Архив доступен 919 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Болжамдарыңыз қандай?

ӘЧ-2026-ға дайындық аясында Өзбекстан құрамасы Нидерландқа қарсы жолдастық матч өткізеді.

Ал достарымыз PlayStation 5, 55 дюймдік LG теледидарын, Испания, Аргентина, Германия құрамаларының жейделерін және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатып жатыр.

Қазақстан құрамасы бұл жолы мундиальда ойнамаса да, Чемпионат баршаға ортақ: https://fnbt.link/2fedd

Он матч болды…

Қазақстан U21 құрамасы жолдастық ойында Беларусь U21 командасына 1:2 есебімен есе жіберді.

Осылайша қатарынан он матч жеңіске жете алмай келеді.

0:2 vs Англия U21

0:1 vs Андорра U21

0:1 vs Өзбекстан U20

1:3 vs Өзбекстан U20

1:2 vs Словакия U21

1:1 vs Молдова U21

1:3 vs Словакия U21

0:1 vs Ирландия U21

0:2 vs Беларусь U21

1:2 vs Беларусь U21

@sportqazaq

Ресми: Оливье Жиру «Лилльде» қалды

Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.

39 жастағы шабуылшы клубта 2025 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді.

44 матч

11 гол

1 ассист.

16 жыл мұндай болмаған

Осы маусымда «Реалдың» үш командасы да бірде-бір трофейге қол жеткізе алмады.

Ерлер клубы

Әйелдер клубы

Баскетбол клубы.

Мүлде трофей болмаған сәтсіздік соңғы рет 2010 жылы тіркелген еді.

2019-дағы голы естеріңізде ме?

31 жастағы Дивок Ориги ресми түрде мансабын аяқтады.

󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Ориги «Лилль», «Ливерпуль», «Вольфсбург», «Милан» және «Ноттингемде» ойнады.

Сондай-ақ Бельгия ұлттық құрамасында 32 матч өткізген еді.

Үш күн қалды

11 маусым күні ӘЧ-2026 турнирінің жалауы желбірейді.

Әлем чемпионаты алғаш рет бірден үш елде өтеді және жалпы 104 матчтың 78-і АҚШ жерінде болады

АҚШ – 78 матч

Канада – 13

Мексика – 13.

Роберто Манчини Италия құрамасына оралуға жақын

61 жастағы маман жақында Италия құрамасының бас бапкері атануы бек мүмкін.

Келісімшарт 2030 жылға дейін жарамды болады екен. Ал жылына 2 млн еуро жалақы алады.

Манчини Италия құрамасымен Еуро-2020 додасында топ жарған еді.

Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлармен таныс болыңыздар

Қазақстандық жанкүйерлер Әлем чемпионаты матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Әлем біріншілігінде отандық көрермендер үшін 22 комментатор жұмыс істейді.

Айта кетейік, жаһандық додада алғаш рет 48 құрама бақ сынайды. Турнир аясында жалпы 104 матч өткізілмек.

Qazsport арнасында Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар тізімі шықты

Өзбекстан плей-оффқа шыға ала ма? Хусанов Роналдуды тоқтата ма?

QJ CYBER CUP чемпионы анықталды

Алаңдағы айқаста кішігірім үзіліс болып, Freedom QJ League футболшылары кибералаңда атысты.

CS2 бойынша өткен доданың финалында «Ертіс» «Каспийді» 2:0 (13:1, 13:4) есебімен жеңді.

Алматыда өткен турнирдің MVP-і «Ертіс» капитаны Бекжан bekxson Мұратбек атанды.

Осымен кибердода аяқталды. Енді 13 маусымнан бастап футбол жалғасын табады.

Нидерланд – Өзбекстан матчына конкурс!

Жүлде – 15 000 теңге

Шарттары

@soqqyjanegoal парақшасына тіркеліңіз

@qazrealmadrid парақшасына тіркеліңіз

@sportqazaq парақшасына тіркеліңіз

4. Нидерланд – Өзбекстан матчының есебін және соңғы голдың авторын табыңыз. 0:0 есебі қабылданбайды.

