Архив доступен 29 077 сообщений С 2021 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Астанада едені тесілген автобус жолаушыларды шошытты

Бейнежазбаны елордалық тұрғын әлеуметтік желіде жариялады.

Осыдан кейін автобус жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, техникалық ақауы бар көлік құралын пайдалануға шығарғаны үшін автопарк операторына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Автобус пайдаланудан алынып, жөндеуге жіберілді, дейді полиция.

@sputnik_aitady

Бюджет қаражатына құмар ойын ойнаған: Алматы облысында 2,6 млрд теңге жымқырған экс-депутат ісі сотқа жолданды

Ол 29 шаруа қожалығы арқылы ауыл шаруашылығы саласына бөлінген бюджетті иемденген.

Элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар ұсынылғанымен, көшеттер тиісті көлемде іс жүзінде жеткізілмеген. Кейбір шаруашылықтардың таңқурай өсіруге нақты мүмкіндігі болмаған.

«Заңсыз алынған субсидияның 491 млн теңгесіне бағалы қағаздар сатып алынған. Ұрланған қаражаттың 170 млн теңгесін құмар ойындарға жұмсаған», - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, 3 автокөлігіне, жеке тұрғын үйіне және бағалы қағаздарына тыйым салынды.

Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, іс сотқа жолданды.

@sputnik_aitady

Қаскелеңде бір топ жасөспірім ер адамды соққыға жықты

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды ұсталғанын хабарлады.

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандар масаң күйде болған ер адамды ұрып-соққан.

Жасөспірімдердің ата-анасы жауапқа тартылып, іс кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына жіберілді, дейді полиция.

Жәбірленуші тарап ресми шағым беруден бас тартқан.

Видео: Kaskelenkz

@sputnik_aitady

Қазақстанда жеңіл электромобильдер саны бір жылда 55,6%-ке артты

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған.

Ең көп электромобиль Алматы қаласында тіркелген - 15 280.

Астанада тіркелген электромобиль саны - 2 885 бірлік.

Өңірлер бойынша, ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында – 41 бірлік тіркелді.

@sputnik_aitady

Көшкін болуы мүмкін: үш облыста таулы аудандардың тұрғындарына ескету жасалды

3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында сел мен көшкін жүруі ықтимал.

Ауа температурасының жоғары болуы және нөсер жаңбырдың болжануына байланысты тау беткейлерінен су қарқынды ағып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі.

«Қазселденқорғау» өңір тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпау және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ұсынды.

@sputnik_aitady

Ердоғанның жолдауын Путинге жеткіздім - Түркия сыртқы істер министрі

Хакан Фидан Қазан қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде оған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның жолдауын жеткізгенін мәлімдеді.

"Мен (Ердоғанның Путинге жолдаған) жолдауды жеткіздім. Оның ішінде Украинадағы жағдайға қатысты мәселелер болды", – деді Хакан Фидан CNN Türk телеарнасына берген сұхбатында.

Министрдің сөзінше, Түркия Ресеймен тікелей диалогты сақтауды өте маңызды деп санайды. Мұндай кездесулер Анкараға тараптардың ұстанымын жақсырақ түсінуге және дипломатиялық келіссөздерге ықпал етуге мүмкіндік береді.

@sputnik_aitady

Әпкесінің туған күнімен ерекше құттықтамақ болған астаналық әкімшілік жауапқа тартылды

27 жастағы жергілікті тұрғын көпқабатты үйдің ауласында отшашу ұйымдастырған.

Түнгі уақытта қатты дауыстан мазасы қашқан тұрғындар полицияға хабарлаған.

Полиция құқық бұзушыны анықтап, оған айыппұл салынды.

@sputnik_aitady

Алматы облысындағы сел қаупі бар аймақтан жеке үйлердің тұрғындары эвакуацияланды

Қарасай ауданында 9 жеке тұрғын үйден барлығы 11 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Ақсай өзені алабындағы апаттық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Өзен жағалауы бекітіліп, және гидротехникалық құрылыстарға қауіпсіз қатынау қамтамасыз етілді.

2 шілдеде Ақсай, Қарғалы, Кіші Алматы және Үлкен Алматы өзен алаптарындағы мореналық көлдерге әуеден зерттеу жүргізілді.

Сел белсенділігінің белгілері анықталған жоқ, гидрологиялық жағдай тұрақты, дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

@sputnik_aitady

Шымкентте кәсіпкерлерден ақша бопсалаған блогер қамауға алынды

150 мыңға жуық оқырманы бар блогер үш сыбайласымен кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бейнетаспаға түсіріп, материал жинаған.

Кейін беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен.

Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

@sputnik_aitady

3 шілдеде әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады?

Бүгін Беларусьте мемлекеттік мейрам - Тәуелсіздік күні.

Бүгін - Алтай Республикасының құрылған күні

1960 жылы Қарағандыдағы металлургия комбинатында тұңғыш домна пеші іске қосылды.

2009 жылы "Астана Арена" стадионы ашылды.

Бұл күннің тағы несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

@sputnik_aitady

Футболдан ӘЧ-2026: Португалия мен Испания құрамалары 1/8 финалда кездеседі

Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді.

Криштиану Роналду пенальтиден гол соғып, Хорватияға қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Ал Испания Аустрияны 3:0 есебімен жеңді. Голдың екеуін Микель Оярсабал салса, тағы бір голды Педро Порро соқты.

