Архив доступен 44 914 сообщений С 2018 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

2027 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының 100%-ын басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі маңызды түсініктеме берді

Міндетті зейнетақы жарналарына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады. Бұл норма өзгермейді.

Не өзгереді?

2027 жылдан бастап азаматтар зейнетақы жинағының 100%-ын инвестициялық (басқарушы) компаниялардың сенімгерлік басқаруына бере алады. Бұған дейін тек 50%-ын ғана беру мүмкіндігі болған.

Азаматтар не таңдай алады?

Басқарушы компанияны

Инвестициялық стратегияны

Өздеріне қолайлы тәуекел деңгейін.

Кіріс күткен деңгейден төмен болса ше?

Егер ең төменгі кіріс деңгейіне қол жеткізілмесе, басқарушы компания айырманы өз қаражаты есебінен өтейді.

ℹ️ Бұл өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту және азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында енгізілуде.

Тарихи медаль! Артём Матусевич — U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері!

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсті!

Артём Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сында финалда 3-орын алып, қола медаль иеленді.

Жүлдегерлер

Жоао Велосо (Португалия)

Ангелос Афанасиадис Каудис (Грекия)

Артём Матусевич (Қазақстан)

Бұл — Қазақстан үшін академиялық ескек есуден U23 санатындағы алғашқы әлем чемпионаты жүлдесі.

КӨКШЕТАУ ТАУЫНДА ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы орман төсеніштері мен өсімдік жамылғысы өртенген.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД, «Бурабай» МҰТП және «Қазавиаорманқорғау» РМКК-ның 150-ден астам қызметкері, сондай-ақ 17 бірлік техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылып, 15 рет су төгіп, 75 тонна су пайдаланылды.

Қазіргі уақытта бір өрт ошағы толық сөндірілді. Екінші ошақ оқшауланып, бақылауда тұр.

Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына найзағай разряды себеп болуы мүмкін.

@112aqmola

Таудағы құтқару операциясы: Карнизный шыңынан зардап шеккен турист эвакуацияланды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Карнизный шыңы маңында (4500 метр биіктікте) тауға шығу кезінде турист тас көшкініне тап болған. Оқиға салдарынан аяғы мен бетін жарақаттап алған.

Жедел іздестіру: ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі, Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағы және Алматы қаласы ТЖД күштері жұмылып, зардап шеккен адамның орналасқан жерін анықтады.

Туристі шұғыл тасымалдау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды.

Зардап шегуші Боралдай әуежайына жеткізіліп, Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының клиникалық ауруханасында ем қабылдауда.

@emergovkz

Түн ортасындағы төбелес: Алматыда пышақ ұстаған бір топ жас ұсталды

Ақсай шағынауданында түн ортасында жаға ұстатарлық оқиға болды. «102» пультіне көшеде пышақ ұстап жүрген бір топ жас туралы хабарлама түскен.

Хабарламадан кейін бірнеше минут ішінде «Буран-308» патрульдік экипажы оқиға орнына жетті.

Жанжал барысында бір жас жігіттің пышақ жарақатын алғаны анықталды

Тәртіп сақшылары ізін суытпай бірден 6 күдіктіні қолға түсірді.

Ұсталғандардың барлығы Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Халықаралық ғарыш станциясында 241 күн бойы қызмет еткен «Союз МС-28» экипажының Жезқазған даласына қонған сәтінен алғашқы кадрлар!

Іздестіру-құтқару топтары мен дәрігерлер ғарышкерлерді капсуладан қалай шығарып жатқанын бейнебаяннан көре аласыздар.

Халықаралық ғарыш станциясында 241 күн бойы қызмет еткен халықаралық экипаж Жерге сәтті қонды!

«Союз МС-28» кемесінің капсуласы бүгін Астана уақытымен сағат 15:27-де Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым жердегі қазақстандық далаға келіп түсті. Төтенше жағдай қызметтері мен іздестіру-құтқару топтары экипажды бірден қарсы алды.

Ғарышкерлер

Сергей Кудь-Сверчков (Роскосмос) — кеме командирі

Сергей Микаев (Роскосмос) — борт инженері

Кристофер Уильямс (NASA) — борт инженері

Экспедиция қорытындысы

Ғарышта 241 күн өткізді.

Жерді 3 856 рет айналып шықты.

164 миллион шақырымнан астам жолды артқа тастады.

Ашық ғарышқа шығып, станция сыртына жаңа ғылыми құрылғылар орнатты.

Биология, медицина және физика салаларында ондаған бірегей тәжірибе жасап, маңызды үлгілерді Жерге алып келді.

Дереккөз: Роскосмос мемлекеттік корпорациясының ресми мәліметі

Бүгін Алматыда Қазақстан Премьер-лигасының шешуші матчтарының бірі өтеді

26 шілде күні сағат 19:00-де Орталық стадионда чемпиондыққа таласып жатқан «Қайрат» пен «Ордабасы» кездеседі.

Қазір турнир кестесінде 43 ұпаймен «Ордабасы» көш бастап тұр. Ал «Қайраттың» еншісінде 42 ұпай бар. Сондықтан бұл матчтың нәтижесі турнир кестесіндегі көшбасшыны өзгертуі мүмкін.

Биылғы алғашқы кездесуде «Ордабасы» 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді алматылық клуб өз алаңында қарымта қайтаруға тырысады.

АТЫРАУЛЫҚ БАҒБАН ЖЫЛЫНА 5 ТОННА АЛМА ӨСІРЕДІ

Атыраудағы Мұрат Халықовтың алма бағы 5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 550 алма ағашы өсіп, 7 түрлі сорттан өнім алынады.

