштабные ремонтно-восстановительные работы. В результате уровень износа основного оборудования снизился с 75,4 до 45,7 процента.

В настоящее время в рамках подготовки к отопительному сезону 2026–2027 годов продолжаются ремонтные работы. За счет средств республиканского и областного бюджетов проводится капитальный ремонт котлоагрегатов высокого давления №5 и №6.

Согласно утвержденному графику, ремонт котла №5 будет завершен до 31 августа, а котла №6 — до 30 сентября. Наряду с этим ведется модернизация городских тепловых сетей.

Затем аким области посетил проспект Независимости, где продолжаются работы по реконструкции. Проект направлен на создание комфортного и современного общественного пространства для жителей и гостей города. Полностью завершить работы планируется в сентябре текущего года.

На сегодняшний день выполнено 75 процентов от общего объема работ. В рамках проекта обустраиваются новые пешеходные дорожки и площадки. Модернизируется система освещения, прокладываются электрические кабели для улучшения инженерной инфраструктуры и устанавливаются скамейки в зонах отдыха. На объекте задействованы 24 рабочих и пять единиц специальной техники.

Нурымбет Сактаганов подчеркнул необходимость качественного и своевременного завершения всех работ, а также поставил задачу привести в порядок фасады зданий, расположенных вдоль проспекта.

ШҚО әкімі Риддер жылу орталығындағы жөндеу жұмыстарымен танысты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Риддер қаласына келді. Аймақ басшысы әуелі жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылады.

Соңғы үш жылда ЖЭО-да ауқымды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде негізгі жабдықтардың тозу деңгейі 75,4 пайыздан 45,7 пайызға дейін төмендеді.

Бүгінде 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен №5 және №6 жоғары қысымды қазандық агрегаттары күрделі жөндеуден өтуде.

Бекітілген кестеге сәйкес №5 қазандық 31 тамызға дейін, №6 қазандық 30 қыркүйекке дейін жөнделеді. Сонымен қатар қаладағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған.

Одан соң облыс әкімі қайта жаңғыртылып жатқан Тәуелсіздік даңғылына барды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы әрі заманауи қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған жоба осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жұмыстардың 75 пайызы орындалған. Жоба аясында жаңа жаяу жүргіншілер жолдары мен алаңдар төселуде. Сонымен қатар жарықтандыру жүйесі жаңғыртылып, инженерлік инфрақұрылымды жақсарту үшін электр кабельдері тартылып, демалыс орындарына орындықтар қойылуда. Сол жерде бүгінде 24 жұмысшы еңбек етіп, бес арнайы техника жұмылдырылған.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде барлық жұмысты сапалы әрі уақтылы аяқтау қажеттігін жеткізіп, даңғыл бойындағы нысандардың қасбетін де ретке келтіру міндетін қойды.

Аким ВКО поздравил экологов с профессиональным праздником

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов посетил Департамент экологии ВКО по случаю Дня эколога и поздравил коллектив, а также специалистов, плодотворно работающих в данной сфере.

«Восточный Казахстан — это край с живописной природой, богатый лесами, реками, горами и озерами. Вы достойно выполняете важную миссию по сохранению уникальной природы и ее сбережению для будущих поколений. Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание формированию экологической культуры и благоустройству населенных пунктов. Реализуемая в этом направлении инициатива «Таза Қазақстан» объединяет общество вокруг общей цели и повышает ответственность за окружающую среду. Пусть ваша важная работа в сфере охраны природы всегда приносит достойные результаты», — отметил глава региона.

Нурымбет Сактаганов подчеркнул, что эффективность работы определяется рациональным использованием современной техники и технологий. В лаборатории Департамента экологии более 50 лет не проводился ремонт. В настоящее время здание полностью обновляется и оснащается современным оборудованием. Работа в этом направлении будет продолжена.

В конце мероприятия благодарственными письмами были награждены люди, внесшие значительный вклад в охрану окружающей среды, активно участвующие в развитии экологической культуры среди населения, а также в благоустройстве и озеленении области.

ШҚО әкімі экологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Экологтар күніне орай ШҚО Экология департаментінің ғимаратына барып, ұжымды және бұл салада жемісті жұмыс істеп келе жатқан мамандарды құттықтады.

