Архив доступен 34 884 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

75-тің ісі: Ташиев сотталды!

Қырғызстандағы ең даулы сот ісі бойынша бүгін сот үкім шығарды. Бішкектің Бірінші май аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы ҰҚҚ басшысы Қамшыбек Ташиевті “75-тің ісі” бойынша КІНӘЛІ деп танып, 4 жылға соттады және дүние-мүлкі тәркіленетін болды.

Сол секілді: Қырғызстанның экс-бас прокуроры Құрманқұл Зұлышев пее Парламенттің экс-төрағасы Нұрланбек Шакиев те кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталды. Бұл азаматтарға сот пробация тәртібін қолдануға үкім етті.

Ал өзге айыпталушылар - Бекболот Талгарбеков, Аалы Карашев, Эмиль Узакбаев, Курсан Асанов, Курманбек Дыйканбаев “қызметін асыра пайдалану” айыбы бойынша КІНӘСІЗ деп танылды. Ал “билікті басып алмақ болды” деген айып бойынша КІНӘЛІ деп танылды. Алайда, оларға да пробация тәртібі қолданылып, сот залынан босатылды.

АҚШ Иранға Ормуз бойынша жаңа ұсыныс айтты

АҚШ пен Оман Иранды Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден ақы алу талабынан бас тартуға көндіруге тырысып жатыр. Оның есесіне Иранның шетелде бұғатталған $100 миллиард қаражатының бір бөлігін қайтарып беруді ұсынуда.

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Тегеран әзірге бұған келіспей отыр және әлемдегі ең маңызды теңіз маршруттарының бірі арқылы өтетін кемелерге сес көрсетуді үдетіп жатыр.

ЖАНАРМАЙ ДАҒДАРЫСЫ КҮШЕЙДІ...

Ресейдің 4 бірдей өңірінде жанармай бекеттерінде көлік отыны тек қызметтік көліктерге ғана сатылып жатыр...

Саратовта "Роснефть" жанармай құю станцияларында тек арнайы көліктерге (ТЖМ, жедел жәрдем және полиция машиналары) және шенеуніктерге ғана қызмет көрсетілуде.

Волгоградта "Газпром" бекеттерінде бензин тек белгілі бір отын карталары бар адамдарға ғана беріледі. Бұл карталар әкімдік, ауруханалар мен полиция көліктеріне ғана берілуде.

Краснодарда "Роснефть" жанармай құю станциясында бензинді тек мемлекеттік қызметкерлер куәліктерін көрсету арқылы ғана сатып ала алады.

Челябі мен Екатеринбург арасындағы М-5 трассасында орналасқан "Роснефть" бекетінде бензин бірінші кезекте шұғыл қызметтер мен шенеуніктерге берілуде.

БАҚ: Ресей 18 ай бойы дрондардың көмегімен Еуропаның ядролық нысандарын бақылап келген...

Ресейлік арнайы қызметтер Еуропадағы әскери және ядролық нысандарды барлау мақсатында, оның ішінде «көлеңкелі флот» кемелерінен ұшырылатын ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (дрон) қолдана отырып, ауқымды науқан ұйымдастырған болуы мүмкін. Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (IISS) сарапшылары осындай тұжырымға келді, деп жазады The Guardian.

Ресей Қазақстан азаматын «тыңшы» деп ұстады...

Халықаралық деңгейде үлкен дау тудыратын кезектегі оқиға. Ресей аумағында Байқоңыр қаласының тумасы, Қазақстан азаматы «шпиондық жасады» деген айыппен ұсталды. Алайда, оның тұтқындалуы мен істің мән-жайы үлкен күмән мен интригаға толы. Қазақ елінің азаматтары көрші елде қаншалықты қауіпсіз?

Татудық шеберінде құрылған тұзақ па? Қазақстандық халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюроның (ҚАҚЖБ) мәліметінше, ер адамды Ресейдің Орынбор қаласына «тиімді коммерциялық тапсырыс бар» деп алдап шақырған. Оған Орынбордағы фитнес-орталықтардың бірінің қабырғасын бояп, безендіру ұсынылған. Алайда, ол межелі жерге жеткен бойда бірден құрықталып, тергеу изоляторына жабылған.

