Архив доступен 4 511 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқандар жауапқа тартылуы мүмкін

Қоғамдық орында ғана емес, интернетте де әдепсіз сөздер айтқан қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін. Қазір осындай заңнамалық өзгерістер әзірленіп жатыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Сұлтанды не үшін ұстағанын білмеймін»: сотта Ақбаян Мұқанғалиеваның жауабы жарияланды

Атырау облысында қайын жұртының төрт адамын өлтірді деп айыпталып жатқан Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында жаңа бейнематериалдар қаралды. Кезекті сот отырысында Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеу кезіндегі жауабы жария етілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

парақшасынан алынған.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Армандарым мені алысқа алып кетті»: Димаш Құдайберген әсерлі жазба жариялады

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында туған жері Ақтөбеге келгенін хабарлап, оқырмандарымен әсер бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Ағайынның тойынсыз қалай өмір сүреміз?»: Ләйлә Сұлтанқызы қазақтың бақыт формуласы туралы айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ қоғамындағы қуанышқа ұмтылу, жоспар құру және мотивация туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Перизат Қайраттан тәркіленген автокөліктер мемлекеттік органдарға берілді

Перизат Қайраттан тәркіленген люкс-автокөліктердің мемлекеттік органдарға қалай тегін берілгені белгілі болды. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков бұл тәжірибені "бюджет шығынын азайтудың бір тетігі" деп түсіндірді. Бұл туралы turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Толығырақ осы сілтемеде.

"Өзімді басқа бейнеде көре алмадым": Қарақат Әбілдина елге айтпаған құпиясын ашты

Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ұзын шашының өзі үшін ерекше мағынаға ие екенін айтып, оқырмандарына үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск әлем тарихындағы алғашқы «триллионер» атанды деген ақпарат тарады. Бұған SpaceX компаниясының IPO-сы себеп болған. Компания акцияларының бір данасы 135 долларға бағаланып, биржаға шығу барысында шамамен 75 млрд доллар тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz washingtonpost.com-ға сілтеме жасап.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Ұлыңызды қайтардым, енді пәтерді қайтарыңыз»: Шавкат Рахмоновтың әйелі енесіне қатаң талап қойды

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым тағы да әлеуметтік желіде отбасылық жанжалға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

«AMANAT» Съезі Әділетті Қазақстанды құру жолында «Әділетке» қосылуды мақұлдады

Астанада «AMANAT» партиясының кезекті Съезі өтті. Оның қорытындысы бойынша партия мүшелері мемлекетті дамыту бағытында атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылап, «Әділет» партиясына қосылу идеясын қолдады. Бұл шешім Мемлекет басшысының ел дамуының жаңа кезеңінде барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштерді жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде топтастыру туралы үндеуіне қолдау көрсету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгін Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының съезінде еліміздің жаңа даму кезеңінде жаңа мақсаттарға бірлескен жұмыс пен үлкен күш арқылы жетуге болатынын атап айтты.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының сьезіне Маңғыстаудан арнайы келген делегат, саяси ғылымдарының докторы, профессор, академик Киікбай Жаулин жұртшылықтың съезден үлкен үміт күтіп отырғанын айтты.

"Қазақстан азаматымын".

Әлеуметтік желіде азаматтық алған қандастың көз жасына ерік берген видеосы кеңінен таралды. Ол онда азаматтық алуды қанша уақыт армандағанын айтып, көңілі босағаны үшін көпшіліктен кешірім сұрайды.

«Бір күні түсінесіздер»: Алтынай Жәкішева жеке өміріне қатысты сынға жауап берді

Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан Алтынай Жәкішева әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Жүрекке тиді»: Сабина Мовлаева Димашқа қатысты сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады

Блогер Сабина Мовлаева әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан естелігі қызу талқыланғаннан кейін көпшілікке үн қатты деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

"10 айдан кейін аяғым ауыр екенін білдік": Ерке Есмахан елге айтпаған құпиясын ашты

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлы Батырдың 1 жасқа толуына орай осы уақытқа дейін жария етпеген жеке сырын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Мазасыздық тұқым қуалайтыны анықтады

King’s College London ғалымдары мазасыздықтың пайда болуына генетиканың да әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижелері Nature Human Behaviour журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

«Инвестиция жасаймын»: Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға 1,5 жыл бойы ақша аударып отырған

Ақтөбе қаласында 46 жастағы заңгер әйел криптовалюта мен алтын саудасына инвестиция салу арқылы жоғары табыс табуға болады деген уәдеге сеніп, ірі көлемдегі ақшасынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Әнші Жәнібек Кәрменовтың шәкірті — Қайрат Қабышев 102 әнді 5 сағат бойы шырқап, Global Best Of Records ғаламдық рекордтар ұйымының жаңа рекордын тіркеді.

"Бір қабырға ғана бөліп тұрды": Айгүл Иманбаева күйеуімен қалай танысқаны туралы ашық айтты

Танымал әнші Айгүл Иманбаева қазіргі күйеуі Ерланмен қалай танысқанын баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Толығырақ осы сілтемеде.

Қонаевта Бердібек Соқпақбаевтың ескерткішімен әдепсіз фотосессия жасаған жігіт жазаланды

Қонаев қаласында Бердібек Соқпақбаев пен оның әйгілі "Менің атым Қожа" повесінің кейіпкерлеріне арналған ескерткіш маңында әдепсіз суретке түскен жасөспірімге қатысты іс сотта қаралды, деп turkystan.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Толығырақ осы сілтемеде.