Архив доступен 33 339 сообщений С 2020 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда аптап ыстық, шаңды дауыл, жаңбыр мен найзағай күтіледі

27 шілдеде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады.

Маңғыстау облысында аптап ыстық күшейіп, күндіз ауа температурасы +43…+47°C-қа дейін көтеріледі.

Қалалардағы ауа райы

Астанада – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

«Кайрат» вырвал победу у «Ордабасы» и стал новым лидером КПЛ

Алматинский «Кайрат» одержал важнейшую победу над шымкентским «Ордабасы» в центральном матче 19-го тура Казахстанской Премьер-лиги.

Встреча на Центральном стадионе Алматы завершилась со счетом 2:1 в пользу хозяев поля.

Перед игрой «Ордабасы» возглавлял турнирную таблицу, опережая «Кайрат» всего на одно очко. Благодаря победе алматинцы набрали три балла, обошли своего прямого конкурента и поднялись на первое место в чемпионате.

Успех в очной встрече стал для «Кайрата» серьезной заявкой на борьбу за чемпионский титул. «Ордабасы», в свою очередь, потерпел поражение и уступил лидерство в КПЛ.

ТЖМ басшысы Алматы гарнизонына заманауи өрт сөндіру-құтқару техникасын табыс етті

Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қала гарнизонына заманауи биіктік өрт сөндіру-құтқару техникасын табыс етті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен азаматтық қорғау органдарын жүйелі жаңғырту аясында жергілікті бюджет қаражаты есебінен ТЖД бөлімшелеріне Volvo шассиіндегі АКП-75 және АПК-90 автокөтергіштері берілді. Жаңа техника кәдімгі автосатыларды қолдану мүмкіндігі шектеулі көпқабатты ғимараттарда өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған.

АКП-75 автокөтергіші 75 метрге дейінгі биіктікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құтқару себетімен және су мен көбікті тиімді беруге арналған қашықтан басқарылатын лафеттік оқпанмен жабдықталған. Ал АПК-90 автокөтергіші 90 метрге дейінгі биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған. Құтқару люлькасының жүк көтергіштігі мен қуатты өрт сөндіру жүйесінің

Казахстанец завоевал бронзу молодежного чемпионата мира по академической гребле

Казахстанский спортсмен Артем Матусевич стал бронзовым призером молодежного чемпионата мира по академической гребле, который проходит в Дуйсбурге.

Матусевич поднялся на третью ступень пьедестала в соревнованиях мужских одиночек легкого веса, преодолев дистанцию за 7 минут 1,56 секунды.Победителем стал представитель Португалии Жоао Велосо, показавший результат 6 минут 59,96 секунды.

Алматы облысында құтқарушылар Карнизный шыңынан зардап шеккен туристі эвакуациялады

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Карнизный шыңы маңында турист 4500 метр биіктікте тауға шығу кезінде тас көшкініне тап болып, аяғы мен бетінен жарақат алған. Оқиғадан кейін оның орналасқан жері белгісіз болып, таулы аймақтан өздігінен шыға алмаған.

Іздеу жұмыстарына Конаев қаласының жедел-құтқару жасағының, ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары және Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің күштері шұғыл түрде кірісті. Әріптестермен бірлесіп іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оның барысында зардап шеккен адамның орналасқан жері анықталды.

Жедел эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Зардап шеккен адам Боралдай әуежайына жеткізіліп, ол жерде оны Апаттар медицинасы орталығының бригадасы қарсы алды. Кейін ол Алматы қаласының қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Полицейские обратились к владельцам электросамокатов

"Мы регулярно сталкиваемся с ситуациями, когда на одном самокате передвигаются два или даже три человека, перевозится габаритный груз, игнорируются ПДД. Подобные нарушения значительно повышают риск ДТП. Мы призываем всех пользователей соблюдать установленные правила, уважать других участников дорожного движения и помнить, что главная цель всех принимаемых мер – сохранить жизнь и здоровье людей", – отметил замначальника управления по координации профилактической работы ДП Алматы Рустем Абдигалиев.

Полицейские напоминают, что с ростом популярности электросамокатов возрастает и ответственность каждого пользователя за соблюдение Правил дорожного движения. Несмотря на проводимую разъяснительную работу, сотрудники полиции продолжают выявлять нарушения, которые могут привести к ДТП.

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды. 22 тамызға дейін жалғасады.

Құрылтай

Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Атап айтқанда, ведомство бұқаралық ақпарат құралдары Құрылтай депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқанын объективті түрде жариялауға міндетті екенін атап өтті.

Құрылтай

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Алматыда Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 мм және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі, Фариза Оңғарсынова көшесімен шектелген аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдауды сұраймыз.

Команда Казахстана завоевала 18 медалей на чемпионате Азии по пенчак силату во Вьетнаме

В Дананге команда Казахстана завоевала 1 золотую, 4 серебряные и 13 бронзовых медалей

Райымбек Орынбай (тандинг, 95 кг)

Назерке Темиргалиева (тандинг, 75 кг), Мереке Жунусова (тандинг, 85 кг), Захар Рябов (тандинг, 110 кг), Регина Трайзе (тандинг, 80 кг – 2 место, регу – 3 место)

Диана Юсубова (тандинг и регу, 100 кг), Аружан Сайлау (тандинг и регу, 45 кг), Рахымжан Оразкулов (тандинг, 60 кг), Саид Қасымов (тандинг, 65 кг), Илияс Хасимжанов (тандинг, 75 кг), Куандык Маликов (тандинг, 90 кг), Асия Жайык (тандинг, 50 кг), Акнур-Айым Исмурзина (тандинг, 65 кг), Арай Аманбай (тандинг, 60 кг), Күндиас Сагындыкова (тандинг, +100 кг)

Пенчак силат – это индонезийское боевое искусство.

Казахстанские шпажисты вышли в топ-32 на чемпионате мира в Гонконге

За выход в число 32 сильнейших выступили все представители национальной команды Казахстана — Руслан Курбанов, Ерлик Сертай, Кирилл Проходов и Вадим Шарлаимов.

Курбанов одержал уверенную победу над Йоханатаном Мессика Ламбрей (Израиль) — 15:7. Проходов также не оставил шансов сопернику из Финляндии Йярви Керрко, разгромив со счетом 15:5.

Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді

Курс валют на 26 июля

USD / KZT – 476.07 (Доллар США)

EUR / KZT – 541.86 (Евро)

TRY / KZT – 10.06 (Турецкая лира)

KGS / KZT – 5.44 (Кыргызский сом)

AED / KZT – 129.63 (Дирхам ОАЭ)

CNY / KZT – 70.30 (Китайский юань)

GBP / KZT — 634.13 (Фунт стерлингов)

UAH / KZT – 10.63 (Украинская гривна)

RUB / KZT – 6.08 (Российский рубль)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Омбыға сапары

XXII Форум межрегионального сотрудничества Казахстана и России

Омск, Россия

Қазақстан мен Ресей президенттеріне сауда және логистика саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды

ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, тасымалдау үдерісін цифрландыруға және автокөлік тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жобалар таныстырылды.

Атап айтқанда, президенттерге тауар айналымы мен өнімнің шығарылған жерін растауға мүмкіндік беретін тауарларды цифрлық таңбалау жүйесі, тасымалдау үдерісіне қатысушыларға арналған Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы, жасанды интеллект көмегімен көлік ағынына үздіксіз талдау жүргізетін AI Jol бірыңғай цифрлық жобасы туралы мәліметтер берілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук сыртқы сауданың тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына теміржол, автокөлік және авиа байланыстарын дамыту үшін қолға алынған бірлескен шаралар мен шекарадағы көлік өткізу пункттерін қос тараптан бірдей жаңғырту перспективасы туралы мәлімет берілді.

Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан серіктестігін ілгерілетуге өңірлердің қосқан үлесін жоғары бағалады

Оның айтуынша, аймақ басшылары мен бизнестің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде сауда-саттық жанданып, өзара инвестиция ағыны ұлғайып келеді.

– Ең басты нәрсені айтайын: Ресей мен Қазақстанның көлік және логистика саласында, сондай-ақ экономика мен қоғамдық өмірдің басқа да бағыттарында өзара тиімді ықпалдастықты арттыруына мүмкіндіктері мол. Осындай үйлесімді әрі ұжымдық жұмысты жалғастырса, Ресей мен Қазақстанның өңірлері екі елдің бауырлас халықтарының игілігі үшін жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі тереңдетуге елеулі үлес қосады, – деді Владимир Путин.

Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің көлік-логистикалық байланысын нығайтудың шекара маңындағы аймақтар үшін маңызы зор деп санайды

– Шекара маңындағы өңірлерде «500+» шартты атауымен әуе қатынасын дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу ұсынылады. Бастамаға сәйкес, Астана мен Ресейдің Қазақстанмен шекаралас әрі халық саны 500 мыңнан асатын қалалары арасында тікелей әуе рейстерін кезең-кезеңімен ашу көзделген. Бұл бағдарламаның іске асуы өз кезегінде екі елге де туристердің көптеп келуіне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан бөлек, бірлескен трансшекаралық туристік бағыттар ашу да тиімді деп есептеймін.

Ол үшін елдеріміздің туризм индустриясы өкілдерінің арасындағы ықпалдастықты жандандырған жөн. Айтпақшы, Қазақстанға демалуға және көрікті жерлерді тамашалауға келетін туристердің саны жағынан Ресей қазір бірінші орында тұр. Екінші орында – Қытай, үшінші – Үндістан, төртінші – Түркия. Туризмді қарқынды дамытуға мүмкіндігіміз жеткілікті. Атап айтқанда, еліміз географиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан. Алуан түрлі табиғи ландшафт, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз да көпшілікті қызықтырады.

Ең бастысы, Ресей туристері үшін Қазақстанда тіл және менталдық тұрғыдан ешқандай кедергі жоқ. Мәдениетіміз бен тарихымыз ортақ. Шекара маңындағы туризмді дамыту экономика қарқынын арттырып қана қоймайды. Бұл – арадағы сенімді нығайтып, тату көршілік қатынастардың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға салынған инвестиция. Екіжақты байланысымыздың қаншалықты мықты екені осыдан көрінеді. Әрі бұл бірге өсіп-өркендеуімізге тың серпін береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың беріктігі өңірлердің, іскер топтардың, ғылыми және мәдени қоғамдастықтардың белсенді байланысы арқылы нығая түсетін жоғары деңгейдегі сенімді диалогтан, ең бастысы, миллиондаған адамның достығынан байқалатынын айтты.

– Біздің сан қырлы ынтымақтастығымызда сабақтастық пен серпінді даму өзара үйлесім тапқан. Ортақ тарихымызды ардақтай отырып, болашаққа бірге көз тігеміз. Қазақстан ұлы Ресей елімен жасампаз стратегиялық серіктестікті дамытуға әрдайым ниетті. Омбы қаласына менімен бірге үлкен делегация келді. Оның құрамында орталық мемлекеттік органдардың басшылары, шекаралас облыстардың әкімдері, іскер топ өкілдері бар. Бұл біздің жүйелі жұмыс істеп, екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттары бойынша нақты келісімдерге қол жеткізуге мүдделі екенімізді білдіреді.

Бүгінгі форумның нәтижесі Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастар жылнамасындағы кезекті жарқын кезеңге жол ашып, мемлекеттеріміздің гүлденуіне және бауырлас халықтардың игілігін арттыруға ықпал етері сөзсіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, форум тақырыбы қазіргі халықаралық жағдай тұрғысынан ерекше өзекті

Оның пікірінше, әлемдегі ең ұзын әрі тұтас құрлық шекарасымен түйіскен Қазақстан мен Ресейге Еуразиядағы көлік-логистика жүйесінің дамуында жетекші рөл атқаруды тағдырдың өзі бұйыртып отыр.

– Бұл – қазіргі өте күрделі геосаяси жағдайда елдеріміздің жаһандық бәсекедегі артықшылығын айқындайтын басты фактор. Біз күш-жігер жұмылдырудың арқасында бұл саладағы барлық міндетті табысты еңсеріп, инфрақұрылымды жүйелі дамытып келеміз әрі транзиттік әлеуетімізді нығайта түстік. Өткен жылы елдеріміз арасындағы теміржол көлігімен жүк тасымалдау 3,5 пайызға артып, 92 миллион тоннаны құрады. Сонымен қатар Қазақстан аумағы арқылы транзит тасымалы жандана түсті.

Тек соңғы бес жылда Қытай – Ресей – Қытай бағыты бойынша Қазақстан территориясынан өткен контейнерлік тасымалдың көлемі сегіз есе артты. Ресей – Қазақстан – Қытай бағытындағы миллионыншы контейнер елеулі меже болды. Әлбетте, мұнымен шектеліп қалмаймыз. Автомобиль көлігімен тасымалдау да еселене түсті. Былтыр оның көлемі 8,5 миллион тоннадай болған. Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4,3 миллион тоннаға жетіп, екі еседен аса ұлғайды.

Бұл саладағы бірлескен жүйелі жұмысты жалғастырcақ, осы қарқынды сақтап қалуға әбден болады. Мен бұған сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Солтүстік – Оңтүстік дәлізін дамытуға айрықша мән беріліп отырғанына назар аударды. Былтыр бұл тараптағы жүк тасымалы едәуір өскен.

Тағы бір маңызды бағыт – Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ақтөбе – Ұлғайсын жолындағы реконструкция дәліздің өткізу мүмкіндігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді.

– Қолданыстағы цифрлық платформалар базасында «Қазақстан – Ресей» цифрлық көлік дәлізін пилоттық режимде іске қосуды ұсынамын. Себебі бұл – көлік нөпірі көп бағыттардың бірі. Екі елдің көлік-логистика жүйесін цифрлық тұрғыда тиімді интеграциялау және жаңа технологияларды кеңінен қолдану бізге өзара сауда-саттық көлемін ұлғайтып, көлік ағынын арттыруға және жан-жақты экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Биыл мамыр айында Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында жүргізушісіз жүк көліктері алғаш рет екі ел екі ортасында қатынады. Мұны айтулы уақиға деуге болады. Осынау сәтті тәжірибе Қазақстан мен Ресейдің көлік саласындағы серіктестігі жаңа технологиялық деңгейге шыққанын көрсетті, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеуде»

Мемлекет басшысы Ресей Қазақстанның басты инвестициялық серіктестерінің бірі ретінде соңғы 20 жылда еліміздің экономикасына 30 миллиард доллардан астам қаржы салғанына тоқталды.

– Бұл салада оң қарқын байқалады: биылғы бірінші тоқсанда Ресейден келген инвестиция ағыны 45 пайызға ұлғайды. Яғни, бес айдағы көлемі 773 миллион долларды құрады. Көпжылдық өзара тиімді ынтымақтастық нәтижесінде қазір Қазақстан экономикасының түрлі саласында ресейліктердің үлесі бар 20 мыңнан аса кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Сонымен қатар Ресейдегі қазақстандық бизнестің позициясы нығайып келеді. Ресей экономикасына құйылған қаржымыз 9 миллиард доллардан асты. Экономикалық күн тәртібінде өнеркәсіп саласындағы серіктестіктің алар орны ерекше.

Елдеріміз 177 ірі жобадан тұратын тізім жасақтады. Инвестицияның жалпы көлемі 52 миллиард доллардан асады. Оның 122-і іске асырылып, 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «Росатом» бастаған халықаралық консорциумның қатысуымен Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жобасы болашаққа бағдарланған екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық сипатқа ие болғанын көрсетеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ғарыш саласындағы ынтымақтастық та өзара іс-қимылдың басым бағыты екенін атап өтті.

– Биыл сәуір айында «Союз-5» зымыран тасығышы алғаш рет ұшырылды. Бұл елеулі уақиға ғылыми, инженерлік, өндірістік мүмкіндіктерін тоғыстырса, Қазақстан мен Ресей түрлі саладағы өршіл бастамаларды жүзеге асыра алатынын анық көрсетті. Қазақта «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген мақал бар. «Где лад, там и клад» деген орыстың нақыл сөзінің мағынасы осыған жақын. Мызғымас достық пен тату көршілік байланыстарға, өзара сенім мен қолдауға, бір-біріміздің мүддемізді ескеруге негізделген қарым-қатынас бауырлас халықтардың әл-ауқатын арттыруда жаңа белестерді бағындыруға жол ашатынына сенімдімін, – деді Президент.