Пікір өзгермеуі керек. Есеп те, гол авторы да бір жерде жазылсын. Қатысушының бір ғана болжамы саналады. Болжамдар тек матч басталғанға дейін қабылданады.

Жүлдені бәрінен ерте дәл тапқан 3 жеңімпаз тең бөліп алады. Жеңімпаз бесеуден аз болса, қалған сома ұйымдастырушыда қалады.

Пікірді Соққы және гол! арнасында дәл осы посттың астына жазыңыздар. Тіркеліңіздер!

@soqqyjanegoal

Өзбекстан Ұлттық құрамасына жанкүйер боламыз

Артық күш жұмсамасын дейді

«Майкл Олисе – «Бавария» ойыншысы және ұзақмерзімді келісімшарты бар. Біз сатушы клуб емеспіз.

Егер Флорентино бізге ұсыныс жасағысы келсе, өзін қинамай-ақ қойсын. 150 млн еуроға да, одан артыққа да сатпаймыз», – деді «Бавария» президенті Герберт Хайнер.

Осыған дейін Перес сейсенбі күні супержұлдыз ойыншы үшін 150 млн еуро ұсыныс жасайтынын мәлімдеген еді.

Содан кейін бірнеше дереккөз ол ойыншының Олисе екенін хабарлаған.

Текст материала отсутствует.

Көкем ауыр айтыпты

«Энрике Рикельме жақсы қарсылас болды ма? Мен оның кім екенін де білмеймін.

Бұл «Реал» үшін ұлы күн болды. Барлық сайлау учаскесінде жеңіске жеттік. Бұдан да жақсы болар еді. 1000 дауыс жарамсыз деп танылды. Бірақ біз апелляцияға береміз. Өйткені бәрі дұрыс болды деп есептейміз.

«Бернабеуді», әлемдегі ең үздік клубты және ең мықты бапкердің бірі Жозе Моуриньюды мақтан тұтып, ары қарай тоқтаусыз жұмыс істей береміз», – деді Флорентино Перес.

Перес сайлауда Рикельмеден 21 741 – 11 914 (65% – 35%) есебімен басым түскен еді.

Ресми: Робин ван Перси жұмыссыз қалды

«Фейеноорд» 42 жастағы маманмен қош айтысқанын хабарлады.

Ван Перси 2025 жылдан бері роттердамдықтардың бас бапкері болған еді.

58 матч

30 жеңіс

9 тең

19 жеңіліс.

7 маусымның басты жаңалықтары

Бернарду Силва «Барселонаға» қатысты пікір білдірді.

«ПСЖ» Витинья мен Жоау Невешті мүлде сатпайды.

Эдерсон Уэслидің орнына Бразилия құрамасына шақырту алды.

Кристиан Эриксен матч кезінде талып қалып, ойын мезгілінен бұрын аяқталды.

Дания құрамасының дәрігері Кристиан Эриксеннің жағдайы жақсы екенін мәлімдеді.

Азиз Йылдырым «Фенербахче» президенті атанды.

Флорентино Перес сайлауда Энрике Рикельмеден басым түсті.

Барлық жаңалықты soqqy.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ресми: Флорентино Перес тағында қалды

79 жастағы Перес сайлауда Энрике Рикельмені жеңіп, «Реал» президенті атанды.

Флорентино Перес – 65% (21 741 дауыс)

Энрике Рикельме – 35% (11 814 дауыс).

Осылайша 2009 жылдан бері «Реал» президенті болып келеді. Оған дейін 2000-2006 жылдар аралығында да басқарған еді.

Бүгінгі ойындар тізімі

Жолдастық матчтар

20:00. Беларусь U21 – Қазақстан U21

23:45. Нидерланд – Өзбекстан (QazSport)

00:10. Франция – С. Ирландия (Qazaqstan)

07:00. Перу – Испания

Болжамдарың қандай?