Бағбан бұл істі 2003 жылы бастаған. Оның айтуынша, бұл бақтың тарихы 1958 жылдан басталады. Сол кезде осы аумақта алма бағы егілген, ал оның ата-анасы онда 30 жылға жуық еңбек еткен.

90-жылдары бақтың көп бөлігі жойылып, ағаштар отынға пайдаланылған. Мұрат Халықов ата-анасының кәсібін жалғастырып, бақты қайта қалпына келтірген.

Бүгінде тынымсыз еңбектің арқасында бағбан мол өнім алып отыр. Күзге дейін 4-5 тонна алма жинауды жоспарлап отыр.

«Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» дейді бағбан.

Бүгін «Қайрат» – «Ордабасы» матчы өтеді: Алматы полициясы жанкүйерлерге үндеу жасады!

Алматы полициясы жанкүйерлерді матч кезінде қоғамдық тәртіпті сақтап, спорттық мәдениет пен өзара құрметті ұстануға шақырды.

Кездесу барысында полиция, Ұлттық ұлан және арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Стадионда қауіпсіздік пен тәртіпті бақылау үшін бейнебақылау жүйелері қолданылады.

Заң бұзушылықтарға тиісті құқықтық шаралар қабылданады

Ойын Алматы қаласындағы «Орталық» стадионында сағат 19:00-де басталады.

Құрметті сауда саласының қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Ел экономикасының өркендеуіне қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз бен адал еңбектеріңіз әрдайым зор құрметке лайық

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз.

Омбы сапарының олжасы

Ресей – Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі.

2024 жылы екі елдің сауда айналымы 30 млрд долларға жуықтады.

2025 жылдың алғашқы 5 айында сауда көлемі 9,6%-ға өсіп, 10,9 млрд долларға жетті.

2005–2025 жылдар аралығында

Ресейдің Қазақстанға салған тікелей инвестициясы – 29,3 млрд доллар

Қазақстанның Ресей экономикасына құйған инвестициясы – 9 млрд доллар.

Қазіргі таңда өнеркәсіптік кооперация аясында жалпы құны 52,7 млрд долларды құрайтын 177 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесіп, Ресей мен Украина арасындағы дағдарысты реттеу мәселесіне қатысты өз ұстанымын жеткізді.

Қазақстан басшысы бұл қақтығысты мемлекетаралық сипаттағы соғыс деп санайтынын атап өтті. Қазақстан украин халқының мәдениеті мен тіліне құрметпен қарайтынын да жеткізді. Президент қақтығысты уақытша тоқтатып, 2.0. Ыстамбұл формуласына оралған дұрыс дейді. Ал ірі мемлекеттердің, соның ішінде Ресейдің кепілдігі арқылы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бұл мәселеге бейжай қарамайтынын, алайда қақтығыста арағайын болудан бас тартатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді тараптар өздері, делдалсыз шеше алады.

Колумбиядағы хайуанаттар бағында жүректі елжірететін ерекше оқиға болып жатыр.

Маймыл тектес кішкентай лемур дүниеге келгенде одан енесі жерініп, бауырына алмай қойған. Сондықтан қызметкерлер кішкентай лемурдың жанына ойыншық маймыл әкелді. Қазір соның жұмсақ, жылы құшағында жатып, қоректенеді. Лемурлар жойылып бара жатқан тіршілік иелерінің тізіміне енген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары

Парижде жыл сайын ондаған мың ұрлық тіркеледі. Қала билігінің мәліметінше, шаһар көшелерінде күніне шамамен 300 ұрлық жасалады.

Ұры-қарылармен полиция ғана емес, қоғамдық тәртіпті өз еркімен қадағалайтын белсенділер де күресіп жүр. Солардың бірі – алаяқтарды әшкерелейтін видеолары арқылы Францияда танымал болған блогер Кристиан.

Париждегі түсірілім тобымыз онымен бірге «қалта ұрыларын аңдуға» шықты.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке тиесілі 100-ден астам бірегей жәдігер Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жанындағы Әскери-тарихи музей қорын толықтырды.

Қорға мемлекеттік наградалар, жеке құжаттар, әскери киім үлгілері, атаулы қарулар және қолбасшының өмірі мен қызметін көрсететін тарихи құндылықтар енді.

Жәдігерлерді батырдың қызы Айсұлу Нұрмағамбетова мен немересі Сауық Нұрмағамбетов табыстады.

Бұл мұра жас ұрпаққа Сағадат Нұрмағамбетовтің елге адал қызметін танытып, әскери-патриоттық тәрбиеге үлес қосады.

«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 48-сессиясында «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.

Тізімге 5 киелі кешен енді

Шопан ата

Қараман ата

Шақпақ ата

Сұлтан епе

Бекет ата

ЮНЕСКО бұл нысандардың тарихи және мәдени маңызын мойындап, Маңғыстаудағы сопылық дәстүр мен көшпелі мәдениеттің ғасырлар бойғы сабақтастығын атап өтті.

Жерасты мешіттері, қорымдар, кесенелер мен зиярат жолдары бүгінге дейін рухани құндылығын сақтап, маңызды тарихи орын ретінде қызмет етіп келеді.

Ағза донорлығы – өмірге екінші мүмкіндік сыйлайтын ізгі қадам.

Донорлық мәдениеті дегеніміз не? Оның маңызы қандай? Әр азамат бұл туралы нені білуі керек?

ОМБЫДАҒЫ АТМОСФЕРА

Омбы қаласы маңызды шараға дайындалып жатыр. Бүгін мұнда Қазақстанмен Ресей арасындағы XXII өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді.