Архив доступен 2 900 сообщений С 2024 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

“Әділет” пен “Аманаттың” айырмашылығы неде?

Жаңа партияның төрағасы Айбек Дәдебай жауап берді. Бұл оның бұқаралық ақпарат құралдарына берген алғашқы сұқбаттарының бірі

“Біз “Ақ жол” партиясы қаламыз деп ойлаймын” - Еспаева өзге партиялармен бірігу туралы

“Ақ жол” партиясының су жаңа төрағасы Дәния Еспаева алдағы құрылтай сайлауы қарсаңында өзгелермен күш біріктіру туралы пікір айтты

“Ақ жол” партиясында төраға ауысты

Азат Перуашев 15 жыл басқарған партияның төрағалығынан бас тартты. Бүгінгі “Ақ жол” съезінде өз орнына Дәния Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

“Ақ жол” “құрылтайдан” бас тартты

“Ақ жол” партиясы “құрылтай” атауынан бас тартты. Бүгін өтіп жатқан жиында партия төрағасы Азат Перуашев бұдан былай “құрылтай” деп емес “съезд” деп атау керек деді

"Басымыз сонымен ауырып жатыр" - Қошанов әрі қарай қайда жұмыс істейтіні туралы

Журналистер Мәжіліс пен "Аманат" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтан екі партия біріккен соң қандай лауазымда болатыны туралы сұрады. Жауабында сенімділік басым па, күдік пе?

“Аманат” бүгін өлген жоқ” - Айдос Сарым

"Аманат" партиясының "Әділет" партиясымен бірігу туралы қарар қабылдауы - қазіргі билік партиясының ақыры ма? Мәжіліс депутаты Айдос Сарым оған әлі ерте деп отыр. Өзге де делегаттардың пікірі Tiek YouTube арнасында

Текст материала отсутствует.

Әділетке Аманаттың қосылуы ақылға қонымсыз емес пе? - Қошановтың жауабы

Партияның шешімі қисынды ма? “Аманат” партиясының төрағасы Ерлан Қошанов түсініктеме берді

Аманат партиясы Әділет партиясына қосылады

Бүгін өтіп жатқан съезд барысында осындай шешім қабылданды. Делегаттар бірінен соң бірі осы бастаманы қолдап, сөз сөйлегеннен кейін партияның төрағасы Ерлан Қошановтың өзі нүктесін қойды.

Банкроттықты рәсімдеу процесі жеңілдеді

Толығырақ: https://tiek.kz/kz/archives/5982

© Tiek.kz

«Үкімет қандастарға кедергі жасап, келімсектерге жасыл дәліз жасап отыр» — Мәжіліс депутаты

Толығырақ: https://tiek.kz/kz/archives/5933

© Tiek.kz

«Турнирлерге өз қаражатымнан барамын»: Бибісара Асаубаева Президенттен неге көмек сұрады?

Қазақстанның мақтанышы, блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, спорттағы қаржыландыру мәселесіне араша түсуді сұрады.

Шахматшы қандай мәселелерді көтерді?

Өз қалтасынан төлейді: Әлемдегі ең беделді турнирлерге (соның ішінде Norway Chess) қатысу үшін Бибісара өз жүлде қоры мен ата-анасының қаражатын жұмсауға мәжбүр екенін жеткізді.

Жалақының қысқаруы: Спорт министрлігіне жаңа басшылық келгелі оның жалақысы үш есеге қысқарған. Ал секунданттары мен аналитиктеріне төленетін еңбекақы (Sport Qory тарапынан) ешқандай түсініктемесіз тоқтап қалған.

Берілмеген марапат: 2025 жылдың соңында Президенттің жарлығымен берілген II дәрежелі «Барыс» орденін ол әлі алмаған. Марапатты алу үшін Астанаға 3 рет келгенімен, жиын үнемі кейінге шегеріліпті.

«Сәуір және мамыр айларында Сіздің атыңызға үш хат жолдадық. Әлі күнге дейін жауап жоқ. Хаттарды министрге WhatsApp арқылы да жібердік. Үнсіздік. Алда маңызды жарыстар, оқу-жаттығу жиындары және үлкен жұмыс күтіп тұр. Маған не істеу керек, құрметті Президент?» — деп ағынан жарылды Бибісара Асаубаева.

Еліміздің атын әлемге танытып жүрген чемпионның осындай күйге түсуіне кім кінәлі деп ойлайсыз?

БибісараАсаубаева

«Аманат» пен «Әділет» партиялары осы аптада съезд өткізеді

Жуырда ғана тіркелген «Әділет» партиясының екінші съезі 14 маусымда Астанада өтеді. Партия төрағасы Айбек Дәдебай қол қойған қаулыға сәйкес, жиында партияның даму бағыттары мен ұйымдық мәселелері талқыланады.

Ал биліктегі «Аманат» партиясы өзінің XXVI съезін 12 маусымға жоспарлаған. Әзірге оның күн тәртібі жарияланған жоқ.

