Архив доступен 816 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

БАСТАЛАДЫ!

Қазақ боксшылары 15-21 маусым аралығында әлемдік аламанға қатысады. Парақшаларыма жазылып қойыңыз! Бірге жанкүйер болайық!

ҚАСҚЫРДЫ ҚАНША БАҚСАҢ ДА…

Ресей күні құтты болсын! Қазақстандық теннисші Александр Бублик өзінің телеграм арнасына осындай жазба қалдырып, қазір әлеуметтік желіде дау болып жатыр. Бұл спортшы 2016 жылы қызыл паспортын көк паспортқа ауыстырып, бізге келген болатын. Телеграм арнасын ақтарып көрдім. Өкінішке орай, бұған дейін 16-желтоқсанда қазақ елін тәуелсіздік күнімен құттықтамапты.

Не ғой, осы Бублик пен Рыбакина сияқтыларды қорғаштап, астына жыртылып тұрып пікір қалдырмай-ақ қойыңдаршы. Қасқырды қанша бақсаң да, бәрібір орманға қарап ұлиды…

АПЫМ ҚАЙТАДАН ШЫҚТЫ!

Ана жолы Шайдоровтың дауында өзін қыстырмалап еді. Енді Бибісара мәселесінде де көрінгісі келіп жатыр. Әңгіме сол баяғы. Маған қолдау көрсетпейді. Маған ақша бермейді. Ангелина, енді не істейміз? Менен конкретно не көмек? Мемлекеттің ақшасы безлимит емес қой. Кәсіпқой бағытты таңдадың. Кәсіпқой бокста әркім өзі табыс тауып, өзі күнін көреді. Бүкіл әлемде солай. Сондықтан, ол кәсіпқой бокс. Расымен өз өзіңді мақтағандай мықты болсаң, келісімшарттар ұсынады. Демеушілер мен инвесторлар тартылады.

Ал, енді мемлекет қамтамасыз етсін десең, ана жолы айттым ғой, әуесқой боксқа кел. Биыл қазанда ел чемпионаты өтеді. Қатыс және дәлелде. Сол кезде ұлттық құрамаға алынасың. Сосын өзің айтқандай жүріс-тұрысыңды, киім-кешегіңді, қонақ үйіңді төлейді. Ок?

ЕҢ ҮЗДІК БОКСШЫЛАРЫМЫЗ!

Бірер күннен кейін, нақтырақ айтқанда, 15-маусым күні Қытайдың Гуянг қаласында әлем кубогі басталады. Бас бапкер Елдос Сайдалин ең мықты деген бұрымды боксшыларымызды апарғалы отыр. Сәттілік!

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ЖАСАҚТАЛДЫ!

Бірер күннен кейін, нақтырақ айтқанда, 15-маусым күні Қытайда бокстан әлем кубогі басталады. Бас бапкер Нұржан Насанов осы жігіттерді апарғалы отыр. Сәттілік!

ТАҒЫ ТӨМЕН ТҮСТІК!

FIFA ұлттық құрамалар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Әлем чемпионаты қарсаңындағы бұл тізімде Қазақстан құрамасы бір сатыға төмендеп, 111-орынға жайғасты. Ұлттық құрама үшін бұл өзгеріс маусым айындағы жолдастық кездесулердің нәтижесіне тікелей байланысты болып отыр. Талғат Байсуфинов шәкірттері сырт алаңда екі матч өткізді. Алдымен Армения құрамасымен тең түссе, кейін Венгриядан 1:3 есебімен жеңілді.

Жаңартылған рейтингтің Қазақстанға жақын орналасқан бөлігінде де айтарлықтай өзгерістер бар. Мәселен, Қырғызстан бір саты жоғарылап, 106-орынға көтерілсе, Кения екі позицияға ілгерілеген. Ал Қазақстанмен қатар тұрған Танзания құрамасы да бір саты жоғарылады.

КӨРШІ ЕЛДІҢ ҚҰРАМАСЫ!

Бірер күннен кейін, нақтырақ айтқанда, 13-маусым күні Қытайда бокстан әлем кубогі басталады. Өзбекстан ең мықты жігіттерін апарғалы отыр. Біздің құрама да жасақталды. Толық тізім жақын уақытта жарияланады…

ШІЛИ ҚЫМБАТҚА ТҮСІП ЖАТЫР!

Бибісараға соңғы 3 жылда 700 милион теңге бөлінді. Естігенде шок болдыңыз ба? Ал, мен жоқ. Өйткені, одан да үлкен ақшалар кетіп жатыр! Просто мынадай дау болмағасын, жариялана бермейді. Жалпы спортқа жылына 775 миллион доллар бөлінетіні Парламент Мәжілісі қабырғасында ресми айтылды. Енді ойлап қараңыз. Оның бәрі қайда кетіп жатыр? Біреулер спорттық жетістікті сылтау етіп, біреулер, тіпті, сонымен манипуляция жасап, миллиардттап шетелге шығарып жатыр. Қазақстанда тұрмайтын, Қазақстанда жаттықпайтын спортшыларымыз қанша? Олардың арасында сол ақша үшін азаматтығын ауыстырып, уақытша көк паспортпен жүргені қанша? Олардың ортасында сол ақшаны жеп, қалтасына басып қалатындар қанша?

Иә, түсінемін, елдің абыройы, елдің иммиджі. Көк ту көтеріледі, әнұран шырқалады. Бірақ, шіли қымбатқа түсіп жатқан жоқ па? Әлгі, 700 миллион теңгемен не 700 миллион доллармен қанша мұқтаж жандардың жыртығын жамауға болады. Баспанасыз жүргендерге қанша үй алып беруге болады. Қанша емгемге мұқтаж жандарға өмір сыйлауға болады. Ал, егер спорт саласында қалсын десек, өз ақшасына балаларын жарысқа апарып, жетпей жатса, кредит алып жүрген қарапайым бапкерлерге көмектесейік. Кәсіпқой кроссовка, кәсіпқой допты не кәсіпқой перчатканы ала алмай жүрген қанша бала бар. Соларға неге көмектеспейміз?

Әлемде ешбір елде мемлекеттің ақшасын майшелпекке айналдырып, спортшылары осылайша мойнына отырып алмайды. Қарапайым халық 150-200 мың теңгеге күн көреді. Ал, олардың салығынан чемпиондар ай сайын 5-6 миллион жалақы алып отыр. Әділдік пе? Оны әлгі айлығынан жиырма процентін жырып берген жерлестерімізге қалай түсіндіресіз? Жетім мен жесірге, жоқтан бар жасап, әрең күнін көріп жүргендерге қалай ұқтырасыз? Шегі болу керек қой. Тіпті, мүлде тыйып та тастау керек! Барлығын ішінен көріп жүргенсін ішім ашиды. Қатты қынжыламын. Тіпті, кейде құсқым да келеді...

КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРІП ЖАТЫР!

Бұл туралы оның бапкері Денис Милованов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда UFC лигасымен келіссөздер жүріп жатыр және ұйым басшылығы қазақстандық файтердің қайта оралғанына қызығушылық танытуда. Әсіресе, UFC-дің коммерциялық директоры Хантер Кэмпбелл де Жұмағұловтың оралуын қолдайтынын айтты. Нақты ақпарат алдағы бірнеше апта ішінде белгілі болады...

БӘРІНЕ ТӨРЕШІ КІНӘЛІ МЕ?

Венгрия-Қазақстан матчынан кейін біздің бас бапкер де, ойыншылар да, бірауыздан төреші кедергі жасады, яки, ойынды жүргізбеді деп сұхбат беріп жатыр. Енді ережені өрескел бұзсаң, ол тиісті жазасын бермей ме? Әлде, бізге көмектесуі керек пе? Әлде, расымен ойынды сол быт-шыт қылды ма? Кездесуді толық көрмедім. Сосын түсінбей жатырмын...

ЖЕҢІСТІ ЖІБЕРІП АЛДЫҚ!

Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы жолдастық кездесуді сәтті бастағанымен, ойынның екінші бөлігінде басымдықты сақтап қала алмады. Матчтың 9-минутында Самородовтың нәтижелі пасынан кейін Сергей Малый есеп ашып, қазақстандық жанкүйерлерге үміт сыйлады.