Португалия мен Испания 6 шілдеде Далласта өтетін 1/8 финал кезеңінде кездеседі.

@sputnik_aitady

Бүгін ауа райы қандай болады?

Циклон мен оған байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ жаууы, желдің екпінді күшеюі күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Шығыста аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +30…+37°C болады.

@sputnik_aitady

Қатон-Қарағайдағы қар барысының үш аланы

Орманшы Жомарт Аманбаевтың биік тау жоталарына орнатқан фототұзағы ерекше сәтті тіркеді.

Бірнеше ай бұрын үш аланымен бірге кадрға түскен қар барысы фототұзаққа ілікті.

Қысқы кадрлардағы кішкентай аландар бүгінде едәуір өсіп, анасымен бірге асқар тауларды еркін кезіп жүр.

@sputnik_aitady

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің экс-төрағасы Қамшыбек Тәшиевке үкім шықты

Қамшыбек Тәшиев «билікті күшпен басып алуға әрекеттену» бабы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады @sputnik_kyrgyzstan.

Онымен бірге парламенттің экс-төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы, экс-бас прокурор Құрманқұл Зулушев және тағы бес айыпталушы сот алдында жауап берді.

Алайда сот оларды «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша ақтады.

Сот үкіміне сәйкес, сотталғандарға үш жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Олар жазасын түзеу мекемесінде өтемейді.

2026 жылы ақпанда БАҚ президент Садыр Жапаровқа елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге шақырған үндеу жарияланған болатын. Құжатқа 75 адам қол қойған.

@sputnik_aitady

Венесуэлада жер сілкінісінен сегіз күннен кейін үйінді астынан 44 жастағы ер адам құтқарылды

Ла-Гуайра қаласындағы «Галериас Плайя-Гранде» сауда орталығының қирандыларының астынан 44 жастағы күзетші Эрнан Альберто Гиль Флорес табылды. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, шамамен 50 мың адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. Тағы 11 267 адам түрлі жарақат алған.

Бұл туралы бұған дейін парламент спикері Хорхе Родригес хабарлаған еді.

@sputnik_aitady

Алматылық жас домбырашылар автобуста ерекше акция өткізді

Алатау ауданы инновациялық шығармашылық орталығының оқушылары қоғамдық көлікте ұлттық күйді күмбірлетті.

Осылайша жолаушыларға ерекше рухани атмосфера сыйлады.

Айта кетері, Қазақстанда жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.

Видео: alatau_cit

@sputnik_aitady

Алматыда ер адам ойнап жүрген баланы жұлқып, итеріп жіберді

Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында болған.

Полиция мәліметінше, күдікті – осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға балалардың ойын кезінде болған жанжалы себеп болған. Осыдан кейін ер адам мәселені өз бетінше шешпек болған», - дейді полицейлер.

Балаға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

@sputnik_aitady

ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісім күшіне енді

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия хабарлады.

Комиссияның мәліметінше, құжаттың нормалары әлемдегі озық тәжірибеге негізделген және ЕАЭО елдері мен үшінші мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы транзиттік жүк тасымалын бақылау саласындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ол трансшекаралық сауданы дамытуға қосымша мүмкіндік ашады.

@sputnik_aitady

Тоқаев «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Психологиялық қызмет алғаш рет заңмен реттеледі

Жаңа заңның басты ерекшелігі – психолог мамандығына қойылатын талаптарды нақты белгілеуі.

Енді арнайы жоғары білімі жоқ және мемлекеттік бірыңғай реестрге тіркелмеген адам өзін «психолог» деп атай алмайды.

«Психо-коуч», «психо-кеңесші» атауларын қолдануға да шектеу қойылады.

Енді кәсіби білімі жоқ адамдардың «психолог» сөзін жарнамалық мақсатта пайдалануына тыйым салынады.

Жаңа заң бойынша психологқа айтылған мәліметтер клиенттің жазбаша келісімінсіз жарияланбайды.

Сондай-ақ қабылдау кезінде адамның рұқсатынсыз бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынады.

@sputnik_aitady

Мерген Төлеуғали Әбдібеков: панфиловшы қазақтың Геббельске жолдаған жеделхатында не жазылған?

Бұл туралы тілшімізге Алматыдағы Жауынгерлік даңқ музейінің директоры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова айтып берді.

Төлеуғали Әбдібеков 1942 жылдың мамырында дивизия құрамына қабылданған. Мергендер винтовкасын қабылдап алар сәтте ол бес ай ішінде 150 фашистің көзін жоюға серт береді. Ал қарашаға дейін жаудың 217 жауынгерін жойып үлгерген.

Осыдан кейін орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген дивизиялық «За Родину!» – «Отан үшін» газетінде Төлеуғали Әбдібековтің Йозеф Геббельске жолдаған жеделхаты жарияланды.

«Осы жеделхат жарияланғаннан кейін жау барлауы мергеннің славян ұлтының өкілі емес екенін тез анықтады. Содан кейін оған «Қара ажал» деген лақап ат беріп, арнайы ізіне түсті», – дейді Алуа Байқадамова.

2022 жылы Төлеуғали Әбдібековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

@sputnik_aitady