Архив доступен 279 сообщений С 2025 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

5 июня – Всемирный день окружающей среды: экотуризм, агротуризм и бережное отношение к природе

5 июня — международная дата, призванная привлечь внимание к вопросам сохранения природы и рационального использования природных ресурсов.

Казахстан обладает значительным потенциалом для развития экологического туризма. Сегодня в стране функционируют 14 государственных национальных природных парков. По итогам 2025 года их посетили более 3,7 млн человек.

Экотуризм является одним из приоритетных направлений развития туристской отрасли, поскольку способствует сохранению природных территорий, развитию регионов и созданию новых возможностей для местного населения.

В рамках развития экотуризма с 2021 года национальной компанией Kazakh Tourism проводятся обучающие программы по открытию и ведению гостевых домов. На сегодняшний день обучением охвачено 24 населенных пункта в 10 регионах Казахстана.

Для повышения качества туристской инфраструктуры на особо охраняемых природных территориях в стране созданы 31 визит-центров, в том числе в национальных парках Бурабай, Иле-Алатау, Чарын, Алтын-Эмель и Катон-Карагай. Также развиваются экотропы, места отдыха и объекты экологичного размещения.

Одним из успешных примеров развития туризма на основе местных сообществ является село Саты Алматинской области, которое в 2023 году получило международную награду «Best Tourism Villages by UN Tourism».

Активное развитие также зафиксировано в отрасли агротуризма. С 2020 года Kazakh Tourism проводит работу по выявлению перспективных агротуристских объектов и обучению сельских жителей. На сегодняшний день с вводными курсами по агротуризму ознакомлено более чем 50 населенных пунктов 9 регионов страны.

Министерство туризма и спорта Республики Казахстан продолжит работу по развитию экологического и агротуризма, направленную на сохранение природного наследия, повышение туристской привлекательности регионов и поддержку местных сообществ.

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні: экотуризм, агротуризм және табиғатқа ұқыпты көзқарас

5 маусым – табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңыздылығына қоғам назарын аударуға арналған халықаралық күн.

Қазақстанда экологиялық туризмді дамытуға зор әлеует бар. Бүгінде елімізде 14 мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыс істейді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша парктерге 3,7 миллионнан астам адам келген.

Экотуризм – туристік саланы дамытудың басым бағыттарының бірі. Ол табиғи аумақтарды сақтауға, өңірлердің дамуына және жергілікті тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Экотуризмді дамыту аясында 2021 жылдан бастап Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қонақ үйлерді (guest house) ашу және басқару бойынша оқыту бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда бағдарлама 10 өңірдегі 24 елді мекенді қамтыды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристік инфрақұрылым сапасын арттыру мақсатында елімізде 31 визит-орталық жұмыс істейді. Олардың қатарында Бурабай, Іле-Алатауы, Шарын, Алтын-Емел және Катонқарағай ұлттық парктері бар. Сонымен қатар экологиялық соқпақтар, демалыс аймақтары және экологиялық орналастыру нысандары дамытылып жатыр.

Туризмді жергілікті қауымдастықтар негізінде дамытудың табысты үлгілерінің бірі – Алматы облысындағы Саты ауылы. Ауыл 2023 жылы БҰҰ Туризм ұйымының Best Tourism Villages халықаралық марапатына ие болды.

Агротуризм саласында да оң динамика байқалады. 2020 жылдан бері Kazakh Tourism ауыл тұрғындарын оқыту және әлеуетті агротуристік нысандарды анықтау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта агротуризм бойынша кіріспе курстар 9 өңірдегі 50-ден астам елді мекенді қамтыған.

Туризм және спорт министрлігі экологиялық және агротуризм бағыттарын дамыту жұмыстарын жалғастырады. Бұл бастамалар табиғи мұраны сақтауға, өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған.

The Spirit of Tengri в Алматы: мировые этно-хиты, open-air и выступление голоса Enigma

7 июня 2026 года в Алматы на площади Абая при поддержке акимата города Алматы состоится международный фестиваль современной этнической музыки The Spirit of Tengri — одно из крупнейших open-air событий Центральной Азии в жанре world music и ethno fusion.