Алайда үзілістен кейін алаңдағы жағдай өзгерді. Венгрия құрамасы қарқынын күшейтіп, шабуылға жиі шыға бастады. Оның нәтижесі 52-минутта көрінді. Доминик Собослаи таразы басын теңестіріп, матчқа жаңа серпін берді. Жіберілген голдан кейін Қазақстан құрамасы өз ойынын жоғалтып алды. 63-минутта Максим Самородов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. 67-минутта Собослаидың пасынан кейін Шафер мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды. Матчтың нүктесін Раймунд қойды. Қорытынды есеп 3:1!

Осылайша, ұлттық құрама екі жолдастық кездесуде де жеңіске жете алмады. Армениямен тең тарқасса, Мажарстанда жеңіліске ұшырады.

Еуропа чемпионатының U19 жас санатындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекиядан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу барысында грек футболшылары қатарынан төрт гол соғып, айқын басымдық танытты. Қазақстан құрамасы матч соңына қарай таразы басын теңестіруге тырысқанымен, тек екі голмен шектелді. Гол авторлары - Исмаил Бекболат пен Аламгир Смақов.

Осылайша, бірінші іріктеу кезеңіндегі топ жеңімпазы атанған Португалия 5 ұпаймен көш бастады. Грекия мен Қазақстан 4 ұпайдан жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша гректер екінші, ал қазақстандықтар үшінші орынға тұрақтады. Сербия 3 ұпаймен топ соңында қалды.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Португалия, Грекия және Қазақстан келесі раундқа жолдама алды. Ал Сербия элиталық кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды. Келесі кезеңнің жеребесі кейінірек өткізіліп, командалар рейтингтік себеттер бойынша жаңа топтарға бөлінеді.

ЖАУАПСЫЗ БЕС ГОЛ СОҚТЫ!

16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстан құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Шымкентте өткен ойында алаң иелері қарсыласқа ешқандай мүмкіндік қалдырмады.

Қазақстан сапынан Бекнұр Нұрман, Максим Бонет, Никита Духов, Ерасыл Ибатулла және Әлихан Қуандық мергендік танытты. Соңғы гол пенальтиден соғылды.

Осылайша, қазақстандық жас футболшылар Қырғызстанмен өткен екі матчтың екеуінде де жеңіске жетті. Бұған дейінгі кездесуде біздің команда 1:0 есебімен басым түскен болатын.

БІРІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ!

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE Women’s Circuit 2026–2027 жалпы рейтингінде бірінші орынға көтерілді. Бұл жетістікке ол Norway Chess Women 2026 турниріндегі жеңісінің арқасында қол жеткізді.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшы қытайлық Чжу Цзиньэр мен үндістандық Вайшали Рамешбабу шахматшыларын артта қалдырды.

FIDE Circuit – әлем чемпиондығына үміткерлер турниріне жолдама беретін маңызды іріктеу жарыстарының бірі. Цикл қорытындысы бойынша үздік шахматшылар әлем чемпиондығы үшін күресу мүмкіндігіне ие болады.

ҮШ КҮРЕС ТҮРІНЕН!

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасы 12 медаль жеңіп алды. Алайда, отандық балуандар бұл жолы алтын жүлдеге қол жеткізе алмады.

Еркін күресте Асыл Айтақын (61 кг), Азамат Дәулетбеков (92 кг) және Едіге Қасымбек (125 кг) күміс медаль иеленді. Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Әділет Әлмұхамедов (61 кг), Шамсат Таир (79 кг) және Болат Сақаев (86 кг) қола жүлдегер атанды.

Грек-рим күресінде Нұрасыл Аманалы (97 кг) күміс медаль жеңіп алса, Еркебұлан Ардақов (63 кг) пен Олжас Сырлыбай (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) қола жүлде еншіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді 3 күміс және 9 қола медальмен аяқтады.

ҚАЗАҚ МАМАНЫ ҚАЛАДЫ!