«Шығыс Қазақстан – табиғаты көркем, орман мен өзенге, тау-көлге бай киелі өлке. Осындай бірегей табиғи мұраны сақтау және келер ұрпаққа жеткізу жолында сіздер абыройлы қызмет атқарып жүрсіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен елді мекендерді көркейтуге ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды ортақ іске жұмылдырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруда. Табиғатты қорғау жолындағы игі қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!», - деді аймақ басшысы.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде жұмыстың тиімділігі заманауи техника мен технологияларды ұтымды пайдаланумен өлшенетіндігін жеткізді. Экология департаментінің зертханасында 50 жылдан астам уақыт бойы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Қазір ғимарат толық жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Шара соңында қоршаған ортаны қорғауға елеулі үлес қосқан, ел арасында экологиялық мәдениетті дамытуға және облысты абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысқан жандарға Алғыс хаттар табысталды.

В областной центр доставлены 3 новых трамвая

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов ознакомился с новыми трамваями, доставленными в Усть-Каменогорск из Республики Беларусь.

Трамваи с низким полом полностью адаптированы для нужд людей с ограниченными возможностями. Кроме того, они оснащены современными системами безопасности движения, кондиционерами и камерами видеонаблюдения.

Каждый из трех новых трамваев рассчитан на 36 посадочных мест, а общая вместимость одного рельсового транспортного средства составляет до 130 пассажиров.

Глава региона проехал на трамвае и электробусе, оценив комфорт для пассажиров.

«Для нашего промышленно развитого региона большое значение имеет экологически чистый транспорт. В Усть-Каменогорске с каждым годом растет число жителей, пользующихся трамваями. Поэтому будем продолжать работу по обновлению трамвайного парка», — отметил Нурымбет Сактаганов.

В 2025 году в Усть-Каменогорск уже были поставлены 3 новых трамвая. Транспортные средства, произведенные на предприятии «БКМ Holding» в Беларуси, за год эксплуатации показали высокое качество.

Облыс орталығына 3 жаңа трамвай жеткізілді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласына Беларусь Республикасынан жеткізілген жаңа трамвайлармен танысты.

Төмен еденді трамвайлар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктеріне толық бейімделген. Сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи жүйелермен, салқындатқышпен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

Үш жаңа трамвайдың әрқайсысында 36 орын бар. Ал бір рельсті көлікке жалпы саны 130 адам сыяды. Аймақ басшысы трамвайға және электробусқа мініп, олардың жолаушыларға жайлылығын бағалады.

«Өнеркәсібі дамыған өңіріміз үшін экологиялық таза көліктердің маңызы зор. Өскеменде жыл сайын трамвайға мінетін тұрғындар саны да артып келеді. Сондықтан трамвай паркін жаңарту жұмыстарын ары қарай жалғастырамыз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кетейік, 2025 жылы Өскеменге 3 жаңа трамвай жеткізілген болатын. Беларусь елінің «БКМ Holding» кәсіпорнында жасалған бұл қоғамдық көліктер бір жылдың ішінде сапасының жоғары екенін көрсетті.

В ВКО прошла торжественная церемония, посвященная Дню государственных символов

Сегодня на площади Амфитеатра в областном центре состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню государственных символов. В нем принял участие глава региона Нурымбет Сактаганов. Открытие церемонии началось с исполнения Государственного гимна и поднятия Государственного флага.

«Государственный флаг, Герб и Гимн — это священные ценности, отражающие многовековую историю нашего народа, его дух и веру в светлое будущее. Они пробуждают в сердце каждого казахстанца чувство гордости за Родину и призывают к честному служению на благо страны. Мы должны, уважая наши государственные символы, неустанно трудиться ради процветания и развития нашего суверенного государства. Пусть укрепляются единство страны и согласие в обществе! С праздником!», — поздравил аким области.

Нурымбет Сактаганов отметил, что долг каждого казахстанца — высоко держать знамя Независимости и укреплять авторитет государства. После этого состоялась церемония награждения представителей различных сфер, внесших значительный вклад в развитие региона.

