Архив доступен 10 855 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

От всей души поздравляю вас с Днем государственного служащего! Честно служить народу - это почетная и важная миссия. Президент страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев отмечал: «Каждый государственный служащий должен быть государственником». Поэтому быть верными присяге перед Родиной и оправдывать доверие страны - это великая вера и ответственность, возложенная на каждого из нас. Уважаемые коллеги! В этом году исполняется восемь лет со дня, как город Туркестан стал областным центром.

За этот короткий промежуток времени, благодаря вашему упорному труду, Туркестанская область динамично развивалась. В регионе построено 134 объекта здравоохранения, 443 спортивных объекта, 185 школ. Возведены объекты спорта, культуры и туризма, соответствующие международным стандартам. Сегодня на этих объектах проводятся спортивные соревнования и культурные мероприятия мирового уровня. Буквально недавно в областном центре прошел неформальный саммит Организации тюркских государств.

Президенты пяти стран приехали со специальным визитом, и наш исторический город получил признание на международном уровне. Туркестан оказался в центре внимания всего мира. Туркестан, получивший особый статус по инициативе Президента, за восемь лет изменился до неузнаваемости. В результате государственной поддержки объем валового регионального продукта вырос в три раза и достиг пяти триллионов тенге. Численность населения области увеличилась на девять процентов и превысила 2,1 миллиона человек.

Население Туркестана выросло со 165 тысяч до 242 тысяч, увеличившись на 40 процентов. Наша область лидирует в республике по показателям социально-экономического развития. По итогам пяти месяцев текущего года краткосрочный экономический рост составил 123,3 процента, и наш регион вышел на первое место по республике. Это результат круглосуточной работы и самоотверженного труда государственных служащих. Выражаю всем вам искреннюю благодарность за честный труд. Нам необходимо продолжать динамичную и результативную работу в данном направлении.

У Алихана Букейханова есть крылатые слова: «Служение нации зависит не от знаний, а от характера». Поэтому мы обязаны проявлять настойчивость на пути отстаивания интересов страны и оправдывать доверие. Продолжайте всегда честно трудиться на благо народа. Желаю вам крепкого здоровья, а вашим семьям - благополучия! Пусть в нашей стране царит мир, и небо всегда будет открытым! - сказал Н. Кушеров.

На праздничном мероприятии были награждены государственные служащие, вносящие вклад в социально-экономическое развитие региона. Аким области вручил ряду граждан государственные и ведомственные награды, почетные грамоты и благодарственные письма. Также председатель маслихата Туркестанской области Нуралы Абишов наградил сотрудников, достигших наилучших результатов в своих сферах.

В ходе мероприятия на сцене выступили артисты региона, подарив гостям праздничное настроение.

Отметим, на сегодняшний день в 520 учреждениях области работают 6 327 государственных служащих. Из них 3 618 человек - это сотрудники местных исполнительных органов. В прошлом году по принципу меритократии продвижение по службе получили 262 госслужащих. Это результат знаний, опыта, труда и постоянного поиска. Благодаря политическим реформам Главы государства в систему управления пришли новые лидеры. С 2021 года в нашем регионе 272 акима сел были избраны путем прямого голосования населения. В региональный кадровый резерв приняты 32 талантливых молодых человека, и сегодня 19 из них уже трудоустроены на ответственные должности.

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Сауран ауданы, Ибата елді мекенінде көпшілікке қуаныш сыйлаған тағылымды шара өтіп, бір отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды. Салтанатты рәсімге аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

Аталған тұрғын үй Ибата елді мекенінің 1989 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен салынып, ел бірлігі мен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісіне айналды. Түлектер туған жерге деген жанашырлық танытып, әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлады.

Шара барысында аудан әкімі игі іске ұйытқы болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, мұндай бастамалардың қоғамдағы ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтудағы маңызы ерекше екені атап өтілді.

Жаңа баспана барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіліп, отбасының жайлы өмір сүруіне қолайлы мүмкіндік жасалған. Қоныс иелері көрсетілген қолдау мен қамқорлық үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытай Халық Республикасының Гуйчжоу провинциясынан келген ресми делегациямен кездесті. Делегацияны Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян бастап келді.