Қоғамдық резонанс пен қызу пікірталастан кейін федерация жауап берді. “ҚФФ Талғат Байсуфиновқа толық қолдау білдіреді. Маманның кәсіби қызметін, Қазақстан ұлттық құрамасын дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ команданы алдағы матчтарға дайындау бағытындағы жұмысын жоғары бағалайды. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кетуі мүмкін екені туралы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайды” - деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясы.

Айта кетейік, спорт журналисі Александр Троицкий “Қазақстан футбол федерациясында бапкерді Венгрияға қарсы жолдастық кездесуден кейін қызметінен босату мәселесі талқыланып жатыр”- деген болатын. Бұған қоса, “бұл шешім матч нәтижесіне қарамастан қабылдануы мүмкін. Федерация басшылығы Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың қазіргі даму кезеңіне сәйкес келмейтін маман деп санайды. Сонымен қатар, құраманың қаржыландыруын қысқарту туралы да әңгімелер айтылуда” - деген ақпарат тарады.

ҚАЗАҚ МАМАНЫ КЕТУІ МҮМКІН!

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетуі мүмкін. Спорт журналисі Александр Троицкийдің мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясында бапкерді Венгрияға қарсы жолдастық кездесуден кейін қызметінен босату мәселесі талқыланып жатыр.

Бұл шешім матч нәтижесіне қарамастан қабылдануы мүмкін. Федерация басшылығы Талғат Байсуфиновты ұлттық құраманың қазіргі даму кезеңіне сәйкес келмейтін маман деп санайды. Сонымен қатар, құраманың қаржыландыруын қысқарту туралы да әңгімелер айтылуда.

Алайда мұндай пікірлер команда нәтижелеріне қайшы келеді. Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазан айында ұлттық құраманы қайта қабылдап, осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілген жоқ. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді ірі есеппен жеңіп, Солтүстік Македония, Бельгия және Армениямен тең түсті.

Бапкердің тағдыры 9 маусым күні Венгрия құрамасына қарсы өтетін матчтан кейін белгілі болуы мүмкін.

МЫНАДАЙ МАРАФОН КЕРЕК ПЕ?!

Бүгін Астанада кезекті марафон өтіп, көше қоқысқа толды. Бұл жағдайға қатысты екі түрлі пікір бар. Біреулер, бұл қалыпты жағдай. Артынша бәрібір жиналады дейді. Ал, басқалары қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастап, мәдениетті көтеру керек дейді. Сіздің пікіріңіз?

ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ!

Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынның алғашқы бөлігінде гол көрмедік. Екінші тайм басталғаннан кейін қазақстандық футболшылар шабуылды үдетіп, 50-минутта нәтижеге қол жеткізді. Максим Самородов қарсылас қақпасын дәл көздеп, Қазақстан құрамасын алға шығарды – 0:1.

Алайда қонақтардың қуанышы ұзаққа созылмады. Арада небәрі үш минут өткенде Армения құрамасының ойыншысы Эдуард Сперцян таразы басын теңестірді. Өкінішке қарай, бұл кездесуде жеңіс голын көре алмадық.

Қазақстан құрамасы жолдастық кездесулер аясындағы келесі ойынын 9-маусымда Венгрияға қарсы өткізеді.

ТОПТА БІРІНШІ ОРЫНДАМЫЗ!

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші матчында Сербиядан басым түсті. Кездесу сербиялықтардың жылдам голымен басталды. Матчтың 9-минутында Давид Милованович есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестіріп, команданы ойынға қайта қосты.

Екінші тайм Қазақстан құрамасының толық басымдығымен өтті. 47-минутта Исмаил Бекболат мергендігімен көзге түсіп, қазақстандықтарды алға шығарды. Араға небәрі төрт минут салып, шабуылшы тағы да гол соғып, дубль авторы атанды.

Осылайша Қазақстан U-19 құрамасы Сербияны 3:1 есебімен жеңіп, алғашқы 3 ұпайды қоржынға салды. Бұған дейін қазақстандық жасөспірімдер Португалиямен 1:1 есебімен тең түсіп, жанкүйерлерді таңғалдырған болатын. Екі матчтан кейін Қазақстан құрамасы топтың көшін бастады.