Айып неге негізделген және саяси астар бар ма? Ұсталған азаматтың жұбайы бұл істің артында нақты саяси астар барын айтады

Антисоғыс позициясы: Күйеуі Украинадағы соғысқа үзілді-кесілді қарсы болған және бұған дейін Байқоңырда Ресей жағында соғысқа қатысып келген жергілікті тұрғынмен жанжалдасып қалған.

Айыптаудың сипаты: Ресейлік тергеу орындары оны «украин блогеріне ресейлік әскери бөлімдердің орналасқан жері туралы мәлімет берді» деп айыптап отыр.

Дәлелсіз дәлелдер: Істегі басты «айғақ» — әскери бөлімдер тізімі жазылған кестенің скриншоты. Бірақ жұбайының айтуынша, бұл мәліметтердің біреуге мессенджер, электронды пошта немесе басқа да тәсілмен жіберілгенін дәлелдейтін ешқандай айғақ іс материалдарында жоқ!

Қорқыныш пен құпиялық: Адвокаттар неге қашып жатыр? Бұл іске ресми түрде араласуға ресейлік заңгерлердің өздері қорқып отыр. Табылған адвокат істегі «құпиялық грифіне» байланысты ресми қорғаушы болудан бас тартқан. Себебі, мұндай істерге қатысқан адвокаттардың өзіне Ресейден шығуға шектеу қойылуы мүмкін. Қазір ол тек бейресми түрде кеңес беріп қана жүр. Оның үстіне, отандасымыздың түрмеде азаптауға ұшырағаны және денсаулығының күрт нашарлағаны белгілі болды. Бұл жағдай қазір Халықаралық адам құқықтары федерациясының бақылауына алынды.

Қалай ойлайсыз, Қазақстан билігі өз азаматын Ресей түрмесінен арашалап ала ала ма, әлде «шпиондық» бабына СІМ-нің де қауқары жетпей ме?

Қазіргі таңда Ресей мен Украина арасындағы қанқасап соғыс мүлде жаңа сипат алып, майдан даласындағы динамика күн өткен сайын өзгеруде.

«BLOOMBERG»: УКРАИНА РЕСЕЙДІҢ ЖАРТЫ ЖЕРІН ҚАРУЫМЕН КӨЗДЕП ОТЫР!

КЕЛЛОГ: БІЗ БӘСТІ УКРАИНАҒА ТІГІП ОТЫРМЫЗ!

БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ЭЛИТАСЫ ПУТИНГЕ ҚАРСЫ БАС КӨТЕРУІ МҮМКІН!

Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=8452

ЗАҢ!

Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – елдің басты құқықтық құжаты ресми түрде күшіне енді. Бұл құжат қоғамның негізгі құндылықтарын айқындап, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, сондай-ақ мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу қағидаларын белгілеп, елдің одан әрі дамуына құқықтық негіз қалайды. Жаңа Конституция заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтарын қорғауға берілетін конституциялық кепілдіктерді кеңейтудің жаңа кезеңін бастап отыр.

Енгізілген маңызды өзгерістердің бірі – 15-бапқа әрбір адамның мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының немесе мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген өзге де адамдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянның өтелуіне құқығы енгізілуі.

Бұл норманың Конституцияда бекітілуі азаматтардың құқықтарын қорғау бұрынғыдан да жоғары құқықтық деңгейде қамтамасыз етілетінін білдіреді. Осылайша, келтірілген зиянды өтеу құқығы енді тек заңнамалық деңгейдегі кепілдік емес, конституциялық тұрғыдан қорғалатын құқыққа айналды.

Енді азаматтардың құқықтары мемлекеттік органдардың немесе олардың өкілдерінің заңсыз шешімдері, әрекеттері не әрекетсіздігі салдарынан бұзылған жағдайда, олар келтірілген зиянның өтелуіне заңды түрде үміт арта алады.

