Архив доступен 22 898 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Қылмыс әлемінің серкесі өлтірілді

Латын Америкасындағы ең іздеудегі қылмыскерлердің бірі "Ниньо Герреро" арнайы операция кезінде өлтірілді.

Ол Tren de Aragua атты атышулы қылмыстық топты басқарған. АҚШ билігі оны есірткі саудасы, адам саудасы, бопсалау және кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деп санаған.

Бұған дейін Герреро Венесуэла түрмесінен қашып кетіп, халықаралық іздеуде жүрген еді.

t.me/stankznews

"Өлі жандар" арқылы миллиардтар игерілген бе?

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, кейбір жекеменшік мектептер оқушылар санын қолдан көбейтіп көрсетіп, балаларды қағаз жүзінде бірнеше мектеп арасында қайта-қайта ауыстырған.

Тексеру барысында 1333 оқушының 5-тен 12 ретке дейін "ауыстырылғаны" анықталған. Кей жағдайларда мектептердегі оқушы саны ғимарат сыйымдылығынан үш есе артық көрсетілген. Ал осы мектептерді қаржыландыруға 2025 жылы бюджеттен 149,2 млрд теңге бөлінген.

t.me/stankznews

Қыз фельдшердің екпесінен жүре алмай қалды

Қысымы көтерілген қыз жәдел жәрдем шақырып, фельдшер Кеторол екпесін салған. Бес күннен кейін екпе салынған жер тас болып қатып, үлкен ісікке айналған. Ал жамбасы күйіп тұрғандай әсер болған.

Емханаға барған науқасты дәрігерлер дұрыс қарамай "йод жағыңыз" деп үйге қайтарған.

"Сол йод жаққаннан кейін нағыз сорақы күндер басталды. Дене қызуым 38,1 градусқа дейін көтеріліп, сол аяғымды жан төзгісіз ауырсыну жайлады. Тіпті аяғыма тұра алмайтын халге жеттім", – дейді қыз.

Кейін хирург мұндай жағдайда йодты жағуға болмайтынын айтқан. Өйткені йод жылытатын әсер береді де, іріңнің пайда болуын одан әрі күшейтуі мүмкін екен.

t.me/stankznews

Дәния Еспаева "Ақ жол" Демократиялық партиясының жаңа төрайымы болды

Делегаттардың көпшілігі Дәния Еспаеваның үміткерлігін қолдап дауыс берді. Ол бұл қызметте бұған дейін съезд барысында өкілеттігін тоқтатқан Азат Перуашевты алмастырады.

Перуашев Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, оны "Ақ жолдың жарқын жұлдызы" деп атады. Бұған дейін ол партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Дәния Еспаева Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған саяси партияны басқарып отырған алғашқы және жалғыз әйел атанды. 2019 жылы ол Қазақстан тарихында алғаш рет президенттікке үміткер болған әйел ретінде де елге танылған еді.

t.me/stankznews

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кетеді

Ол партиялық жүйедегі монополияға қарсы күресу үшін басшылықтың жаңару керегін айтты.

«Монополияға қарсы ең тиімді құрал – басшылықтың мерзімді түрде ауысып отыруы. Сондықтан тұйықталып, жаңа идеялар мен бастамалардың дамуына кедергі келтірмеу үшін партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым», – деді Перуашев.

Жаңа төраға қызметіне ол Дәния Еспаеваны ұсынды.

t.me/stankznews

“Бауырын жарып жіберген”: Әйелді экс-сүйіктісі аяусыз сабап өлтірген

Қазақстандық әйел сіңлісін бұрынғы сүйіктісі қатыгездікпен өлтіргенін мәлімдеді.

Әсем біраз уақыт бойы Алмаз М. есімді жігітпен кездесіп, оның агрессивті мінез-құлқына байланысты ара қатынасты тоқтатпақ болған. Бірақ жақындарының сөзінше, ер адам мұнымен келіспей, Әсемді мазалауын тоқтатпаған.

9 маусымда Әсем жігітпен кездесуге келіскенде ер адам оны жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы соққыға жыққан дейді туыстары.

t.me/stankznews

Шетелдік азамат саябақты өртеймін деп, өзі жанып кете жаздады

Оқыс жағдай 12 маусымға қараған түні Абылай хан алаңындағы саябақта болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам мас күйде болған.

Зардап шеккен адам Ақмола облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 38 жастағы ер адамның денесінің 95%-ы күйік шалған. Ол жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр.

Шетелдік азаматтың бұған дейін де қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

t.me/stankznews

АҚШ пен Иран келісімге келуге жақын

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Исламабадта әзірленген өзара түсіністік туралы меморандум келісілуге жақын екенін айтты. Министр бұл үдеріс толық аяқталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарын "құжаттың мазмұнына қатысты түрлі жорамалдар мен алыпқашпа әңгімелерден аулақ болуға" шақырды.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен ықтимал келісім туралы БАҚ-та таралып жатқан ақпараттың көп бөлігі шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Бұғазды ашу және Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату жөніндегі ықтимал келісім туралы көптеген жалған ақпаратты оқыдым. Біріншіден, Иран ешқандай қаржы алмайды және келісімге қол қойғаны немесе кездесуге қатысқаны үшін ешқандай қаражат бұғаттан шығарылмайды", – деп жазды ол желіде.

t.me/stankznews

Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды

Алматыда 12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірді, 13 жастағы күдікті ұсталды, ол марқұмның танысы болған, жақындары бүгін баланы ақтық сапарға шығарып салды

Илон Масктың байлығы байлығы 1,1 триллион доллардан асты, осылайша ол әлемдегі ең алғашқы триллионер атанды

Астана маңында бәйге кезінде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда маса қаптап, жұртшылық көшеге шығудан қалған, ал әкімдік тазалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрамыз дейді

Amanat пен "Әділет" партиясы бірікті, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия өз тарихының жаңа бетін ашқанын мәлімдеді

t.me/stankznews

Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында ақау байқалды

Пайдаланушылар сервистердің жұмысында ақау байқаған.

Мәселелер әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да тіркелген.

Downdetector сервисінің деректеріне сәйкес, пайдаланушылар көбіне әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттан өздігінен шығып кету, жаңалықтар лентасының жаңармауы және жазба жариялау кезінде қиындықтар туындағанын айтып шағымдануда.

Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісінде компания бұл мәселеден хабардар екенін және оны жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

t.me/stankznews

Алматыда автобуста бір әйел студент қызға шабуыл жасады

Қазір полиция әйелді іздестіріп жатыр.

Жәбірленушінің айтуынша, ол өз анасынан ұрыс естіп тұрған қызды қорғау үшін араша түскен. Алайда қыздың анасы кенеттен оған жұдырық ала жүгірген. Қыз ауруханаға жеткізілген.

t.me/stankznews

Қазақстанның Салық кодексінен "тенге" сөзі жойылады

Қазақстанның Салық кодексіне терминологиялық өзгерістер енгізіліп, құжат жаңартылған конституциялық модельге сәйкестендірілуде.

Ең басты жаңалық - ресми орысша мәтіндегі “тенге” сөзі қазақ тіліндегі дұрыс нұсқа - “теңге” болып ауыстырылады.

Бұл ұлттық валютаны өзгерту емес, тек құқықтық құжаттардағы жазылу мен терминологияны түзету.

Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

t.me/stankznews

"10 миллион теңге ұсынды": Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі айыпталушыға кешірім бермегенін айтты

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатында қаза тапқан 20 жастағы Т.К-ның әкесі сотталушыны кешірмейтінін және оған қатаң жаза тағайындалуына қол жеткізу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді.

8 маусым күні Т.К-ның анасы да талап-арызынан бас тартып, моральдық және материалдық шығын үшін өтемақы алғанын растаған әрі соттан айыпталушыға шартты жаза тағайындауды сұраған.

Алайда қыздың әкесі бұл ұстаныммен келіспейді.

"Бұл әйел менімен тоғыз жыл бұрын ажырасқан. Қызымды дүниеге келген күнінен бастап өзім өсірдім, киіндірдім, тәрбиеледім, оқыттым. Ол – менің тұңғышым. Мен жерлеу рәсімдері мен ас беру жұмыстарымен жүрген кезде, ол полицияға барып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, сотқа дейін жетіп үлгерген", – деді ол.

Марқұмның әкесінің айтуынша, айыпталушы оның бұрынғы жұбайына қомақты қаржы төлеген.

"Айыпталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен оны кешірген жоқпын және ешқашан кешірмеймін. Мен Тараздағы ата-анасының үйіне бардым. Оның әкесі менен көз жасын төгіп кешірім сұрады", – деді ол.

t.me/stankznews

"Пара беруге уәде еткендерге қылмыстық жауапкершілік": Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңдағы өзгерістерге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес

— Пара беру ғана емес, пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету де қылмыстық жауапкершілікке жатады

— Мемқызметкерлердің қызметтік өкілеттігін жеке пайда үшін қолдануына тыйым күшейтілді

— Бір мекемеде жақын туыстардың бірге жұмыс істеуіне қатысты шектеулер қатайтылды

— Жемқорлыққа қарсы талаптар қолданылатын тұлғалар аясы кеңейді

— Заңсыз сыйақы алу үшін жауапкершілік күшейтілді

— Әкімшілік жемқорлық істері бойынша жауапқа тарту мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды

t.me/stankznews

"Мұғалімдер оқушылар үшін тек жұмыс уақытында ғана жауапты болады"

Тоқаев дәл осы заңға қол қойды. Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

t.me/stankznews

Тираннозаврдың терісінен жасалған сөмке сатылымға шықты

Париждегі Giquello аукцион үйі сөмкені таныстырды. Сөмкенің бағасы 300 мыңнан 500 мың еуроға дейін бағаланып отыр.

Алайда бұл шынайы динозавр терісі емес. Тираннозаврдың ДНҚ деректері негізінде зертханада жасалған арнайы материалдан тігілген.

Сөмкені Enfin Levé технологиялық сән бренді әзірлеген. Аксессуар қарапайым үлгіде жасалып, күміс түсті металл бөлшектермен безендірілген. Олардың қатарында ДНҚ-ның қос спиралына қарап жасалған ерекше элемент бар.

t.me/stankznews

Қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген ана естеріңізде ме?

Оны алматылық мейрамхана қызметкері Алмат Несіпқалиев тауып, сөйлескен. Әйелге қолдау білдіру үшін мекенжайын сұрап, әріптестерімен бірге оның үйіне барып қайтыпты.

Ер адамның сөзінше, әйел бар-жоғы 20 жаста екен. Ал қызы небәрі 4 айлық. Жолдасы жалдамалы көлікпен такси қызметінде жұмыс істейді. Ал үйге тек 2-3 сағатқа ғана демалуға келеді. Ол жақында ауырып төсек тартып жатып қалған. Ал пәтер ақысын төлейтін күні ауруды басатын дәрі салып, жұмысқа шығып кетіпті.

Отбасы пәтер жалдап тұрады. Оған қоса ай сайынғы несиелік міндеттемелері де бар. Тіпті ломбардка салған салымдарына да төлемақы жүріп жатыр екен.

Әйелдің курьер болып жұмыс істеуіне алаяқтар кінәлі. Ол курьер болып шыққан күні үй ақысын төлеу қажет болған. Сол күні ол жеті тапсырыс орындаған. Айтуынша, бір тапсырыстан 500-600 теңге түседі. Ал мемлекет тарапынан берілетін 24 915 теңге ешқайда жетпейді дейді.

t.me/stankznews

Amanat пен "Әділет" партиясы қосылды

Қазір осы мәселе сьезде талқыланып жатыр. Депутат Үнзила Шапақ екі бастаманың бірігуін қолдады.

Оның айтуынша, екі партияның бірігуі қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саяси күштердің әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Ол әр партияның өз ұстанымы мен ерекшелігі барын айтты.

Айта кетейік, "Әділет" партиясы осы айдың басында ғана ресми түрде тіркелді. Олар әу баста-ақ билік саясатын қолдайтынын айтқан еді.

t.me/stankznews

Маса атыраулықтарды "ашса алақанында" ұстап отыр...

Желіде Атырау көшелерінде түсірілген видео тарады. Кадрдан кішкентай баланы талап жатқан және ер адамның аяғына үймелеген масаны көруге болады. Тұрғындар осының кесірінен көше шығудан қалдық дейді. Жағдай күн сайын нашарлап барады екен.

Ал әкімдік өкілдері тазарту жұмыстары күн сайын жүріп жатқанын айтты. Олардың сөзінше, маса қаптаған аумақтар арнайы дронмен де өңделіп жатыр.

Десе де видеоға қарасақ іс нәтиже беріп жатқан жоқ сияқты...

t.me/stankznews

Алматыда 12 жастағы баланы ақтық сапарға шығарып салды

Желі қолданушылары қайғылы оқиғадан әлі де есеңгіреп отырғанын жазды. Оған қоса мұндай жағдайлардың алдын алу керегін айтты. Олар: "Екі ұлдың анасымын. Мұндай жағдайды елестетсем, денем түршігіп кетеді", "Мұндай қайғыны ешкімнің басына бермесін", "Ата-аналардан өтінерім балаңызға барынша көңіл бөліңіз. Оларға махаббат, мейірім мен қамқорлық қажет. Қаза болған баланың жақындарына көңіл айтамын" деп жазды.

Бұған дейін жасөспірімді қатарластары 9 рет пышақтап өлтіргені айтылып еді. Мәліметке сәйкес, 12 жастағы Абылайханды досы алдап шақырған екен. Артынша өзі қашып кеткен көрінеді. Ал, марқұмды екінші бала күтіп алып, бірден пышақ сұғыпты. 9 жерінен жарақат алған оқушы қансыраған күйі тіл тартпай кеткен. Бас күдікті ретінде 13 жастағы бала ұсталған. Енді марқұмның жақындары тергеудің әділ жүріп, кінәлінің сотталуын талап етіп отыр.

t.me/stankznews