ТҮРКІСТАН МЕН ГУЙЧЖОУ ПРОВИНЦИЯСЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытай Халық Республикасының Гуйчжоу провинциясынан келген ресми делегациямен кездесті. Делегацияны Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян бастап келді.

Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, инвестиция тарту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, цифрлық технологиялар, туризм және өндіріс салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

⤵️Қанат Қайыпбек меймандарға алғыс білдіріп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстырды.

– Түркістан облысымен бауырластық қарым-қатынас орнатуға танытқан қызығушылықтарыңыз біз үшін ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңда өңірімізде шетелдік инвесторлардың табысты жұмыс істеуі үшін барлық қолайлы жағдайлар мен мемлекеттік қолдау тетіктері толық жасалған. Қытай мен Еуропа елдері арасындағы құрлықтық жүк тасымалының 85%-ы Түркістан облысының аумағы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзит дәлізіне тиесілі.

Мұнымен қоса, Орталық Азия өңірін Ресей және Сібір аймағымен байланыстыратын стратегиялық теміржол магистральдары да біздің облыс арқылы өтеді. Ал заманауи Түркістан халықаралық әуежайы жылына 3 миллионға дейін жолаушы ағынын сапалы қамтамасыз етуге толық қауқарлы. Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі аясында біздің өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін 180 миллионнан астам тұтынушысы бар ауқымды нарық ашық.

Бұл нарықта тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысы қамтамасыз етілген, сондай-ақ кедендік баж салығы қолданылмайды. Бүгінгі таңда облыста инвесторларға қажетті инженерлік-коммуникациялық желілері толық тартылған жер учаскелерін ұсынатын 21 индустриалды аймақ қызмет көрсетеді. Сонымен қатар шағын өнеркәсіптік парктер бар. Өңірде жоғары технологиялық және терең өңдеу өндірісін жолға қоятын жобалар үшін «Turan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр – деді әкім орынбасары.

Гуйчжоу провинциясының шетелмен достық жөніндегі халық қоғамы төрағасының орынбасары Хун Цзян Түркістан қаласының көркі мен туристік әлеуетін жоғары бағалады. Ауыл шаруашылығы, туризм, көліктік-логистика, білім, сауда және өзге де салалар бойынша әріптестік орнатып, инвестиция салуға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар өңіраралық байланысты жаңа деңгейге көтерудің маңызын атап өтті. Алдағы уақытта екі өңір арасында бауырластық туралы келісімге қол қою бастамасы көтеріліп, осы бағытта жұмыстар жүргізілетін болды.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамып келе жатыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд АҚШ долларына жеткен. Оның ішінде Түркістан облысының үлесі 684,3 млн АҚШ долларын құрады. Бүгінде өңірде Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 148 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ А-15 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНДАҒЫ КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының 2-шақырымында орналасқан көпірге күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған нысан аудан аумағындағы ең ірі елді мекендердің бірінде орналасқан және өңір тұрғындары үшін маңызды көлік инфрақұрылымының бірі саналады.

Жобаның жалпы ұзындығы 168,6 метрді құрайды. Оның ішінде көпірдің ұзындығы – 25,4 метр, ал жолдың ені – 9 метр. Инфрақұрылымдық жобаның жалпы құны – 358 миллион теңге.

Көпір құрылысындағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетов арнайы жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді.

Сапар аясында ол мердігер мекеме – «TM-Bussine group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығымен кездесіп, құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда нысанда бірқатар маңызды жұмыстар толық орындалған. Атап айтқанда, жеңіл автокөліктердің қозғалысын үзбеу мақсатында уақытша айналма жол өткелі салынды. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жол белгілері орнатылып, инженерлік-коммуналдық желілердің орындары ауыстырылды. Бұдан бөлек ескі көпір құрылымдарын демонтаждау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде құрылыс алаңында жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, көпірдің қадалы іргетасын дайындау жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, арматуралық қаңқаларды тоқу, қажетті тереңдікте ұңғымаларды бұрғылау және бетон құю процестері атқарылуда. Бұл жұмыстар көпірдің беріктігі мен ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Нысанда өндірістік кесте бойынша қажетті жұмысшы күші мен арнайы техникалар жеткілікті көлемде жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен талаптарға сәйкестігі тапсырыс беруші мекеме, техникалық қадағалау мекемесі және ұлттық сапа орталығы тарапынан тұрақты әрі қатаң бақылауда.

Жауапты мамандардың мәліметінше, көпірді күрделі жөндеу жұмыстары өндірістік жоспарға сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беру көзделіп отыр.

Айта кетейік, аталған жоба өңірдегі көлік қатынасының қауіпсіздігін арттырып, тұрғындардың қатынау мүмкіндігін жақсартуға, сондай-ақ республикалық маңызы бар жол бойындағы көлік қозғалысының үздіксіз қамтамасыз етілуіне оң әсерін тигізеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы бойынша Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ №2 ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Түркістан облыстық №2 облыстық перинаталдық орталығында жүктіліктің 32 аптасында алғашқы үшем дүниеге келді. Үш сәби де — қыз балалар. Нәрестелердің туған кездегі салмақтары 1775 грамм, 1990 грамм және 1850 грамм болды.

Сәбилердің анасы — Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының 38 жастағы тұрғыны Оринбаева Турсунай. Мамандығы — дефектолог-логопед. Әкесі Оринбаев Мамуржан еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Бақытты отбасы бұған дейін де үш бала тәрбиелеп отыр: екі қыз және бір ұл.

Дәрігерлер медициналық көрсеткіштерге сәйкес анаға кесарь тілігі арқылы ота жасап, сәбилерді аман-есен босандырып алды. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған нәрестелердің жағдайы тұрақты. Үшемдерге туыстары Сафия, Садия және Самия есімдерін қойған.

Анасының айтуынша, жүктіліктің 14 аптасында №2 облыстық перинаталдық орталықтың Ана мен баланы қорғау бөлімінде ультрадыбыстық зерттеу кезінде дәрігерлер үшем күтіп отырғанын айтқан. Бұл жаңалықты естіген сәтте ерекше толқыныс пен қобалжу сезімін бастан өткергенін жеткізді.

Үшемдер 22 тәуліктен кейін үйлеріне 2018 грамм, 2010 грамм және 2008 грамм салмақпен шығарылып отыр. Осы уақыт аралығында сәбилер нәрестелер жан сақтау бөлімшесінде және арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөлімшесінде қажетті медициналық бақылаудан өтіп, жағдайлары толық тұрақтанған.

Бүгінде ана мен сәбилердің денсаулығы жақсы. Ақ халатты абзал жандар сәбилерге дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, олардың өмірге бейімделуіне жан-жақты қолдау жасаған.

Салтанатты шығарып салу рәсімінде отбасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Үшемдердің дүниеге келуі тек отбасы үшін ғана емес, аудан тұрғындары үшін де үлкен қуанышқа айналды.

Мәліметке сәйкес, №2 облыстық перинаталдық орталықта 2024 жылы 3 үшем дүниеге келген. Ал 2026 жылдың басынан бері орталықта 1810 нәресте өмірге келсе, соның ішінде алғашқы үшемдер және 35 егіз тіркелген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы

Бағдат Чайзада

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА ӘРІ ТҰРАҚТЫ

Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақталған.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Шығын анықталған жағдайда, оны демеушілер есебінен өтеу мәселесі әкімдік тарапынан қарастырылады.

Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел жұмыстар жүргізілді. Апаттың салдарын жоюға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топтар күшейтілген режимде жұмыс атқарды.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына арнайы барып, ахуалды бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, барлық тиісті қызметтер толық жұмылдырылған.

Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СИТУАЦИЯ ПОСЛЕ ПРОЛИВНЫХ ДОЖДЕЙ НАХОДИТСЯ НА КОНТРОЛЕ

Из-за проливных осадков, произошедших на некоторых территориях Толебийского и Казыгуртского районов Туркестанской области, во дворах нескольких жилых домов скопилась дождевая вода, что вызвало временные неудобства для жителей. В настоящее время осадки прекратились, ситуация стабилизировалась.

По данным областного департамента по чрезвычайным ситуациям, в Толебийском районе дворы трех многоэтажных жилых домов и одного частного жилого дома, а Казыгуртском районе - дворы ряда домов в селах К. Мамбетулы и Жинишке затопила дождевая вода. Жилые дома не пострадали.