Фестиваль является якорным мероприятием Календаря событийных мероприятий Республики Казахстан и включён в Календарь туристских мероприятий на 2026 год, утверждённый Министерством туризма и спорта Республики Казахстан, что подтверждает его высокий статус в системе продвижения туристского потенциала страны.

Специальным гостем фестиваля станет Andru Donalds, чьи композиции, исполненные в составе проекта Enigma, получили мировое признание и стали частью музыкального наследия нескольких поколений слушателей.

Фестиваль The Spirit of Tengri ежегодно объединяет исполнителей из разных стран, представляющих современные направления этнической музыки, включая world music, ethno fusion и экспериментальные формы, сочетающие традиционное звучание и современные музыкальные технологии. За годы проведения проект стал важной международной площадкой культурного обмена и продвижения этнической музыкальной сцены.

На территории фестиваля будут организованы тематические зоны: Ethno Market, foodcourt, зоны отдыха, а также интерактивные и партнерские площадки. Начало работы фестивального пространства — в 12:00, вечерняя музыкальная программа стартует в 18:00.

Особое внимание уделено поддержке отечественных исполнителей: впервые в рамках фестиваля проводится open call для казахстанских музыкантов и коллективов, работающих в жанрах этно, фолк и contemporary world music.

Фестиваль The Spirit of Tengri впервые прошел в Алматы в 2013 году и за годы проведения стал одним из ключевых культурных событий региона. В 2026 году проект получил международное признание, заняв первое место премии bema! Best Experience Marketing Awards в номинации «Международный фестиваль».

The Spirit of Tengri Алматыда: әлемдік этно-хиттер, ашық аспан астындағы фестиваль және Enigma дауысының өнер көрсетуі

7 маусымда Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен заманауи этникалық музыкаға арналған халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді. Бұл – Орталық Азиядағы world music және ethno fusion бағыттарындағы ең ірі ашық аспан астындағы музыкалық фестивальдердің бірі.

Фестиваль Қазақстан Республикасының Іс-шаралар күнтізбесіндегі негізгі мәдени жобалардың қатарына кіреді және Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылғы туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Бұл оның еліміздің туристік әлеуетін насихаттаудағы маңызды орнын айқындайды.

Фестивальдің арнайы қонағы — Andru Donalds. Оның Enigma жобасы құрамында орындаған композициялары әлемдік деңгейде мойындалып, бірнеше буын тыңдарманның музыкалық мұрасына айналған.

The Spirit of Tengri фестивалі жыл сайын әртүрлі елдерден келген өнерпаздарды бір сахнада тоғыстырады. Олар этникалық музыканың заманауи бағыттарын, соның ішінде world music, ethno fusion және дәстүрлі әуендерді заманауи музыкалық технологиялармен ұштастыратын эксперименттік жанрларды ұсынады. Осы жылдар ішінде жоба мәдени байланыстарды нығайтуға және этникалық музыка өнерін халықаралық деңгейде танытуға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

Фестиваль аумағында Ethno Market жәрмеңкесі, фудкорт, демалыс аймақтары, сондай-ақ интерактивті және серіктестік алаңдар ұйымдастырылады. Фестиваль алаңының жұмысы сағат 12:00-де ашылып, кешкі музыкалық бағдарлама 18:00-де басталады.

Биыл отандық өнерпаздарды қолдауға ерекше көңіл бөлінбек. Алғаш рет фестиваль аясында этно, фолк және contemporary world music бағыттарында жұмыс істейтін отандық музыканттар мен шығармашылық ұжымдар үшін ашық іріктеу жарияланды.

The Spirit of Tengri фестивалі алғаш рет 2013 жылы Алматыда ұйымдастырылып, уақыт өте келе өңірдегі ең маңызды мәдени оқиғалардың біріне айналды. Ал 2026 жылы жоба халықаралық деңгейде мойындалып, bema! Best Experience Marketing Awards сыйлығының «Халықаралық фестиваль» аталымы бойынша бірінші орынға ие болды.

Сегодня в Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан состоялась встреча и.о. председателя Комитета индустрии туризма МТС РК Байжанова Нурбола с казахстанскими тревел-контентмейкерами Адилетом Рахметолла и Аязом Тулеевым.

В ходе встречи от имени Министерства блогерам была вручена ведомственная награда «Туризм саласының үздігі» за значительный вклад в продвижение внутреннего туризма, популяризацию туристского потенциала регионов страны и формирование позитивного имиджа Казахстана в цифровом пространстве.

Адилет Рахметолла @adilet_rakhmetolla и Аяз Тулеев @ayaz_tyuleyev — казахстанские тревел-блогеры и цифровые контент-креаторы, создающие материалы о путешествиях по регионам Казахстана. В своих публикациях они освещают природные и культурные достопримечательности страны, туристские маршруты, а также актуальные направления внутреннего туризма. Их деятельность направлена на популяризацию путешествий по Казахстану, развитие интереса к внутреннему туризму среди широкой аудитории и продвижение туристского потенциала регионов через социальные сети.

Напомним, в мае этого года подписан меморандум между Министерством туризма и спорта и Министерством экологии и природных ресурсов, направленный на популяризацию экотуризма. В рамках сотрудничества блогерам и пилотам дронов будет обеспечен упрощенный доступ на территории особо охраняемых природных объектов для создания туристического контента.

Отдельно отмечено, что Министерство туризма и спорта совместно с НК «Kazakh Tourism» в дальнейшем планируют развивать системное сотрудничество с тревел-блогерами и цифровыми креаторами в целях продвижения туристского потенциала Казахстана, расширения международной и внутренней аудитории, а также усиления присутствия страны в глобальном цифровом медиапространстве.

Развитие партнерства с цифровыми креаторами рассматривается как одно из ключевых направлений государственной политики в сфере туризма, направленное на усиление продвижения Казахстана как привлекательного направления для внутреннего и въездного туризма.

Туризм және спорт министрлігінде Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов отандық тревел-контент жасаушылар Әділет Рахметолла мен Аяз Төлеевпен кездесті.

Кездесу барысында министрлік атынан блогерлерге ішкі туризмді дамытуға, еліміздің өңірлерінің туристік әлеуетін насихаттауға және Қазақстанның цифрлық кеңістіктегі оң имиджін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін «Туризм саласының үздігі» ведомстволық наградасы табысталды.

Әділет Рахметолла (@adilet_rakhmetolla) мен Аяз Төлеев (@ayaz_tyuleyev) – Қазақстан өңірлеріне арналған саяхат тақырыбындағы контент әзірлейтін отандық тревел-блогерлер және цифрлық креаторлар. Олар өз жарияланымдарында еліміздің табиғи және мәдени көрікті жерлерін, туристік бағыттарды, сондай-ақ ішкі туризмнің өзекті бағыттарын кеңінен насихаттап жүр. Яғни Қазақстан бойынша саяхаттауды дәріптеуге, қалың жұртшылықтың ішкі туризмге қызығушылығын арттыруға және әлеуметтік желілер арқылы өңірлердің туристік мүмкіндіктерін ілгерілетуге сүбелі үлес қосып келеді.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында экотуризмді дамыту және дәріптеу мақсатында Туризм және спорт министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі арасында меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық аясында туристік контент әзірлеу үшін блогерлер мен дрон операторларына ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кірудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.

Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ҰК АҚ алдағы уақытта тревел-блогерлермен және цифрлық креаторлармен жүйелі ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Бұл жұмыс Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен танытуға, ішкі және халықаралық аудиторияны ұлғайтуға, сондай-ақ еліміздің жаһандық цифрлық медиакеңістіктегі танымалдылығын арттыруға бағытталады.

Цифрлық креаторлармен серіктестікті дамыту туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Негізгі мақсат – Қазақстанды ішкі және келу туризмі үшін тартымды бағыт ретінде халықаралық деңгейде тиімді ілгерілету.

Имантау-Шалкарская курортная зона: в СКО обсудили перспективы развития туристского потенциала региона

29 мая в акимате Северо-Казахстанской области состоялось совещание по вопросам развития туризма в Имантау-Шалкарской курортной зоне с участием Вице-министра туризма и спорта Республики Казахстан Серика Жарасбаева. Заседание прошло под председательством заместителя акима Северо-Казахстанской области Жусупа Рахатовича Жумагулова.

В мероприятии также приняли участие представители НК «Kazakh Tourism», Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан, ГНПП «Кокшетау», компании ZOLO Group и государственных органов области.

В ходе совещания рассмотрены вопросы развития туристской инфраструктуры, привлечения инвестиций и повышения туристской привлекательности Имантау-Шалкарской курортной зоны. Особое внимание уделено дальнейшим мерам по развитию одного из приоритетных туристских направлений страны.

Генеральный директор ZOLO Group Юлия Золотых представила предложения по комплексному развитию туристских дестинаций и созданию современной комфортной среды для отдыхающих.

По итогам встречи участники подтвердили готовность к дальнейшему взаимодействию и реализации совместных проектов, направленных на раскрытие туристического потенциала региона и повышение качества туристских услуг.

Имантау–Шалқар курорттық аймағы: Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің туристік әлеуетін дамыту мүмкіндіктері талқыланды

29 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың қатысуымен Имантау–Шалқар курорттық аймағындағы туризмді дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жұмағұлов Жүсіп Рахатұлы төрағалық етті.

Кеңес жұмысына сондай-ақ «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ZOLO Group компаниясының өкілдері және облыстық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кездесу барысында туристік инфрақұрылымды жетілдіру, инвестиция тарту және Имантау–Шалқар курорттық аймағының туристер үшін тартымдылығын арттыру мәселелері қаралды. Елдегі басым туристік бағыттардың бірі саналатын бұл өңірді одан әрі дамытуға бағытталған шараларға ерекше назар аударылды.

ZOLO Group компаниясының бас директоры Юлия Золотых туристік бағыттарды кешенді түрде дамыту және демалушыларға қолайлы әрі заманауи орта қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің туристік әлеуетін толық ашуға және көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

«Тары Fest – 2026»: в Актобе пройдет масштабный фестиваль национальной кухни и этнокультуры

30 мая 2026 года в парке «Астана» города Актобе состоится масштабный гастрономический фестиваль «Тары Fest», направленный на популяризацию национальной кухни и продвижение туристского потенциала региона.

Фестиваль включен в Календарь якорных туристских мероприятий на 2026 год, утвержденный Министерством туризма и спорта Республики Казахстан. Мероприятие нацелено на развитие событийного и гастрономического туризма, а также укрепление культурного имиджа страны.

Главная цель фестиваля — продвижение актюбинского тары (проса) как уникального гастрономического бренда региона, сохранение национальных традиций и развитие этнотуризма.

Гостей фестиваля ожидает насыщенная программа, объединяющая национальный колорит и атмосферу Великой степи. В рамках мероприятия будут представлены блюда из тары, выставка национальной кухни, концертная программа, этнопространства, тематические фотозоны и национальные спортивные игры. Также для посетителей подготовлены выступление фольклорного ансамбля «Серпін», дефиле национальной одежды, показ «Бұрымды қыздар», мужское этнодефиле и площадка «Национальная выставка под открытым небом».

Фестиваль станет площадкой для знакомства с богатым культурным наследием казахского народа, традициями национальной кухни и самобытной культурой Актюбинской области.

Tary Fest – 2026: Ақтөбеде ұлттық тағамдар мен этномәдениетті ұлықтайтын ауқымды фестиваль өтеді

30 мамырда Ақтөбе қаласындағы «Астана» саябағында ұлттық тағамдарды дәріптеуге және өңірдің туристік әлеуетін танытуға бағытталған Tary Fest – 2026 ауқымды гастрономиялық фестивалі өтеді.

Іс-шара Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылғы зәкірлік туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Фестиваль оқиғалы және гастрономиялық туризмді дамытуға, сондай-ақ еліміздің мәдени келбетін нығайтуға бағытталған.

Фестивальдің басты мақсаты – Ақтөбе тарысын өңірдің бірегей гастрономиялық бренді ретінде таныту, ұлттық дәстүрлерді насихаттау және этнотуризмді дамыту.

Фестиваль қонақтарына Ұлы даланың рухын сезіндіретін мазмұнды бағдарлама ұсынылады. Іс-шара аясында тарыдан дайындалған тағамдар көрмесі, ұлттық ас мәзірі, концерттік бағдарлама, этноауыл үлгісіндегі кеңістіктер, тақырыптық фотоаймақтар мен ұлттық спорт ойындары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар қатысушылар «Серпін» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалап, ұлттық киімдер дефилесін, «Бұрымды қыздар» көрсетілімін, ерлердің этностильдегі сән көрсетілімін және «Ашық аспан астындағы ұлттық көрме» алаңын көре алады.

Фестиваль қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық тағам дәстүрін және Ақтөбе өңірінің өзіндік болмысын кеңінен танытатын маңызды мәдени алаңға айналмақ.

Внутренний туризм и семейные путешествия - приоритеты летнего отдыха для детей

На заседании Правительства рассмотрены вопросы организации летнего отдыха детей. Министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов представил проекты, направленные на развитие детско-юношеского туризма.

Одним из ключевых направлений в летний период станет организация безопасного и содержательного отдыха детей, поддержка семейных путешествий и развитие внутреннего туризма.

Для этого по всей стране будут организованы спортивные, культурные и туристические мероприятия для детей и родителей. Одним из таких событий станет республиканский фестиваль скалолазания «Бурабай-2026».

В рамках календаря событий на 2026 год летом планируется провести более 20 крупных мероприятий для детей и молодежи. В июне в Алматинской области пройдет фестиваль «NomadFest», в Карагандинской области — «Balkhash Tour Fest», в области Ұлытау — фестиваль «Көкмайса».

В июле в Астане состоится культурно-семейное мероприятие «Асыл Мұра», в области Жетісу пройдет молодежный проект «Алакөл толқыны», а в Атырауской области — экологический «Фестиваль лотосов».

В августе пройдет международный фестиваль Comic Con Astana. Также в Алматинской области организуют семейный авиационный фестиваль «Байсерке аспаны» и другие культурно-спортивные мероприятия.

В рамках развития детско-юношеского туризма продолжится реализация программы Kids Go Free, направленной на субсидирование авиабилетов для детей. С момента запуска программы бесплатными авиаперелетами воспользовались более 7 тысяч детей. В этом году такой возможностью смогут воспользоваться еще около 2 тысяч детей.

Для организации активного отдыха в период каникул будут работать оздоровительно-спортивные лагеря в зонах отдыха «Парус» в Акмолинской области, «Сарыбел» в Восточно-Казахстанской области и на побережье Алаколя в области Абай.

Реализуемые меры позволят обеспечить детям безопасный и насыщенный летний отдых, познакомить их с культурным и туристическим потенциалом страны, а также способствовать развитию семейного отдыха.

Балалардың жазғы демалысында ішкі туризм мен отбасылық саяхаттарды дамытуға басымдық беріледі

Үкімет отырысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралып, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов балалар-жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған жобаларды таныстырды.

Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру, отбасылық саяхаттарды қолдау және ішкі туризмді дамыту негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалды.

Осы мақсатта елімізде балалар мен ата-аналарға арналған спорттық, мәдени және туристік іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі – «Бурабай-2026» жартасқа өрмелеу республикалық фестивалі.

2026 жылға арналған оқиғалар күнтізбесі аясында жазда балалар мен жастарға арналған 20-дан астам ірі іс-шара өткізу жоспарланған. Маусым айында Алматы облысында «NomadFest», Қарағанды облысында «Balkhash Tour Fest» және Ұлытау облысында «Көкмайса» фестивальдері өтеді.

Шілде айында Астанада «Асыл Мұра» мәдени-отбасылық іс-шарасы, Жетісу облысында «Алакөл толқыны» жастар жобасы және Атырау облысында экологиялық «Лотос фестивалі» ұйымдастырылады.

Тамыз айында халықаралық «Comic Con Astana» фестивалі өтеді. Сонымен қатар Алматы облысында «Байсерке аспаны» отбасылық авиациялық фестивалі және басқа да мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту аясында Kids Go Free бағдарламасы жалғасады. Бағдарлама балалардың әуе билеттерін субсидиялауға бағытталған. Бағдарлама іске қосылғалы бері 7 мыңнан астам бала тегін әуе сапарына шыққан. Биыл тағы 2 мыңға жуық бала осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Балалардың каникул кезіндегі белсенді демалысын қамтамасыз ету үшін Ақмола облысындағы «Парус», Шығыс Қазақстан облысындағы «Сарыбел» және Абай облысындағы Алакөл демалыс аймақтарында сауықтыру-спорттық лагерьлер ұйымдастырылады.

Қабылданып жатқан шаралар балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуге, олардың елдің мәдени-туристік әлеуетімен танысуына және отбасылық демалысты дамытуға мүмкіндік береді.

Almaty Superski должен развиваться как общественная инфраструктура с понятными правилами

Наряду с этим Almaty Superski может расширить возможности для посещения гор разными группами граждан, включая семьи с детьми, пожилых людей и маломобильных посетителей. Для этого нужны канатные дороги, безопасные маршруты, визит-центры, смотровые площадки и базовая санитарная инфраструктура. Проект должен работать как общественная инфраструктура, а не как закрытый курорт, отметила Аида Балаева. Связанная система Медеу – Шымбулак – Кок-Жайлау – Кумбель также позволит распределить турпоток и снизить нагрузку на Шымбулак.

«Нам важно слышать все мнения – жителей, экологов, экспертов, представителей гражданского общества. Но обсуждение должно строиться на фактах, научной экспертизе и понимании долгосрочных интересов Алматы и всей страны»

–– подчеркнула заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации.

Развитие Алматинского горного кластера возможно только при соблюдении закона, сохранении природоохранного статуса территории, прозрачности решений и экологических требований. Проект Almaty Superski должен реализовываться как регулируемая инфраструктура с понятными правилами, контролем и учетом общественных интересов.

@KZgovernment

Развитие горного туризма требует нового подхода к инфраструктуре

Вместе с тем, рост туристического потока без современной и своевременной инфраструктуры приводит к стихийному туризму, увеличивает нагрузку на природу и создает риски для безопасности людей. Туризм представляет собой комплексную сферу, в которой пересекаются экономика, культура, безопасность и бизнес. Развитие горнолыжного туризма требует нового подхода и более современного видения Алматинского горного кластера.

В связи с этим проект Almaty Superski следует рассматривать не как строительство отдельной инфраструктуры, а как часть масштабного проекта по развитию Алматы и туристической отрасли Казахстана в целом. Данный проект связан с доступностью гор для жителей, безопасностью людей, ответственным отношением к природе Заилийского Алатау, а также с развитием спорта, семейного отдыха, малого бизнеса и занятости. Его значение выходит за рамки одного города и поможет укрепить международный имидж Казахстана как современного, открытого и конкурентоспособного туристического направления.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо отметил, что туризм – это сложная сфера, в которой соединяются экономика, культура, безопасность и бизнес. Говоря о развитии горнолыжного туризма, Президент подчеркнул необходимость нового видения для Алматинского горного кластера. Именно в этом контексте необходимо рассматривать проект Almaty Superski. Это не просто вопрос строительства отдельной инфраструктуры. Это разговор о будущем Алматы, о развитии всей туристической отрасли Казахстана, о доступности гор для граждан, безопасности людей и ответственном отношении к уникальной природе Заилийского Алатау»

— подчеркнула заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации.

Значение проекта Almaty Superski выходит за рамки одного города и поможет укрепить международный имидж Казахстана как современного, открытого и конкурентоспособного туристического направления.

«Сегодня нельзя противопоставлять развитие и экологию. Ответственное государство должно одновременно защищать природу, создавать инфраструктуру, обеспечивать безопасность людей и открывать новые возможности для граждан. Almaty Superski должен стать примером того, как Казахстан способен цивилизованно, безопасно и бережно раскрывать потенциал своих уникальных природных ресурсов в интересах общества, страны и будущих поколений»

— обратила внимание заместитель Премьер-министра– министр культуры и информации РК.

Аида Балаева отметила, что современная инфраструктура должна снижать нагрузку на природу за счет правил, лимитов, продуманных маршрутов, экологического мониторинга и культуры поведения.

Отдельно заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации подчеркнула, что земли Кок-Жайлау не выводятся из состава Государственного национального природного парка «Иле-Алатау» и сохраняют статус особо охраняемой природной территории, а проект не предусматривает строительство частных коттеджей и вилл. Реализация допустима только при строгом соблюдении экологических требований, научном сопровождении, общественном контроле и персональной ответственности исполнителей.

Аида Балаева: Almaty Superski должен стать примером ответственного развития горного туризма

Заместитель Премьер-министра – министр культуры и информации Аида Балаева отметила значимость проекта Almaty Superski для развития туристической отрасли Казахстана с учетом современных требований к безопасности, экологичности и качеству инфраструктуры.

Аида Балаева подчеркнула, что сегодня туризм становится одной из стратегически важных отраслей экономики, влияющей на занятость, развитие малого и среднего бизнеса, инвестиции, сервис и международный имидж страны. В 2024 году Казахстан посетило 15,3 млн человек, а число внутренних туристов составило 10,5 млн человек, что на 900 тысяч больше, чем годом ранее. Такие цифры свидетельствуют о том, что туризм становится реальной точкой роста экономики и одним из инструментов продвижения страны в мире.

Особый интерес в последние годы вызывает природный, экологический и горный туризм. Только в 2024 году национальные парки Казахстана посетили 2,8 млн человек, что на 18% больше по сравнению с 2023 годом.

«Если раньше такой отдых чаще выбирали подготовленные туристы и любители горнолыжного спорта, то сегодня природные территории становятся местом массового посещения. Люди едут туда семьями, с детьми, на выходные, для пеших маршрутов, активного отдыха и коротких поездок на природу»

– отметила Аида Балаева.

Almaty Superski нақты ережелері бар қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамуы тиіс

Сонымен қатар Almaty Superski әртүрлі азаматтар тобының, оның ішінде балалы отбасылардың, қарт адамдардың және қозғалысы шектеулі жандардың тауға қолжетімділігін кеңейтуі мүмкін. Бұл үшін аспалы жолдар, қауіпсіз маршруттар, визит-орталықтар, қарау алаңдары және базалық санитарлық инфрақұрылым қажет. Аида Балаева жоба жабық курорт емес, қоғамдық инфрақұрылым ретінде жұмыс істеуге тиіс деп атап өтті. Сондай-ақ Медеу – Шымбұлақ – Көкжайлау – Құмбел сияқты өзара байланысқан жүйе туристер ағынын тиімді бөліп, Шымбұлаққа түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

«Бізге тұрғындардың, экологтардың, сарапшылардың, азаматтық қоғам өкілдерінің пікірі маңызды. Алайда талқылау фактілерге, ғылыми сараптамаға және Алматы мен бүкіл елдің ұзақ мерзімді мүдделерін түсінуге негізделуі тиіс»

–– деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.

Алматы тау кластерін дамыту тек заң талаптарын сақтау, аумақтың табиғатты қорғау мәртебесін сақтау, шешімдердің ашықтығы және экологиялық талаптарды орындау жағдайында ғана мүмкін. Almaty Superski жобасы нақты ережелері бар, бақылауға алынатын және қоғамдық мүдделер ескерілетін реттелетін инфрақұрылым ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

@KZgovernment

Таудағы туризмді дамыту инфрақұрылымға жаңа көзқарасты талап етеді

Сонымен қатар заманауи әрі дер кезінде жасалған инфрақұрылым болмаған жағдайда туристер ағынының артуы ретсіз туризмге жол ашып, табиғатқа түсетін салмақты күшейтеді және адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Туризм – экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес ұштасқан кешенді сала. Сондықтан тау шаңғысы туризмін дамыту Алматы тау кластеріне қатысты жаңа тәсіл мен заманауи көзқарасты қажет етеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм – экономика, мәдениет, қауіпсіздік пен бизнесті біріктіретін күрделі сала екенін ерекше атап өтті. Шаңғы туризмін дамыту туралы айта келе, Президент Алматы тау кластері үшін жаңа көзқарастың қажет екенін айтты. Дәл осы тұрғыдан алғанда Almaty Superski жобасын қарастыру қажет. Бұл жеке инфрақұрылымды салу мәселесі ғана емес. Бұл жерде Алматының болашағы, Қазақстанның барлық туристік саласының дамуы, таулардың азаматтар үшін қолжетімділігі, адамдардың қауіпсіздігі және Іле Алатауының бірегей табиғатына жауапкершілікпен қарау туралы әңгіме болып отыр»

— деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.

Осы тұрғыдан алғанда, Almaty Superski жобасын Алматыға арналған инфрақұрылымдық бастама ретінде ғана емес, елдің тұтас туристік саласының дамуына ықпал ететін жоба ретінде қарастыру қажет. Осыған байланысты Almaty Superski жобасын жекелеген инфрақұрылым нысанының құрылысы ретінде емес, Алматы қаласын және тұтастай Қазақстанның туристік саласын дамытуға бағытталған ауқымды жобаның бір бөлігі ретінде қарастыру қажет.

«Бүгінде даму мен экологияны бір-біріне қарсы қою дұрыс емес. Жауапты мемлекет табиғатты қорғауды, қажетті инфрақұрылым қалыптастыруды, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және азаматтарға жаңа мүмкіндік ашуды қатар алып жүруі тиіс. Almaty Superski жобасы Қазақстанның бірегей табиғи әлеуетін қоғамның, елдің және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қауіпсіз әрі жауапты түрде пайдалана алатынын көрсететін үлгіге айналуы тиіс»

— деп атап өтті ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі.

Аида Балаева заманауи инфрақұрылым ережелер, лимиттер, тиімді жоспарланған бағыттар, экологиялық мониторинг және экологиялық мәдениет арқылы табиғатқа түсетін жүктемені азайтуға тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Көкжайлау жерлері Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрамынан шығарылмайтынын және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайтынын және жоба аясында жеке коттедждер мен виллалар салу қарастырылмағанын атап өтті. Жоба экологиялық талаптарды қатаң сақтау, ғылыми сүйемелдеу, қоғамдық бақылау және орындаушылардың жеке жауапкершілігімен ғана іске асырылады.

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуға тиіс

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қауіпсіздік, экология және инфрақұрылым сапасына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Almaty Superski жобасының Қазақстанның туризм саласын дамытудағы маңызын атап өтті.

Аида Балаева бүгінде туризм жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнестің дамуына, инвестиция тартуға, қызмет көрсету сапасына және елдің халықаралық имиджіне ықпал ететін стратегиялық маңызды салалардың біріне айналғанын атап өтті. 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн адам келген, ал ішкі туристер саны 10,5 млн адамды құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 900 мың адамға көп. Мұндай көрсеткіштер туризм экономиканың нақты өсім нүктесіне және елді халықаралық деңгейде танытудың маңызды құралдарының біріне айналғанын көрсетеді.

Соңғы жылдары табиғи, экологиялық және тау туризмі ерекше қызығушылық тудыруда. Тек 2024 жылы ғана Қазақстанның ұлттық парктеріне 2,8 млн адам келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18% - ға артық.

«Егер бұрын мұндай демалысты арнайы туристер мен тау шаңғысы әуесқойлары жиі таңдайтын болса, бүгінде табиғи аумақтар жаппай баратын орынға айналады. Адамдар ол жерге демалыс күндері жаяу жүру үшін, белсенді демалыс және табиғат аясына қысқа уақытқа шығып қайту үшін барады»

— деп атап өтті Аида Балаева.

Куда поехать летом в Казахстане: топ фестивалей, горных маршрутов и мест для отдыха в 2026 году

Лето в Казахстане — это не только отпуск у моря, но и возможность увидеть уникальные природные ландшафты, побывать на этнофестивалях, гастрособытиях и крупных музыкальных площадках. В 2026 году по всей стране пройдет более 50 масштабных мероприятий, включенных в единый событийный календарь. Рассказываем, куда стоит отправиться этим летом — от побережья Каспия до Алтая.

Подробная подборка лучших направлений, фестивалей и туристских локаций — в карусели

2026 жылы Қазақстанда жазда қайда баруға болады: үздік фестивальдер, тау бағыттары мен демалыс орындары

Қазақстандағы жаз — тек теңіз жағасындағы демалыс емес, сонымен қатар ерекше табиғатты тамашалап, этнофестивальдерге, гастрономиялық іс-шараларға және ірі музыкалық алаңдарға баруға мүмкіндік. 2026 жылы ел аумағында бірыңғай оқиғалар күнтізбесіне енген 50-ден астам ауқымды іс-шара өтеді. Биыл жазда Каспий жағалауынан Алтайға дейін қай бағыттарға саяхаттауға болатынын ұсынамыз.

Үздік туристік бағыттар, фестивальдер мен көрікті орындардың толық топтамасы — карусельде