БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында отандық медиа өкілдеріне биыл ерекше әлеуметтік қолдау көрсетілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміз бойынша 66 журналистке жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл бастаманың басты ерекшелігі сол — биыл тұңғыш рет Астана мен Алматы қалаларымен қатар, аймақтарда қызмет ететін өңірлік БАҚ өкілдері де баспанамен қамтылып отыр.