Архив доступен 791 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

SteppeNews.kz: Қазақстанның Конституциялық соты еңбек дауларына қатысты маңызды құқықтық өзгерістерді жариялады. Енді қызметінен негізсіз босатылған азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа еркін жүгіне алады. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Соттың бұл шешіміне азаматтардың Еңбек кодексінің (ЕК) 160-бабы мен Азаматтық процестік кодекстің (АПК) 455-бабына қатысты түсірген шағымдары негіз болды. Мәселен, құқық қорғау органдарынан шығарылған азаматтардың істері жиі назарға ілінеді. Көбіне қызметтік тексеру нәтижесінде босатылған тұлғалардың кінәсіздігі кейін қылмыстық іс қаралу барысында анықталып жатады. Алайда, бұған дейін соттар ЕК-нің 160-бабындағы мерзімнің өтіп кеткенін алға тартып, талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тартып келген.

Сонымен қатар, АПК-нің 455-бабындағы нормалардың қайшылығы күрделі мәселеге айналды.

Толығырақ сайттан оқи аласыз.

SteppeNews.kz: Еліміздің саяси алаңында маңызды өзгеріс орын алды. «AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» партиясымен бірігетінін мәлімдейді, деп хабарлайды SteppeNews.kz, Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Бірігудің басты мақсаты — ел мүддесі

«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың пікірінше, партия өз тарихындағы кезекті жаңа кезеңге қадам басып отыр. Ол мемлекет мүддесі мен қоғам сұранысын ескере отырып, «Өзгеріс өзімізден басталады» қағидатына сай шешім қабылдау уақыты келгенін атап өтті.

«Бүгінде біз жаңа даму бағытына бет бұрып, Мемлекет басшысының бірлік пен ынтымаққа шақыруын негізге ала отырып, тарихымыздың жаңа бетін ашуға батылдық танытуымыз керек. Елге қазір жаңа бөліну сызықтары емес, керісінше, біріктіретін жаңа тұғырлар ауадай қажет. Осы жауапты сәтте ресурстарымызды жаңа саяси «Әділет» партиясымен біріктіруді жөн көрдік», – деді Ерлан Қошанов.

Толығырақ сайттан оқи аласыз.

Маңызды нормативтік құжат актілері — мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және салық салуда әділдік орнатуға бағытталған.

Арнаулы мемлекеттік органдар туралы заң – арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Кедендік транзит келісімі – Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі тұсында келісім ратификацияланды.

Қазақстан–Оман салық келісімі – қосарланған салық салуды болдырмау және салықтан жалтаруға жол бермеу жөніндегі келісім мен хаттама бекітілді.

Қазақстан 2026 жылғы Immigration Index халықаралық рейтингінде ТМД елдері арасында көшуге ең қолайлы мемлекет деп танылды.

Зерттеу барысында 82 ел қауіпсіздік деңгейі, медициналық қызметтердің қолжетімділігі, білім сапасы, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер және тұрғын үй құны секілді 34 көрсеткіш бойынша бағаланған.

Нәтижесінде Қазақстан әлемдік рейтингте 53-орынға жайғасып, ТМД елдерінің ішінде көш бастады. Сарапшылар елдің қауіпсіздігі мен өмір сүру жайлылығы жоғары бағаланғанын атап өтті.

Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваны даярлауға бөлінетін қаржыға қатысты мәлімдеме жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, спортшының қаржыландыру жөніндегі өтінімі қаралып, мақұлданған. Нәтижесінде оған халықаралық жарыстарға дайындалу үшін қажетті қолдау көрсетілген.

Министрлік мәліметінше, федерациялар мен өзге де ұйымдардың қаражатын қоса есептегенде, биыл Асаубаеваның дайындық жұмыстарына шамамен 210 млн теңге бөлінген. Бұл өткен жылғы 160 млн теңгемен салыстырғанда едәуір көп.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жараспаевтың айтуынша, мұндай көлемдегі қаржы халықаралық деңгейде жоғары нәтиже көрсету үшін жеткілікті болуы тиіс.

Қостанай тұрғыны 36 жастағы Алексей Вивтоненко Тай еліндегі жансақтау бөлімінде бір айдай өмірі үшін күрескен.

Кейін елге Қазақстанға оралғанда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Алексейдің соңғы демі үзілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап.

Көпшілік Алексейдің денсаулығына алаңдап, оның сауғып кетуі үшін отбасына қолдау көрсетіп, емделуі мен елге жеткізілуіне қаражат жинауға көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Пхукет аралына демалуға барған Алексей Вивтоненконың жағдайы күрт нашарлап, ауыр күйде ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер оған ұйқыбездің 30%-дан астам бөлігі асқынған жедел панкреатит, сондай-ақ тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Кейін оның жағдайы сепсиспен, бүйректің жедел зақымдануымен және екі жақты өкпе қабынуымен асқынған.

Қарызын өтемеген тұрғындар жарықтан ажыратылады.

8 маусымнан бастап Алматы қаласы мен облысында электр энергияға берешегі барларға шара қолданылады. Өңір бойынша азаматтардың жарыққа қарызы 34 млрд теңгеге жеткен, — деп хабарлайды Steppe.News.kz.

“Алатау Жарық Компаниясы” өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдай энергетикалық жүйенің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Ескерте кетейік, электр энергиясын жеткізушілермен жасалған келісімшартта көрсетілген мерзімде төлем жасалмаса, жарық көзін беруді толық немесе ішінара тоқтатуға құқық бар екені көрсетілген. Коммуналдық қызметке уақытылы ақы төлемегендердің ісі сотқа дейін жетуі мүмкін.

Қазақтың ұлттық ит тұқымы — қазақы тазы халықаралық аренада тағы бір жетістікке жетті!

Италияда өткен беделді көрмеде Кербез есімді тазы үздік танылып, Италия чемпионы атағын жеңіп алды.

Бұл туралы «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы хабарлады. Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл жеңіс қазақы тазының әлемдік кинология қауымдастығындағы беделін арттырып, ұлттық тұқымды халықаралық деңгейде насихаттауға үлес қосады.

Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті әшкере болды. “Балымша” жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері балаларға банан ұстатып, суретке түсірген соң қайта жинап алған. Оқиғаға байланысты қалалық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жағдай 2026 жылдың ақпанында болған. Қазір осы жағдайға қатысы бар бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы полиция департаментіне, сапаны қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық бақылау органдарына хат жолдады. Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.

2 маусым күні түстен кейін Шыңжаңдағы Бортала-Моңғол автономиялық округінің (БМАО) Алашанькоу қаласында 2026 жылғы екінші «Шыңжаң (Қытай) – Орталық Азия» медиа-салоны өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Орталық Азияның өзге де елдерінен келген оннан астам жетекші бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты. Олар БМАО-дағы түрлі деңгейдегі біріктірілген медиа орталықтарының басшыларымен және Қытайдың Хубэй провинциясындағы Хуанши қаласының біріктірілген медиа орталығының өкілдерімен бірге БАҚ арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мексиканың Пуэбла штатындағы LPG (сұйытылған мұнай газы) сақталған қоймада жарылыс болып, үш адам жарақат алды. Оқиға кезінде төрт газ цистернасы жарылған.

Жарылыс салдарынан тұрғын үйлер, көліктер мен коммерциялық нысандар зақымданды. Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы аурухана мен мектептер эвакуацияланды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қауіпсіз жерге 2 мыңнан астам адам көшірілген.

2 маусым күні Шыңжаңдағы Жібек жолының «алтын торабы» атанып кеткен Алашанькоу қаласында Халықаралық коммуникациялар орталығының ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Орталық Азияның өзге де елдерінен келген оннан астам жетекші бұқаралық ақпарат құралының өкілдері қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Алашанькоу Шыңжаңның солтүстік-батысында орналасқан және Қазақстанмен шектеседі. Шыңжаңның батыс бағытындағы ашықтық саясатын жүзеге асыратын көптеген өткізу бекеттерінің ішінде Алашанькоу стратегиялық маңызы жоғары негізгі тораптардың бірі саналады.

Қытайдың Шыңжаң өңірі әлемге бұрынғыдан да кеңірек ашылып, көршілес елдермен және халықаралық қауымдастықпен байланысы нығайған сайын өңірге деген қызығушылық та артып келеді. Осы қажеттілікті ескере отырып, Алашанькоу Халықаралық коммуникациялар орталығы құрылды.

SteppeNews.kz: Астанадағы LRT «Тарлан Астана» деп аталады. Қалалық мәслихат отырысында жеңіл рельсті көлік жүйесінің атауын өзгерту ұсынылды, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек осылай деп мәлімдеді. Ономастика комиссиясы бірнеше нұсқаны талқылады. Нұсқалардың ішінде: «Қыран», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да атаулар болған. Комиссия мүшелері LRT-ға «Тарлан Астана» атауын беруді бірауыздан қолдады.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жаңа атау ұлттық болмысқа сай, есте сақтауға жеңіл әрі халықаралық форматқа бейімделген. «Тарлан» сөзі қазақ дүниетанымында еркіндік, жылдамдық, күш-қуат пен сенімділікті білдіреді.

SteppeNews.kz: Қырғызстан өз тарихында алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі мәртебесіне ие болды. Тиісті шешім БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру барысында қабылданды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Қырғызстан қажетті қолдауға қол жеткізіп, 142 мемлекеттің дауысын жинады. Ел Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметін 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқарады.

Қырғызстан бұл міндетті Австрия, Зимбабве, Португалия және Тринидад пен Тобаго елдерімен бірге жүзеге асырады. Ел билігі алдағы қызметінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, превентивті дипломатияны дамытуға, осал топтардың құқықтарын қорғауға және климаттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

SteppeNews.kz: Нормативтік актілерде «тенге» сөзі «теңге» болып жазылады. Ұлттық банк ресми құжаттардағы орфографияны өзгертуге қатысты түзету жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға жарияланды, деп жазады SteppeNews.kz. Бұл түзетулер тек терминологиялық және техникалық сипатқа ие, — деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері. Аталған өзгерістер 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияның жаңа редакциясына сәйкес құжаттарды бейімдеу үшін қажет. Жаңашылдықтар қаржылық операциялар ережелеріне немесе елдің ақша-несие саясатына әсер етпейді. Азаматтар маусымның 17-сіне дейін жобамен танысып, оны талқылауға қатыса алады.

SteppeNews.kz: Германияда ұшақтың шассиі кенеттен сынып кетті. Соның салдарынан әуе кемесінің тұмсық бөлігі жерге құлаған. Оқиға Франкфурт әуежайында лайнер Лос-Анджелеске ұшқалы тұрғанда болған, — деп хабарлайды SteppeNews.kz BAQ.kz-ке сілтеме жасап. Lufthansa әуе компаниясының қызметкерлері оқыс оқиға салдарынан жарақат алды. Boeing 787-9 Dreamliner ұшағының бортында экипаж мүшелері мен жерүсті қызметкерлері болған. Абыро болғанда, жолаушылар әлі отырғызылмаған еді. Lufthansa бірнеше қызметкердің жарақат алып, медициналық көмекке жүгінгенін растады. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге жарияланбады. Оқиғаның себептері белгісіз. Оның мән-жайын тиісті органдар тексеріп жатыр.

SteppeNews.kz: Алматыда жаңа метро желісінің жобасы басталды. Метрополитеннің үшінші кезегін салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге хабарландыру жарияланды. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы дерекке сәйкес, жоба құны 3 млрд теңгеге жуықтайды. Тапсырыс беруші мекеме — Алматы метрополитені, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Kaz.inform.kz—ке сілтеме жасап. Өтінімдер маусымның 4-інен маусымның 9-ына дейін қабылданады. Үшінші кезек «Қалқаман» метро бекетінен «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл желі Абай даңғылынан басталып, Алатау даңғылы арқылы Райымбек даңғылына дейін созылады. Соңғы станция «Барлық» базарында болады. Метро бекеттердің орналасуына тоқтала кетейік

№ 1 станция — Абай даңғылынан солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында

№ 2 станция— Төле би көшесінен солтүстіктегі Алатау даңғылы бойында

№ 3 станция — «Барлық» базарының аумағында, Райымбек батыр даңғылының оңтүстігінде, Алатау даңғылының батысында орналасады.

Толығырақ сайттан оқи аласыз.

Қазақстан мен Моңғолия арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды. 2-маусымнан бастап жолаушылар Астанадан Ұлан-Баторға небәрі 3 сағат 20 минутта жете алады.

Рейстер аптасына екі рет — сәрсенбі және жексенбі күндері Boeing-737 әуе кемесімен орындалады. Бұл бағыт бизнес өкілдері үшін іскерлік жоспарларды жеделдетуге, ал туристер үшін саяхатты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Алматы, Шымкент, Тараз, Өскемен, Ақтау және Павлодар тұрғындары үшін ыңғайлы түйісу рейстері қарастырылған.

Тәуелсіздігіміздің айшықты белгілері — Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Дәл бүгін, 1992 жылы еліміздің туы, елтаңбасы мен әнұраны бекітілген тарихи күн. Ал 2007 жылдан бастап бұл мереке ресми мәртебе алып, барша қазақстандықтар үшін мақтаныш күніне айналды.

Көк туымыз желбіреп, елтаңбамыздың беделі биік, әнұранымыз асқақтай берсін!

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға байланысты салық органдарынан хабарламалар келе бастады. Қаржы министрлігі бірінші тоқсанның деректерін талдап, тәуекелі бар азаматтарға алдын ала ескертулер жолдаған. Әзірге ешкімге айыппұл салынбаған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға байланысты салық органдарынан хабарламалар келе бастады. Қаржы министрлігі бірінші тоқсан деректерін талдады. Нәтижесінде мамырдан бастап азаматтарға ескертулер жібере бастады. Вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, бұл хабарламалар салық салуға дейінгі тәуекелдер туралы алдын ала ескерту ретінде жолданып жатыр. Әзірге ешкімге айыппұл салынған жоқ, азаматтарға деректерді алдағы декларацияларда түзетуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұған дейін ескерту алғандарға есеп беру үшін 30 күн берілетіні хабарланған