Архив доступен 476 сообщений С 2026 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

27 маусым күні Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті.

Оның орнына Нұрсұлтан Шоқанов сайланды. Осыдан кейін желі қолданушылары оның ұлы блогер Ибраһим Шоқанов екенін айтты.

Ал бұл блогер бұған дейін «Қазақ хандығы қашан құрылды?» деген сұраққа жауап бере алмаған еді.

Бір жиында өзіне сұрақ қойған адамға ол: «Бізде Қазақстан тарихы жоқ. Біз ағылшын мектебінде оқимыз» деп жауап берген.

Ал желі жұрты «Қазақстан тарихын білмейтін адамның әкесі қалай басшы болады» деп отыр.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Қазақстан халық партиясының төрағасы ауысты

Партия төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов болды.

Бұл жөнінде партияның ресми сайты хабарлады.

Жиынның өтетіні туралы алдын ала хабарлама болмаған. Бұл жолы да кезектен тыс өткен сьезге журналистерді қатыстармаған.

Ал төрағалықтан кеткен Ермұхамет Ертісбаев бұрынғы президент Назарбаевтың көп жыл кеңесшісі болды. Ол партияны 2022 жылдан бері басқарған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

«4 айдан бері қамауда отыр.Медициналық көмекке зәру»

Белсенді Санжар Боқаевтың видеографы Ұлан Нүсіпқожаның әйелі видео жариялап, күйеуінің «медициналық көмекке зәру» екенін айтты.

Алматы тергеу соты Санжар Боқаевтың қамау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзартты.

Естеріңізге сала кетейік, Боқаевпен бірге оның операторы Ұлан Нүсіпқожа да қамауға алынған.

18 наурыз белсенді Санжар Боқаев ұсталды.

Бас Прокуратура ақпаратына қарағанда, Боқаев табысы аз адамдарға ақша беріп, ағаш кескізіп, ұрлық жасауға тапсырыс берген.

Прокуратура «Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты және қоғамды теріс пікір қалыптастыру мақсатында видео жариялады» деп хабарлады.

Борейко | Telegram

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Қайырлы таң, оқырман!

Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз

Өзбекстан құрамасы Әлем кубогынан шығып қалды.

Журналист Әсет Матаев бұзақылық ісі бойынша жәбірленуші боп үш айдан кейін ғана танылды.

Әмір Қасенов аштығын тоқтатты

Венесуэлада жер сілкінісінен 1400 аса адам қаза болды.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Бүгін Қазақстан журналистері күні!

Ақпаратты қоғамға жеткізіп, шындықты айту жолында еңбек етіп жүрген журналистер, кәсіби мереке құтты болсын!

Сөз еркіндігі – талап ететін емес, қорғалуы тиіс құқық.

Журналистерді қудалау тоқтап, олардың еркін әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне толық кепілдік берілуі керек.

Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз!

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Тіл кеспек жоққа

«Назарбаев туралы сөзді алып тастаңдар»

Қазақ ауылындағы жекешелендіру саясаты туралы «Әбіл» фильмі цензураға ұшырады

Бұл туралы актер Ерлан Төлеутай айтып отыр.

«Францияда екі ай прокатта жүрген “Әбіл” фильмі Қазақстанда екі күн жүрмей жатып, президент аппараты мен мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қысымға түсе бастады. Олар Назарбаевқа қатысты фильмнің қысқа үзіндісін ғана көріп, сол тұсты мүлде кесіп, алып тастауға бұйрық беріпті», — деді Ерлан Төлеутай.

Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда Қазақстандағы жекешелендіру саясаты туралы «Әбіл» фильмі прокатқа шыққан.

Режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 1993 жылы қазақ ауылында болған жекешелендіру саясатын суреттейді.

Фильм Совет Одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде приватизация орын алған кезеңдегі халықтың әлеуметтік-саяси шешімдерге араласа алмауы жайында.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Тіл кеспек жоққа

«Сіз үшін тағы не істей аламыз?»

Қазақстанда рублін өткізе алмаған ресейлік әйел шағымданды.

Бұл туралы threads желісіне amure_qaz02 жазды.

Ресейлік әйел Қазақстанда рублін ауыстыра алмай қалған.

Оның сөзінше, Kaspi бөлімшесінде оған «рубльмен жұмыс істемейміз» деп жауап берген. Ал «centercredit» банкі «рубльге» ауыстырып берген.

Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылап жатыр.

Бірі «сенің рублің кімге керек» десе, бірі «Ресейдің шекаралас қалаларында теңгемізді қабылдамайды рубльге ауыстыру үшін. Сол керек сендерге» деп жазған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» және «Айыппұлстан» деп атайтын депутаттарды сынады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір адамдардың, соның ішінде депутаттардың да Қазақстанды «Штрафстан» немесе «Айыппұлстан» деп атайтынын сынға алды.