Бұрын мұндай мәселелер негізінен салалық заңдармен реттеліп келген болса, енді бұл кепілдік Конституция деңгейінде бекітіліп, мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігін күшейте түседі және бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге қосымша құқықтық мүмкіндік береді.

Жаңа Конституция маңызды қағидатты орнықтырады: мемлекет адам құқықтарын қорғап қана қоймай, егер оның органдары немесе лауазымды тұлғалары заңсыз әрекеттері арқылы зиян келтірсе, сол үшін жауапкершілік те көтеруге міндетті.

Бұл құқықтың Конституцияда бекітілуі құқық үстемдігін одан әрі нығайтып, адам құқықтарын қорғау мен мемлекеттің жауапкершілігі қазіргі құқықтық жүйенің басты қағидаттарының бірі екенін тағы да айқындай түседі.

Қазақстан халықаралық деңгейде шикізаттық экономика ретінде ғана емес, біртіндеп өсудің неғұрлым орнықты моделін қалыптастырып келе жатқан мемлекет ретінде қарастырыла бастады. Мұндай қорытынды Reuters сайтында жарияланған World Impact Media Organization аналитикалық есебінде келтірілген.

Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=8450

Қазақстан қоғамында тарихи әділеттілік мәселесі жиі талқыланады. Алайда өткеннің қасіреттеріне үнемі назар аударып, соған байланып қалу елдің дамуына кедергі келтіруі мүмкін. Мәжілістің бұрынғы депутаты Ермұрат Бапидің айтуынша, мемлекеттің алға жылжуы үшін ең алдымен ұлттың бойында қуат, рух күші және болашаққа деген сенім болуы қажет.

Толық: https://abai.kz/post/218925

Тығырық!

Ресей Үндістаннан жағармай сатып ала бастады…

Көлемі шамамен - 60-70 мың тонна. Ресей жалпы шет елдерден 400 мың тонна жағармай сатып алмақ. Ал Ресейдің соққы жеген МӨЗ-дері мен жағармай логистикасы елішілік қажеттілікті қамтамасыз ете алмауда…

Құрылтай сайлауы өтетін күн де белгілі болды…

Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Ол бойынша - Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.

Жаңа парламенттің атауын Құрылтай деп атау туралы биыл Президенттің өзі айтқан еді.

Шын мәнінде парламент - әрдайым уақыт талабына тез бейімделіп, қоғам сұранысына лайықты жауап бере алатын жасампаз құрылым болды. Парламент мемлекетіміздің басты өкілді органы қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты.

Ал жаңа сипаттағы парламент - Құрылтай осы үдеден шығуы уақыт талабы. Оның құрамы кәсіби мамандардан жасақталуы керек-ақ. Оны кеше Мемлекет басшысы да ерекше атап айтты.

Ресей Киевке шабуыл жасай ма? Басып алу операциясы бола ма?

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский Ресей әскері Брянск облысы арқылы Чернигов облысына қайта басып кіруі мүмкін екенін айтты. Ол бұл пікірін «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Сұхбат 30-маусым күні кешке жарияланды. Толығырақ

Сәтті соққы

Мариуполь — Донецк арасын жалғап тұрған автожолдағы (Н-20/Р-280) кезекті көпір Украинаның түнгі шабуылынан қирап құлады. Көпір Кременёвки ауданы маңында орналасқан.

Сәйкесінше, қазір Донецкіге қарай қатынас толықтай тоқтаған.

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңартылған Конституция күшіне енеді

1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа конституциялық кезеңге аяқ басады. Осы уақытқа дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының Конституциясының орнына жаңартылған Ата Заң күшіне енбек. Бұл құжат мемлекеттік басқару жүйесін жаңаша қалыптастырып, билік тармақтарының өзара қарым-қатынасын қайта айқындауды көздейді.