Кейбір қазақстандық БАҚ бұл съездер қарсаңында екі партияның бірігуі мүмкін деген болжам айтуда. Мұндай пікірлер алдағы Құрылтай сайлауына байланысты күшейген.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров партия ішінде болашаққа қатысты түрлі ұсыныстар талқыланып жатқанын айтқан. Оның сөзінше, бір топ мүшелер президентті қолдайтын бірыңғай саяси блок құруды ұсынса, енді біреулері «Әділет» партиясымен күш біріктіруді қолдайды.

Еске салайық, Қазақстанда жаңа Конституцияға сәйкес бір палаталы парламент – Құрылтай құрылады. Оның құрамында 145 депутат болады және олар тек партиялық тізім бойынша сайланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамыз айында өтетінін мәлімдеген.

Армения 2025 жылы да ҰҚШҰ-ға мүшелік жарна төлемеген

Бұл туралы Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян парламентте мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ереван ұйымның жұмысына қатыспағандықтан, мүшелік жарна төлеуді қажет деп санамаған. Армения бұған дейін 2024 жылға арналған жарнаны да төлемеген.

Ал маусым айының басында премьер-министр Никол Пашинян елдің ҰҚШҰ жұмысына қайта оралмайтынын мәлімдеген болатын.

Пашинянның сөзінше, Арменияның ұйымдағы мүшелігі тоқтатылған күйде қалып отыр және қызметін қайта жандандыру бойынша ешқандай қадам жасалмайды. Бұл ұстаным билік партиясының сайлауалды бағдарламасында да көрсетілген.

Алматыда кофехананың үстіне ғимараттың сыртқы қаптамасының бір бөлігі құлады

Оқиға кезінде кофеханада адамдар болғанымен, абырой болып ешкім зардап шеккендер жоқ. Құлаған қаптама жазғы алаңның бір бөлігін зақымдаған. Оқиға орнында тиісті қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандар қаптаманың не себепті құлағанын анықтауда. Алдын ала болжам бойынша, оған конструкцияның тозуы немесе бекіту элементтерінің әлсіреуі әсер етуі мүмкін.

Қала тұрғындарына мұндай жағдайлар кезінде қауіпті аумақтан алыс болып, төтенше жағдай қызметтерінің нұсқауларын орындау ұсынылды.

Иран әскери басшылығы Израильге қарсы операцияның аяқталғанын мәлімдеді

Иран әскери қолбасшылығы Израильге қарсы жүргізілген операцияның аяқталғанын хабарлады.

Алайда ресми Тегеран егер Израиль тарапынан Ливан аумағына қайтадан соққы жасалса, жауап әрекеті бұдан да ауқымды әрі қуатты болатынын ескертті.

Иран тарапының мәлімдеуінше, қазіргі уақытта әскери операция тоқтатылғанымен, өңірдегі жағдай жіті бақылауда ұсталып отыр.

Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын туғызып отыр. Сарапшылар аймақтағы кез келген жаңа әскери қақтығыс өңірлік қауіпсіздікке елеулі әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Бүгін доллардың орташа бағамы 484 теңге 78 тиын болды

Бұл жұма күнгі көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 2 теңге 66 тиынға төмен.

Еске салайық, жұма күні АҚШ долларының бағамы 487 теңге 44 тиын деңгейінде қалыптасқан еді.

Осылайша, аптаның алғашқы сауда күнінде ұлттық валюта шетел валютасына қатысты өз позициясын біршама күшейтті.

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 23,8 миллион гектар жерге егілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық.

Оның ішінде дәнді дақылдар – 14,6 млн гектар

майлы дақылдар – 4,2 млн гектар

мал азығы дақылдары – 1,2 млн гектар

мақта – 166 мың гектар

көкөніс – 120 мың гектар

картоп – 126 мың гектар

бақша дақылдары – 84 мың гектар

қант қызылшасы – 22 мың гектар.

Негізгі астықты өңірлер – Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары.

Үкіметтің мәліметінше, биылғы науқанда жоғары табыс әкелетін майлы және мал азығы дақылдарының үлесін арттыруға басымдық берілген.

АҚШ санкцияларынан кейін Кубада шетелдік компаниялар қызметін қысқартып жатыр

Соңғы өзгерістерге байланысты халықаралық төлем жүйелері Visa мен Mastercard арқылы жүргізілетін бірқатар операциялар тоқтатылды. Бұған Кубаның қаржы құрылымдарымен жұмыс істеген шетелдік банктің серіктестікті үзуі себеп болған.

Санкциялар негізінен Куба экономикасының маңызды бөлігін бақылайтын мемлекеттік конгломератқа бағытталған. Осы жағдайдан кейін бірнеше халықаралық қонақүй желісі елдегі қызмет көлемін қысқартты.

Сонымен қатар никель мен кобальт өндіру саласында жұмыс істейтін ірі канадалық компания да өз қызметін уақытша тоқтатқан.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер Куба экономикасына қосымша қысым түсіруде. Қазір елде электр энергиясының тапшылығы, жанармай жетіспеушілігі, ұлттық валютаның құнсыздануы және халықтың шетелге жаппай көшуі сияқты мәселелер күрделене түскен.