Указом Президента РК орденом «Құрмет» были награждены учитель математики средней школы имени С.Ластаева Катон-Карагайского района Назигуль Жылмасбаева и учитель английского языка средней школы имени М. Ломоносова Уланского района Майнур Ескендирова. Медалью «Ерен еңбегі үшін» были награждены учитель математики Калжырской средней школы Маркакольского района Жанат Жикбаева, учитель географии средней школы №1 имени Шакарима города Усть-Каменогорска Гульбаран Ибраева и учитель математики Белоусовской средней школы Глубоковского района Елена Саблева.

Также аким области в торжественной обстановке вручил удостоверения государственного служащего молодым специалистам, недавно принятым на работу. Завершилось мероприятие праздничным концертом.

ШҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті

Бүгін облыс орталығындағы Амфитеатр алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Шара Әнұран шырқалып, Мемлекеттік Тудың көтерілуімен басталды.

«Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың сан ғасырлық тарихын, асқақ рухын және жарқын болашаққа деген сенімін білдіретін қасиетті құндылықтар. Олар әрбір қазақстандықтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш сезімін оятып, ел игілігі жолында адал қызмет етуге үндейді. Біз мемлекеттік рәміздерімізді қадірлей отырып, егемен еліміздің гүлденуі мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Еліміздің бірлігі нығайып, ынтымағы арта берсін! Мереке құтты болсын!», - деді облыс әкімі.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде Тәуелсіздік туын биік ұстау, мемлекетіміздің абыройын асқақтату – Отан күзетінде тұрған әрбір ұланның ғана емес, барша қазақстандықтың ортақ міндеті екенін жеткізді. Одан соң өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан түрлі сала мамандарын марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» ордені Катонқарағай ауданындағы Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Назигүл Жылмасбаеваға және Ұлан ауданындағы М.Ломоносов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Майнұр Ескендіроваға табысталды. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі Маркакөл ауданындағы Қалжыр орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жанат Жікбаеваға, Өскемен қаласындағы Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Гүлбаран Ибраеваға және Глубокое ауданындағы Белоусовка орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Елена Саблеваға берілді.

Сондай-ақ аймақ басшысы жаңадан қабылданған жас мамандарға мемлекеттік қызметшінің куәлігін салтанатты түрде табыстады. Ары қарай шара мерекелік концертке ұласты.

При этом важную поддержку проекту в Катон-Карагае - долгожданному Центру активного долголетия - оказал общественный фонд «Устойчивое развитие Катон-Карагайского района». По мнению его учредителя и основателя холдинга AITAS Серика Толукпаева

старшее поколение - это люди, которые развивали наш регион, воспитывали детей и внуков.

«И сегодня наша очередь создавать для них комфортные условия, а также возможности для активной жизни»,- считает он.

Благодаря фонду были отремонтированы помещения и полностью оснащен центр. На эти цели направлено почти 7 млн.тенге.

Күміс жас - алтын уақыт

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауылында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының филиалы салтанатты түрде ашылды. Енді мұндағы аға буын өкілдері де шығармашылықпен айналысып, спортпен шұғылданып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа орта табуға мүмкіндік алады.

Жаңа орталықтың ашылу рәсімінде Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсенбаев осындай орталықтардың егде жастағы тұрғындар үшін маңызын ерекше атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс басшылығының қолдауы аясында Шығыс Қазақстанда аға буын өкілдеріне арналған заманауи кеңістіктер құрылып жатыр. Біздің міндетіміз - «күміс жас» өкілдерінің қоғамда өз орнын сезініп, еркін араласып, сүйікті ісімен айналысып, белсенді өмір салтын ұстануына жағдай жасау», - деді аудан әкімі.

Бүгінгі шараның сәнін Белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларына қатысушылардың өздері дайындаған концерттік бағдарлама келтірді. Сахнаға шыққан өнерпаздардың шашына ақ кірсе де, жүректері жас, көздері жалынды болды. Олардың өнері жас мөлшерінің қызықты әрі мазмұнды өмір сүруге кедергі емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, өңірде белсенді ұзақ өмір сүру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді. Қазіргі таңда облыс бойынша 175 нысан жұмыс істейді. Онда зейнеткерлер спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттағы үйірмелерге қатысады.

Бүгінде 4 мыңға жуық аға буын өкілі 295 үйірме мен клубтың жұмысына тартылған. Олардың қатарында шахмат, тоғызқұмалақ, скандинавиялық жүріс және хор өнері секілді бағыттар бар.

Ал Катонқарағайдағы жаңа филиал аға буын өкілдеріне қолайлы орта қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Өмірге деген құштарлығы мен сарқылмас қуатымен өзгелерге үлгі болып жүрген ардагерлердің белсенділігі қоғам үшін әрдайым құнды.

Серебряный возраст- золотое время

Сегодня в селе Катон-Карагай ВКО торжественно открылся филиал Центра активного долголетия. Теперь и здесь люди старшего поколения смогут заниматься творчеством, спортом, укреплять здоровье и находить новых друзей.

Открывая новое пространство, аким Катон-Карагайского района Данияр Дюсембаев, отметил важность таких площадок для старшего поколения

«По поручению Главы государства и при поддержке руководства области в Восточном Казахстане создаются современные пространства для людей старшего возраста. Наша задача, чтобы жители «бархатного возраста» чувствовали себя востребованными, могли общаться, заниматься любимым делом и вести активный образ жизни».

Особую атмосферу сегодняшнему событию придал концерт, подготовленный самими участниками программ активного долголетия. На сцену выходили люди с серебром в волосах, и при этом с молодыми сердцами и горящими глазами. Их выступления стали лучшим доказательством того, что возраст интересной жизни - не помеха

По данным руководства управления координации занятости ВКО, сегодня в Восточном Казахстане система активного долголетия последовательно развивается. По области работают 1️⃣7️⃣5️⃣ объектов, пенсионеры там занимаются в спортивных, интеллектуальных и творческих секциях.

4.000 жителей старшего поколения посещают 295 кружков и объединений от шахмат и тогызкумалак до скандинавской ходьбы и хорового пения.

А новый филиал в Катон-Карагае стал еще одним штрихом к созданию комфортной среды для старшего поколения, которое продолжает вдохновлять своим жизнелюбием и энергией.

Аким ВКО провел прием граждан по личным вопросам

Сегодня аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов провел прием граждан по их личным обращениям. В нем участвовали представители профильных управлений и местных акиматов. В ходе приема жители подняли вопросы обеспечения жильем, ЖКХ и благоустройства, молодежной политики, а также продвижения национальных ценностей.

В частности, несколько семей, проживающих по адресу улица Кокжал Барака, 24/3, сообщили о затянувшемся процессе приватизации жилья. В настоящее время процедура приватизации указанных домов начата. Собраны необходимые документы, проведена проверка их соответствия законодательным требованиям. Создается комиссия по приватизации малых семейных общежитий. После ее работы материалы будут направлены в региональную комиссию по вопросам занятости. Затем протокол решения комиссии будет передан в отдел жилищных отношений города Усть-Каменогорска. Документы планируется передать в данный отдел 1 июля. Ожидается, что процесс приватизации займет около одного месяца с момента подачи документов.

Также гражданин, проживающий по адресу улица Казахстан, 84/1, предложил перенести контейнер для твердых бытовых отходов в другое место. Однако на собрании жителей, состоявшемся в конце мая, не было принято общего решения о переносе контейнера. В связи с этим он остался на прежнем месте. Глава региона отметил, что вопрос должен решаться исключительно в правовом поле.

Кроме того, директор Алматинского городского филиала республиканского общественного объединения «Академия национальных ценностей» Акимжан Сайлыбаев поднял тему воспитания подрастающего поколения в духе национальной идентичности, патриотизма и нравственных ценностей. Нурымбет Сактаганов подчеркнул, что воспитание молодежи и продвижение национальных ценностей являются одними из приоритетных направлений государственной политики, и отметил готовность поддерживать важные инициативы.

ШҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Оған жауапты басқармалар мен жергілікті әкімдіктердің өкілдері қатысты. Жеке қабылдау барысында азаматтар баспанамен қамту, ТҮКШ және абаттандыру, жастар саясаты мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу сынды мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Көкжал Барақ көшесі 24/3 мекенжайында тұратын бірнеше отбасы үйді жекешелендірудің ұзаққа созылып кеткенін жеткізді. Қазір аталған үйлерді жекешелендіру процесі басталған. Тиісті құжаттар жиналып, заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Шағын отбасылық жатақханаларды жекешелендіру жөніндегі комиссия құрылуда. Комиссия жұмысынан кейін материалдар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияға ұсынылады. Содан соң комиссия шешімінің хаттамасы Өскемен қалалық тұрғын үй қатынастары бөліміне жіберіледі. Құжаттар осы бөлімге 1 шілдеде беріледі деп көзделген. Ал жекешелендіру рәсімі құжаттар тапсырылған күннен бастап шамамен бір айға уақытқа созылады деп күтілуде.

Сондай-ақ Қазақстан көшесі, 84/1 мекенжайында тұратын азамат қатты тұрмыстық қалдықтар контейнерін басқа жерге көшіруді ұсынды. Алайда мамыр айының соңында өткен тұрғындар жиналысында контейнер орнын ауыстыруға қатысты ортақ шешім қабылданбады. Осыған байланысты контейнер бұрынғы орнында қалды. Аймақ басшысы мәселенің тек заң жүзінде шешілуі тиіс екенін жеткізді.

«Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының директоры Әкімжан Сайлыбаев өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерді сіңіру тақырыбында сөз қозғады. Нұрымбет Сақтағанов жастар тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, маңызды бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

В ВКО проверили около 260 опасных производственных объектов

В Восточно-Казахстанской области ведется системная работа по обеспечению безопасных условий труда, профилактике травматизма и повышению уровня промышленной безопасности на производственных объектах. Об этом сегодня на заседании Правительства под председательством Премьер-министра РК Олжаса Бектенова сообщил аким области Нурымбет Сактаганов.

«По итогам 5 месяцев текущего года проведено около 30 плановых проверок, в ходе которых обследовано 256 опасных производственных объектов. По результатам проверок выявлено 842 нарушения требований промышленной безопасности. В соответствии с изменениями, внесенными в законодательство РК «О гражданской защите», на опасных производственных объектах области создаются службы контроля», — отметил глава региона.

Особое внимание уделяется вопросам технического перевооружения производственных объектов. В текущем году планируется заменить более 600 технических устройств и технологических линий, срок эксплуатации которых истек.

«В целях совершенствования системы промышленной безопасности и выработки научно обоснованных решений при Департаменте по чрезвычайным ситуациям региона создан научно-технический совет в сфере промышленной безопасности. На горнодобывающих предприятиях ТОО «Казцинк» и ТОО «Востокцветмет» ведется цифровизация процессов безопасности», — сообщил Нурымбет Сактаганов.

Кроме того, глава региона отметил, что для расследования аварии, произошедшей 5 мая в электролизном цехе цинкового завода ТОО «Казцинк», а также несчастного случая на подземном участке Артемьевского рудника ТОО «Востокцветмет», в результате которого 30 мая погиб взрывник, созданы специальные комиссии.

«Ни один важный факт не останется без внимания. Действиям ответственных лиц будет дана принципиальная оценка. Данная работа находится на постоянном контроле», — подчеркнул аким области.

ШҚО-да 260-қа жуық қауіпті өндірістік нысанға тексеру жүргізілді

Шығыс Қазақстанда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жарақаттанудың алдын алу және өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.

«Осы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 30-ға жуық жоспарлы тексеру жүргізіліп, 256 қауіпті өндірістік нысан тексерілді. Соның нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 842 дерегі анықталды. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес облыстың қауіпті өндірістік объектілерінде бақылау қызметтері құрылып жатыр», - деді облыс әкімі.

Өндірістік нысандарда техникалық қайта жарақтандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылған. Биыл пайдалану мерзімі өткен 600-ден астам техникалық құрылғы мен технологиялық желіні ауыстыру жоспарланып отыр.

«Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және ғылыми негізделген шешімдер әзірлеу мақсатында өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті жанынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық кеңес құрылды. «Казцинк» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіздік процестері цифрландырылуда», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы өз сөзінде 5 мамырда «Казцинк» ЖШС мырыш зауытының электролиз цехында болған апатты және 30 мамырда «Шығыстүстімет» ЖШС Артемьев кенішінің жерасты учаскесінде жарушы маманның қаза болуына әкелген оқыс оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссиялар құрылғанын жеткізді.

«Маңызды бірде-бір дерек назардан тыс қалмайды. Жауапты тұлғалардың әрекеттеріне түбегейлі баға берілетін болады. Аталған жұмыс тұрақты бақылауда», - деді облыс әкімі.