На данных территориях приняты оперативные меры по водоотведению и предупреждению паводков. В работах задействовано более 100 человек, около 20 единиц техники и 14 мотопомп. Работает специальная рабочая группа.

Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов посетил Казыгуртский район и проинспектировал ситуацию. Он дал соответствующие поручения ответственным лицам. В данных населенных пунктах организована комплексная работа, полностью задействованы необходимые службы.

Состояние водных объектов и рек и озер в регионе находится на постоянном контроле.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Сан дәуірдің сырын сақтап, дала рухын әуенмен өрген – дәстүрлі ән!

Киелі Түркістанда республикалық «Түркістан мақамдары» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ұлттық өнердің дүлдүлдері көне сазды жаңғыртып, ұлттық рухты асқақтатады.

Байқау қонақтары: Ардақ Балажанова

Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева.

26 мамыр күні, «Керуен сарай» кешенінде, басталуы сағат 18:00-де.

Келіңіздер, ұлт мұрасының мәңгілік үнін бірге сезінейік!

@ock_nt_official

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен барлық аудан, қалада өндірістік парктер салынып жатыр. Мақсат – жұмыс орындарын көбейту. Бұл тірліктер Сарыағаш ауданында да атқарылып келеді. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді.

Жұмыс сапары барысында аудан басшысы инвесторлар мен мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне назар аударды.

Қазіргі таңда өндірістік аймақта орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандардың ғимараттарына сыртқы әрлеу және қаптау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс алаңдарында қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасу үстінде.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвесторларды қолдау және жобалардың жедел жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік алаңдар салынды.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге, индустриялды аймақтарда 132,3 млрд теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар аудандар мен қалаларда 214 гектар аумаққа шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 25 шағын өндірістік алаң құрылды. Бұл аймақтарда 192 млрд теңгенің инвестициялық жобалары іске асырылуда. Нәтижесінде, 5 218 жұмыс орны құрылмақ. Осы бастама аясында өңірдің барлық аудандарында 258 өндірістік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БІЛІМ ҰЯСЫ АЛҒАШҚЫ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІНЕ СӘТ-САПАР ТІЛЕДІ

Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің №32 жалпы білім беретін мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

Мерекелік жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, жас түлектерді маңызды мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде бүгінгі жас буын – елдің жарқын болашағы екенін атап өтіп, талапты жастарға сәттілік пен үлкен өмір жолында толағай табыстар тіледі.

Салтанатты жиын барысында №32 мектеп директоры Айгүл Бабашева сөз сөйлеп, мектеп бітіріп отырған тұңғыш түлектерге сәт-сапар, үлкен өмір жолында биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірді. Сонымен қатар білім мен тәрбиені қатар ұстанып, ел мақтанышына айналатын азамат болуға шақырып, өзінің жүрекжарды лебізін арнады.

Іс-шарада аталған білім ордасының ұстаздары мен оқуда озат, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды. Ата-аналар комитетінің атынан мектеп ұжымы мен ата-аналарға алғыс айтылып, жас түлектерге ақ жол тіледі.

Соңғы қоңыраудан кейін «Заң мен тәртіп – халықтық конституция құндылықтары» тақырыбындағы тәрбие сағаттары оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталды.

Мектеп түлектері ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, іс-шара қимастыққа толы әсерлі сәттерге ұласты. Кештің сәнін келтіретін биші қыздар қазақтың әуезді әуендерімен мың бұрала би билеп, мерекеге ерекше рух пен көпшілік көңіліне көрік сыйлады.

Айта кетейік, биыл №32 жалпы білім беретін мектебін алғаш рет 52 түлек бітірді. Оның 4-еуі «Алтын белгі» белгісіне, ал 3-еуі үздік аттестатқа үміткер атанып отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістандағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты.

ТҮРКІСТАНДА ЗАҢ МЕН ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Түркістандағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов ашып, әкімшілік әділет саласының еліміздегі құқықтық жүйені жетілдірудегі маңызын атап өтті. Ол Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы құқықтық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге жол ашқанын айтты.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, аталған заңның халықтың құқықтарын қорғаудағы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі ашықтықты арттырудағы рөліне тоқталды.