«Елімізді ұнатпайтын, оған менсінбей қарайтын кейбір адамдар, өкінішке қарай, олардың арасында депутаттар да бар, біздің құқықтық шараларымызды "Штрафстан" немесе "Айыппұлстан" деп атайды», — деді Тоқаев.

Тоқаевтың сөзінше, құқық қорғау органдары заң бұзғандарға қатысты қатаң шара қолданып, жауапкершілікке тартуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстанды «Штрафстан» деп атағандардың бірі депутат Азат Перуашев болған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Апелляция соты бұрынғы дін қызметкері Иаков Воронцовты психиатрия емханасында қалдырды

Ресей шіркеуінен бөлек тәуелсіз шіркеу құруды қолдаған бұрынғы дін қызметкері Яков Воронцовты психиатриялық стационарға жатқызу туралы шешім өзгеріссіз қалды.

Бұл жөнінде «Власть» басылымына адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.

Оның сөзінше, қазір Воронцов Алматы қаласындағы Ақтас мекемесінде. Дәрігерлер оны бақылап, арнайы комиссияның қорытындысын дайындап жатыр.

Адвокаттың сөзінше, әзірге Воронцовқа ешқандай ем жасалып жатқан жоқ. Себебі алдымен нақты диагноз қойылуы керек.

Сондай-ақ адвокат сотқа дейінгі тергеу кезінде жүргізілген психиатриялық сараптама барысында заң бұзушылықтар болғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Воронцов 2022 жылы Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырған. Human Rights Watch оны психиатриялық емдеуге мәжбүрлеп жіберуді саяси астары бар деп есептейді.

Алматы соты Иаков Воронцовты «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну» бабы бойынша айыпты деп отыр.

Ол 13 ақпаннан бері тергеу изоляторында қамауда отыр.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

«Тоқаев таңдайды судьяларды» —

белсенді Эльвира Бекзадина екі жылға сотталды.

Астанада тіркелмеген «Алға, Қазақстан» партиясының белсендісі 2 жылға сотталды.

Белсендінің кәмелетке толмаған баласы болғасын үкім бір жылға кейін шегерілді. Ол сот шығарған шешімге келіспейді.

Сот ақпаратына қарағанда, Бекзадинаға Қылмыстық кодекстің 380 және 378-баптары бойынша айып тағылған.

Ол полиция қызметкерін жарақаттап, оны балағаттаған.

Естеріңізге сала кетейік, белсенді 16 желтоқсан екі айға үйқамаққа алынды.

Адвокат пен белсенділердің сөзінше, қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенді Элвира Бекзадина 16 желтоқсанда күндізгі сағат 11-де Астанада саяси құрбандарға гүл шоғын қою үшін кішкентай екі қызын ертіп үйінен шыққан. Сол уақытта полиция қызметкерлері белсендіні ұстап әкеткен.

Белсендінің үстінен 380-бап ("полиция қызметкеріне күш көрсету") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Видео | дереккөз | instagram: toikenmedia

Telegram ~ Instagram ~Threads

«5 айда 13 апат болған»

«Қазмырышта» болған жарылыстың себебі айтылды.

Қазақстандағы ірі өндіріс нысандарында бес айдың ішінде 43 оқиға мен 13 апат болған.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді.

Оның сөзінше, «Қазмырыштағы» апатқа тозған жабдықты уақтылы ауыстырмау себеп болуы мүмкін.

«Он апат бойынша тергеу аяқталды. «Востокцветмет» шахтасында және «Қазмырыш» зауытында бірнеше жұмысшы қаза болған оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр», – дейді министр.

Еске салсақ, 5 мамыр күні Өскемендегі «Қазмырыш» зауытында жарылыс болды.

Шаң ұстайтын қондырғы жарылып, артынша өрт шыққан. Соның салдарынан ғимараттың бір бөлігі құлаған.

Салдарынан үш жұмысшы қаза болды.

Telegram ~ Instagram ~Threads

Қазақстан халқы саны 20,5 миллион адамға жетті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 1 мамырдағы есеп бойынша Қазақстанда 20 миллион 563 мың адам тұрады.

Жыл басынан бері халық саны 0,31 пайызға көбейген.

Қала тұрғындарының саны төрт айда 13 миллион 153,7 мың адам

ал ауыл тұратындар 7 миллион 409,3 мың адам болды.

Қазір қазақстандықтардың 63,9 пайызы қалада, 36,1 пайызы ауылда тұрады.

Telegram ~ Instagram ~Threads

«Қазақ тілін сұраған бір ауыз сөзі үшін 4 жылға сотталды»

Мирболат Мырзатайұлының туыстары бостандық талап етті.

«Қазақ тілінде жауап беріңіз» дегені үшін істі болған Мирболат Мырзатайұлының туыстары белсендіні босатуды талап етіп отыр.

«Оған жала жапты.

Қазір абақтыда отыр. Оның айыбы «қазақ тілінде жауап беріңіз» деген сөзі», — деді белсендінің әпкесі Гүлнәр Мырзатайқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Сот Мирболат Мырзатайұлын 174-баптың 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырған.

Мирболат Мырзатайұлы «Көк-Төбе» тұрғын үй кешені кооперативінің басшысымен сөзге келіп, «Мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттісіз» дегені үшін істі болған.

Видео | дереккөз: aramedia

Telegram ~ Instagram ~Threads

әсер етуі мүмкін

Екібастұзда жүк көлігі баласымен бірге тұрған әйелді қағып кетті

Оқиға 24 мамыр Екібастұз қаласында болған.

Желді жариялаған бейнебақылау камерасына түскен видеода газель көлігі артқа жүріп келе жатып, баласымен келе жатқан әйелді қағып кеткен.

Салдарынан 27 жастағы әйел ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының сөзінше, қазір оның жағдайы бірқалыпты, тұрақты. Оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр. Баласы медицина көмегіне жүгінбеген.

Оқиғаға қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Жүк көлігі арнайы айып тұрағына қойылған.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Алматыдағы жол апаты: заңгер сотта өз кінәсін толық мойындаған

1 маусым күні Алмалы аудандық сотында заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханға қатысты іс бойынша сот процесі басталды.

Бұл туралы ordakz басылымы жазды.

Айыпталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындайтынын мәлімдеді.

Оған Қылмыстық кодекстің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша айып тағылған.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шұмаев жәбірленуші деп танылды.

Әділетханнан жәбірленуші Ержан Ұзабаев пен Серік Шұмаев 11 млн теңге талап етіп отыр.

Келесі сот отырысы 16 маусымға белгіленді.

Естеріңізгеі сала кетейік, 30 наурыз күні заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханды полиция қамауға алды. Кейін оның 10 күнге, сосын 2 айға қамалғаны белгілі болды.

Ол Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты ойын айтып, полицияны сынап видео жариялаған еді.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын!

Әр баланың балалық шағы бақытқа, мейірімге, қызықты оқиғалар мен пайдалы кітаптарға толы болсын!

Балалардың қиялын дамытып, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын 5 кітапты назарларыңызға ұсынамыз.

Ал сіз балаңызға қандай кітап ұсынар едіңіз?

Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз!

Telegram ~ Instagram ~ Threads

«Әділет» партиясы ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өтті

Бұл туралы партияның төрағасы Айбек Дәдебай

мәлімдеді.

Партия билік саясатын қолдайды.

«Бүгін «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған саяси реформалардың нәтижесінде еліміздің саяси жүйесі ашық әрі бәсекеге қабілетті бола түсті», – деп мәлімдеді Дәдебай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін партияның саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжехан «Оппозиция емеспіз» деген.

Желіде жұрт «Әділет» партиясын «Қуыршақ партия» деп сынаған.

Қазір Қазақстанда ресми тіркелген 7 партия бар.

Әділет министрлігі «Алға, Қазақстан» оппозициялық ұйымын бірнеше рет тіркемей қойып, «құжаттар заң талабына сай емес» деп түсіндерген.

Мұны ұйым өкілдері саяси астары бар деп ойлайды.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

«Туыстары кешірген»

Алматыда үш адамның өмірін қиған әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша сотта Александр Пак өз кінәсін толық мойындады

Жол апатынан Mercedes-ті тізгіндеген жүргізуші Еламан мен екі бойжеткен: Құмар мен Томирис қаза тапты.

Бүгінгі сот отырысында Еламан мен Құмардың туыстары Александрды кешірген.

Томиристің туыстары бүгін өткен сотқа қатыспаған.

Соған байланысты сот істі қайта қарауды 4 маусымға шегерді.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Қазақстанда 6,9 млн бала бар

18 жасқа толмаған балалар ең көп өңір

Түркістан облысы — 910 мың бала.

Алматы — 689 мың бала.

Алматы облысы — 572 мың бала.

Тоқаев балаларды қорғау мерекесімен құттықтады.

Президент құттықтау сөзінде жақында ғана қабылданған жаңа Конституцияны да атап өткен.

Оның сөзінше, «отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды».

Тоқаев мерекелерде жаңа Конституция туралы жиі айтады.

Telegram ~ Instagram ~ Threads

«Бір ғасыр өтсе де, саяси қудалау әлі жалғасып жатыр»

Қазақстанда қазір қанша саяси тұтқын бар?

Құқық қорғаушы «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қазақстанда 31 саяси тұтқын барын еске салды, олардың аты-жөнін, тізімін жариялады.

PaperLab зерттеу ұйымының жетекшісі, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев сөзінше, «бір ғасыр өтсе де, саяси қудалау әлі жалғасып жатқанын» жазды.

Төреғожинаның парақшасы

Telegram ~ Instagram ~ Threads

Тіл кеспек жоққа