Мамандардың пікірінше, бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі саяси реформалардың бірі. Жаңа Конституцияда мемлекеттік институттардың қызметі ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты бірқатар нормалар да жаңартылған.

Парламенттің орнына Құрылтай жұмыс істейді

Жаңа Конституцияға сәйкес, екі палатадан тұратын Парламент таратылып, оның орнына Құрылтай атты бір палаталы заң шығарушы орган құрылады.

Құрылтай құрамында 145 депутат болады. Олар бүкіл ел бойынша біртұтас сайлау округі арқылы пропорционалды жүйемен сайланады. Сарапшылардың айтуынша, мұндай жүйе заң қабылдау үдерісін жеделдетуі мүмкін.

Вице-президент лауазымы енгізіледі

Конституцияда алғаш рет вице-президент қызметі қарастырылған. Бұл лауазым бұрынғы мемлекеттік кеңесші институтының қызметін алмастырады.

Вице-президент мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді, Президенттің тапсырмаларын орындайды және қажет болған жағдайда мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарады.

Қазақстан Халық кеңесі құрылады

Жаңа Конституция аясында Қазақстан Халық кеңесі атты жаңа органға конституциялық мәртебе беріледі. Оның құрамына 126 адам енеді.

Бұл кеңес заң жобаларын ұсынуға, республикалық референдум өткізу жөнінде бастама көтеруге және ұлттық бірлікке қатысты ұсыныстар әзірлеуге құқылы болады.

Президенттің өкілеттігі артады

Жаңартылған Конституция Президенттің бірқатар өкілеттігін кеңейтеді. Мемлекет басшысы енді Бас прокурорды, Конституциялық соттың төрағасын, Жоғарғы соттың төрағасын, Ұлттық банк төрағасын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тікелей тағайындай алады.

Үкіметке сенімсіздік білдіру тәртібі өзгереді

Жаңа редакцияда Үкіметке сенімсіздік білдіру рәсімі де жеңілдетілген. Бұдан былай мұндай бастаманы көтеру үшін депутаттардың бестен бірінің қолдауы жеткілікті.

Президент иммунитеті мен импичмент рәсімі

Жаңа Конституцияға сәйкес, Президент өз өкілеттігін атқару кезінде қабылдаған шешімдері үшін жауапқа тартылмайды. Бұл норма бұрынғы президенттерге де қолданылады.

Ал импичмент рәсімі бойынша бастама депутаттардың үштен бірінің қолдауымен көтеріледі, ал шешім қабылдау үшін депутаттардың төрттен үшінің дауысы қажет болады.

Азаматтардың құқықтарына қатысты өзгерістер

Жаңа Конституцияда сөз бостандығы сақталады. Бірақ ол жеке адамның ар-намысын қорғау, қоғамдық тәртіп, моральдық құндылықтар және халықтың денсаулығы сияқты талаптарды ескере отырып шектелуі мүмкін.

Қамауға алу, білім беру және медицина

Жаңа Конституцияда ұсталған азаматқа оның құқықтарын міндетті түрде түсіндіру талабы енгізіледі. Сондай-ақ соттың санкциясынсыз қамауда ұстау мерзіміне шектеу қойылады.

Әлеуметтік кепілдіктерге келсек, орта білім мен медициналық көмектің тегін көрсетілуі Конституцияда сақталады. Ал жоғары білім беру тәртібі заңмен реттеледі.

Жеке деректерді қорғау және еңбек құқығы

Жаңартылған Конституцияда азаматтардың жеке деректерін қорғауға ерекше мән берілген. Бұл талап мессенджерлер мен өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы берілетін ақпаратқа да қатысты болады.

Қортынды

Жаңартылған Конституция Қазақстанның саяси жүйесін жаңа форматта дамытуға бағытталған. Құжатта жаңа мемлекеттік институттар құрылып, құқықтық нормалар нақтыланса, екінші жағынан Президенттің өкілеттігі кеңейіп, заң шығару жүйесі де өзгеріске ұшырайды.

Бұл реформалардың іс жүзіндегі нәтижесі мен қоғамға тигізер ықпалы алдағы уақытта айқын көрінетін болады.

Әлеуметтік кепілдіктерге келсек, орта білім мен медициналық көмектің тегін көрсетілуі Конституцияда сақталады. Ал жоғары білім беру тәртібі заңмен реттеледі.

Бұдан бөлек, Конституцияда алғаш рет неке ер мен әйелдің тең құқыққа негізделген одағы ретінде нақты көрсетіледі.

Жеке деректерді қорғау және еңбек құқығы

Жаңартылған Конституцияда азаматтардың жеке деректерін қорғауға ерекше мән берілген. Бұл талап мессенджерлер мен өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы берілетін ақпаратқа да қатысты болады.

Ал еңбек саласында ереуілге шығу құқығы Конституциядан алынып тасталып, бұл мәселе енді арнайы заңдармен реттеледі.

Қортынды

Жаңартылған Конституция Қазақстанның саяси жүйесін жаңа форматта дамытуға бағытталған. Құжатта жаңа мемлекеттік институттар құрылып, құқықтық нормалар нақтыланса, екінші жағынан Президенттің өкілеттігі кеңейіп, заң шығару жүйесі де өзгеріске ұшырайды.

Бұл реформалардың іс жүзіндегі нәтижесі мен қоғамға тигізер ықпалы алдағы уақытта айқын көрінетін болады.

Украина президенті Зеленский

Соғыс басталғалы-бері Ресейдің әскери билігі Донбассты толық жаулап алу мерзімін ең кемі 15 рет ресми түрде шегерді, - деді.

Расында, “Киевті үш күнде аламыз” деп жүріп, Донбасстың шекарасына шыға алмай жүргелі 5-ші жыл сырғып барады…

Ал бұл - “әлемнің екінші әскері” деп ерекше әспеттелетін армияның өзінен ондаған есе кіші мемлекетке қарсы соғысының реал фактісі.

ДАҒДАРЫС...

Ресейдің бар болғаны 2 өңірі ғана жанармай дағдарысына мойымай тұр екен. Олар - Қалмақия мен Чукотка.

Қалған өңірлердің, субьектілердің және оккупацияланған аумақтардың барлығында жанармай шектеулі мөлшерде ғана сатылуда.

Ал тағы 3 өңір жанармай дағдарысына жоғары деңгейде дайындық режімін жариялаған.

Украина 27 маусымда Ресейдің Волгоградындағы "Титан-Барриикада" әскери кәсіпорнына "Фламинго" зымыранымен дөп соққы жасаған еді. Сол соққының видеосы осы, міне...

Сырский: Путин Беларусьті соғысқа тартпақ!

Украинаның әскербасы Сырскийдің айтуынша, Ресей президенті Путин Украинаға қарсы жаңа шабуылдың түрлі жоспарларын, соның ішінде Беларусь аумағынан шабуыл дайындауды бұйырған...

Ол бойынша: Ресей Бас штабы шабуылдың бірнеше сценарийін әзірлеген. Украина Брянск облысынан Чернигов бағытына жасалуы мүмкін соққыны ең ықтимал сценарий деп санайды.

Осылайша, Ресей украин әскерін майданның негізгі бағыттарынан алуды көздеп отыр.

Беларусь аумағынан шабуыл жасау сценарийі де қарастырылған.

«Өз басым - Беларусь басшылығы өз жерін шабуыл үшін Ресейге пайдалануға және плацдарм ретінде беруге тәуекел етеді деп ойламаймын», - дейді Сырский.

Бүгінгі цифрлық дәуірде ақпараттың жылдамдығы адамның оны тексеріп үлгеру қабілетінен әлдеқайда асып түсті. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі кез келген хабарлама бірнеше минутта мыңдаған адамға таралып, қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін. Осы орайда «Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының» (JAQ.ORTCOM) 2026 жылғы маусым айындағы №6 шолуы жалған ақпаратпен күрестің қаншалықты өзекті екенін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.

Шолуда келтірілген мысалдар жалған ақпарат таратушылардың негізгі мақсаты – халықты үрейлендіру, мемлекеттік органдарға деген сенімсіздік ұялату және қоғамда жалған пікірлер қалыптастыру.

Қазақстанда босқындарды орналастыру орталықтарының салынатыны туралы ақпарат негізсіз. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта тек Еуропалық Одақпен визалық режимді жеңілдету және реадмиссия бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Курьер болып істейтін аналардың әлеуметтік төлемдерден айырылатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, төлемдер автоматты түрде тоқтатылмайды, тек алушының өз еркімен жазған өтініші негізінде ғана тоқтатылуы мүмкін.

Қаржы министрлігінің жүйелерінен деректердің жаппай жылыстауы туралы ақпарат расталмады. Ведомствоның ақпараттық жүйелері сенімді қорғалған және деректер шифрланған күйде сақталады.

Алматыдағы оқу-жаттығу кезінде граната жарылды деген хабарламаның мәні басқаша. Алматы қаласы ПД мәліметінше, бұл жоспарлы жаттығу кезінде болған техникалық инцидент, одан ешқандай ауыр зардап болмаған.

ШОБ-қа ұлттық рейтинг енгізіледі деген ақпарат – манипуляция. ҚР Ұлттық банкі бұл рейтинг несие алудың міндетті шарты емес, тек қосымша бағалау құралы екенін нақтылады.

Қарулы Күштердің 1940-жылдардағы қаруды қолданатыны туралы ақпарат жалған. ҚР Қорғаныс министрлігі армияда тек заманауи және жаңартылған қару-жарақ түрлері қолданылатынын мәлімдеді.

Сексуалдық бағдары немесе діни сенімі бойынша әскери қызметтен босату туралы заң жоқ. ҚР заңнамасында мұндай негіздер қарастырылмаған.

Авиациялық отын тапшылығы және әуе тасымалындағы іркілістер туралы қауесет негізсіз. ҚР Энергетика министрлігі ішкі нарық толық көлемде отынмен қамтамасыз етілгенін және ешқандай қауіп жоғын растады.

Маңғыстау және Атырау облыстарындағы автогаз тапшылығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Энергетика министрлігі аймақтардың газбен толық қамтамасыз етілгенін жеткізді.

Жеке тұрғын үйлердің жанында көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат – бұрмалау. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл талап тек ортақ пайдаланылатын аумақтарда қараусыз қалған жарамсыз көліктерге қатысты екенін түсіндірді.

Қызылорда облысында «сериялы кісі өлтірушінің» пайда болғаны туралы хабарлама жалған. Қызылорда облысының ПД қылмыстардың өзара байланысы жоқ екенін және жеке тергеліп жатқанын хабарлады.

Жетісу облысында жойқын торнадо болады деген ақпаратты Жетісу облысының ТЖД ресми түрде жоққа шығарды.

Астанада екінші әуежай салу туралы ақпаратқа қатысты Астана қаласы әкімдігі әлі түпкілікті шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

Балқаш көліндегі көліктің бейнеролигі жасанды интеллект көмегімен жасалған. Қарағанды облысының ПД ролик авторы анықталып, профилактикалық шаралар жүргізілгенін хабарлады.

Бұл мәліметтердің барлығы қоғамда сенімсіздік пен дүрбелең тудыру мақсатында жүйелі түрде жасалған. Ақпараттық иммунитетті қалыптастыру үшін әрбір азамат өзінің ақпараттық сауаттылығына жауапкершілікпен қарауы керек. Ең алдымен, кез келген хабарламаның дереккөзін тексеріп, тек ресми мемлекеттік органдардың парақшалары мен jaq.ortcom.kz сияқты сенімді ресурстарға сүйенген жөн. Төтенше немесе күмәнді ақпаратты көрген кезде эмоцияға берілмей, оны таратар алдында ойланып, мәселенің мән-жайын сараптау қажет.