– Баршаңызды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті Қазақстан құру жолында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, адам құқықтарын қорғауға және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға айрықша мән беріп келеді. Әкімшілік әділет институтының енгізілуі – осы стратегиялық бағыттағы аса маңызды қадамдардың бірі.

Кодекс – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты тетігін қалыптастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі. Әсіресе, «тыңдалу құқығы» қағидатының енгізілуі қандай да бір шешім қабылданар алдында азаматтың пікірі ескеріліп, уәжі тыңдалып, мәселені жан-жақты қарау тәжірибесін қалыптастырды. Өткен бес жыл ішінде Кодекстің қабылдануына орай, мемлекеттік басқару жүйесінде оң өзгерістер байқалды. Халық пен мемлекеттік орган арасындағы ашық диалог нығайды. Өтініштерді қарау сапасы артты.

Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейіп, азаматтардың сот органдарына сенімі арта түсті. Әрине, бұл жетістіктердің артында судьялардың, заңгерлердің, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау саласы мамандарының қажырлы еңбегі тұр. Сіздер заң үстемдігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Осынау мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге абырой тілеймін!

Әділдік туы желбіреген Тәуелсіз Қазақстанымыз заң үстемдігі мен құқықтық мемлекеттің әлемдік озық үлгісіне айнала берсін! – деді Нұралхан Көшеров.

Маңызды жиында Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев құттықтау сөз сөйлеп, әкімшілік әділет жүйесінің құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі орнына назар аударды. Ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова құқықтық білім мен ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелеріне тоқталды.

Жиын барысында әкімшілік әділет саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.

Дөңгелек үстелде әкімшілік әділет жүйесінің бес жыл ішіндегі жетістіктері, сот тәжірибесіндегі жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы тиімді тетіктер мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды. Қатысушылар әкімшілік соттардың қоғамдағы сенімді арттыру мен заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі жыл сайын күшейіп келе жатқанын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НӨСЕР ЖАУЫННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының Төлеби және Қазығұрт аудандарының кей аумақтарында орын алған нөсер жауын-шашын салдарынан бірнеше тұрғын үйдің ауласына жаңбыр суы жиналып, тұрғындар үшін уақытша қолайсыздық туындады. Қазіргі таңда жауын-шашын тоқтап, жағдай тұрақтанды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданында 3 тұрғын үйдің ауласы мен 1 жеке тұрғын үйге, ал Қазығұрт ауданындағы Қ.Мәмбетұлы және Жіңішке ауылдарында бірқатар үйдің ауласына жаңбыр суы кірген. Тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ.

Аталған аумақтарда суды бұру және су тасқынының алдын алу бағытында жедел шаралар қолға алынды. Жұмыстарға 100-ден астам адам, 20-ға жуық техника және 14 мотопомпа жұмылдырылған. Арнайы жұмысшы топ жұмыс атқаруда.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданына барып, ахуалды бақылады. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Аталған елді мекендерде кешенді жұмыстар ұйымдастырылып, тиісті қызметтер толық жұмылдырылған.

Аймақтағы су нысандары мен өзен-көлдердің жағдайы тұрақты бақылауда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СИТУАЦИЯ ПОСЛЕ ПРОЛИВНЫХ ДОЖДЕЙ НАХОДИТСЯ НА КОНТРОЛЕ

Из-за проливных осадков, произошедших на некоторых территориях Толебийского и Казыгуртского районов Туркестанской области, во дворах нескольких жилых домов скопилась дождевая вода, что вызвало временные неудобства для жителей. В настоящее время осадки прекратились, ситуация стабилизировалась.

По данным областного департамента по чрезвычайным ситуациям, в Толебийском районе дворы трех многоэтажных жилых домов и одного частного жилого дома, а Казыгуртском районе - дворы ряда домов в селах К. Мамбетулы и Жинишке затопила дождевая вода. Жилые дома не пострадали.

На данных территориях приняты оперативные меры по водоотведению и предупреждению паводков. В работах задействовано более 100 человек, около 20 единиц техники и 14 мотопомп. Работает специальная рабочая группа.

Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов посетил Казыгуртский район и проинспектировал ситуацию. Он дал соответствующие поручения ответственным лицам. В данных населенных пунктах организована комплексная работа, полностью задействованы необходимые службы.

Состояние водных объектов и рек и озер в регионе находится на постоянном контроле.

Пресс-служба акима Туркестанской области

ТҮРКІСТАНДА 3268 ТҮЛЕК ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Түркістан қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2026» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, мерекелік жиындарда оқушылар мен ұстаздардың бір жылдық еңбегі қорытындыланды.

Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Ж.Тәшенов атындағы №23 мектеп-лицейінде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік шараға қатысып, педагогтер қауымын, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады.

Қала басшысы өз сөзінде білім – ел болашағының берік іргетасы екенін атап өтіп, жас ұрпаққа мемлекет тарапынан үлкен сенім артылып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, түлектерге қандай салада жүрсе де адал еңбек етіп, туған жердің мерейін үстем ететін, ел үмітін ақтайтын саналы да бәсекеге қабілетті азамат болуға тілектестік білдірді.

– Бүгінгі түлек – ертеңгі ел тірегі. Сіздердің сапалы білім алып, саналы тәрбиемен қалыптасуларыңыз – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының кепілі. Әрқайсыңыздың биік белестерді бағындырып, туған Түркістанның абыройын асқақтататын азамат болып қалыптасатындарыңызға сенімім мол, – деп атап өтті.

Биыл Түркістан қаласы бойынша 59 772 оқушы оқу жылын аяқтады. Оның ішінде 3268 оқушы 11-сыныпты тәмамдап, үлкен өмірге қадам басып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2686 түлек қатысады. Сонымен қатар, 243 оқушы «Алтын белгіге», 254 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып, білім сапасының артып келе жатқанын көрсетті.

Айта кетейік, қаладағы барлық білім беру ұйымдарында өткен соңғы қоңырау салтанаты мазмұнды әрі тағылымды форматта ұйымдастырылып, шәкірттердің ұстаздарға деген құрметі мен мектепке деген ыстық ықыласын айшықтаған тәрбие сағаттарына ұласты. Мерекелік шара барысында үздік оқушылар марапатталып, ата-аналар мен ұстаздарға алғыс білдірілді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАП ӨТІЛЕДІ

27 мамыр – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осыған орай Түркістан облысының мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, мешіт имамдары ұлттық нақышта киініп, мерекелік дастарқан жайылып және ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов айтты.

– Құрбан айт мейрамы биыл 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Құрбан шалудың уақыты 27 мамыр күні айт намазы оқылып болғаннан кейін басталса, аяқталуы 29 мамыр кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Яғни, аталмыш уақыттан тыс құрбан шалуға, уақытынан ерте және кешігіп те қалуға болмайды. Айт намазы Түркістан облысында сағат таңғы 6:00-да басталады, - деді Ержан Сматұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан қаласының бас имамы Исмаил Панов құрбандыққа қандай мал жарамды екенін айтып, шаруаларды айт күндері мал бағасын тұрақты ұстауға шақырды.

– Айт мейрамында кәсіпкерлерді мал бағасын шарықтатпай, пайдаға емес, сауапқа бөленуге шақырамыз. Қала тұрғындары құрбан шалу барысында санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Құрбандыққа 1 жасар қой-ешкі, 2 жасар сиыр, 5 жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, құлақсыз шұнақ, мүйізі сынған болмауы керек. Әртүрлі кемшіліктерден ада, толыққанды түлік болуы тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығында 200-ге жуық мұқтаж отбасы анықталып, 21 ірі қара мал, 2 түйе мен 4 қой сойылады деп жоспарланып отыр. Алдағы уақытта бұл өсуі де мүмкін, - деді Исмаил Ыдырысұлы.

Сондай-ақ, брифингте Түркістан облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Сүндет Жүсіпбек Құрбанның айтуынша, айт мейрамы қарсаңында өңірдегі қасапшылармен арнайы жиын өтіп, оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда малды шариғат талаптарына сай сою және санитарлық талаптарды сақтау және өзге де мәселелер талқыланған.

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҢ 2006 ЖЫЛҒЫ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫС ЕТТІ

Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы мектептерінің 2006 жылғы түлектері қайырымдылық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін тағы бір мәрте көрсетті. Тоғыз жылдан бері дәстүрге айналған игі бастама биыл да жалғасын тауып, көптің алғысына бөленді. Жүректен шыққан жақсылық жолын серік еткен түлектер баспанаға мұқтаж аудан тұрғыны, үш перзенттің анасы Салтанат Тұрсынбайға аудан орталығынан тоғызыншы баспананың кілтін табыстады.

Салтанат Тұрсынбай – екі жыл бұрын денсаулығына байланысты ауыр сынақты бастан өткеріп, бүгінде жұмыссыз отырған жалғызбасты ана. Үшінші перзентінің мүгедектігі бар. Тағдыр тауқыметі қабат келген осындай қиын кезеңде мектеп түлектерінің қамқорлық танытып, қолдау көрсетуі – адамгершілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісіне айналды.

Баспана кілтін табыстау салтанатты рәсіміне аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы қатысып, 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектердің ұйымшылдығы мен азаматтық ұстанымына жоғары баға берді. Аудан әкімдігі атынан жаңа қоныс иелеріне арнайы сый-сияпаттарын табыстап, ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар игі іске атсалысқан азаматтарды арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсенбаев және түлектердің ұстаздары сөз сөйлеп, шәкірттерінің елге жанашыр азамат болып қалыптасқанына ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбай сырқаттан бұрын мектепте қызмет атқарған. Ол өзіне қолдау көрсеткен 2006 жылғы мектеп түлектеріне, сондай-ақ қиын сәтте жанынан табылып, көмек білдірген аудандық орталық аурухана ұжымына шынайы алғысын жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ШАҒЫН ЕЛДІ МЕКЕНДЕ СПОРТ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Мақтаарал ауданына қарасты Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі 550 тұрғыны бар Өркен ауылында заманауи кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Ауыл халқы көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі тұрғындар үшін ерекше қуанышқа айналды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Өз сөзінде Бижан Шералыұлы шағын ғана ауыл болғанымен, Өркен елді мекенінде халықтың жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Атап айтқанда, ауылда мектеп, балабақша, табиғи газ, ауыз су, жол секілді негізгі инфрақұрылым толық тартылған. Енді, міне, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты түрде шұғылдануына мүмкіндік беретін жаңа спорттық нысан іске қосылып отыр.

Жаңа нысан бірнеше бөліктен тұрады. Атап айтсақ, тұрғындар үшін заманауи талапқа сай қоршалған кіші футбол алаңы салынған. Жасанды көгал төселген алаң кешкі уақытта да пайдалануға қолайлы болуы үшін жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар мұнда волейбол алаңшасы да бар. Балаларға арналған түрлі ойын құрылғылары орнатылып, сырғанақтар, әткеншектер, өрмелеу және жаттығу нысандары қойылған. Спортпен шұғылданушылар үшін воркаут алаңы қарастырылып, тұрғындардың демалып, уақыт өткізуіне арналған орындықтар мен көлеңкелі шатырлар орнатылған.

Алаң аумағы толық абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Бұл нысан ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына және балалардың қауіпсіз ортада ойнауына үлкен мүмкіндік береді.

Салтанатты шара барысында ауыл тұрғындары қуаныштарын жасыра алмай, елді мекенге жасалып жатқан игі істер үшін ризашылықтарын білдірді.

Ақсақалдар ауыл балалары үшін мұндай нысандардың маңызы зор екенін айтып, игі бастамаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ А.Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектептің 2006 жылғы түлектерінің 20 жылдық кездесуіне орай ауыл жастарының арасында кіші футболдан турнир өтіп, ауыл тұрғындарына ас берілді.

Айта кетейік, жаңа спорт және ойын алаңшасы төртінші деңгейлі бюджет қаражаты есебінен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімдігі тарапынан салынды. Жоба ауыл тұрғындарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылып, бүгінде көпшіліктің игілігіне табысталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады. Іс-шараға және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй және инвесторлар, энергетика саласының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты.