Архив доступен 802 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды.

Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған.

Көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік, экономикалық және қалалық мәдениетке ие өркениетті археологиялық, қолжазбалық және архивтік деректер арқылы көрсету.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктер мен шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жетекші ғалым-археологтар, тарихшылар мен шығыстанушылар, сондай-ақ музейлер, музей-қорықтар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты.

Толығырақ: gov.kz

Халықаралық ғылыми симпозиум аясында ұсынылған бірегей экспонаттар мен ғылыми жаңалықтар

Мемлекет және билік. Тұңғыш рет халықаралық архивтерден алынған дипломатиялық құжаттар ұсынылды. «Хандар шежіресі» қолжазба шиыршығы (XVIII ғ., «Ғылым ордасы» ОҒК) – ұзындығы 267 см болатын каллиграфиялық ескерткіш, ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне енгізілген, онда Жошы әулетінен шыққан 104 ханның генеалогиясы бейнеленген.

Дала сәні мен киім үлгілері. Бұл бөлім Алтын Орда ақсүйектерінің заттық әлемін таныстырады.

Әскери іс. Қазақстан мен Ресей аумағындағы Гашун-Уста, Мульта, Золотарёв қалашығы ескерткіштерінен табылған Алтын Орданың ауыр қаруланған атты жауынгерінің сауыт-сайманы мен қару-жарағы көрсетіледі.

Өркениеттер тоғысындағы дала мен қала. Сарайшық, Сығанақ, Баршынкент, Жент қалаларынан табылған керамика, шыны және металл бұйымдар Орда қалаларының күнделікті өмірін бейнелейді.

Мәдениет, ғылым және өнер. Экспозицияға Алтын Орда дәуіріне жататын 23 қолжазба (7 түпнұсқа, 3 факсимильді басылым, 11 электрондық көшірме) қойылған.

Толығырақ: gov.kz

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысып отыр. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

В Астане проходит международный симпозиум «Золотая Орда как модель степной цивилизации: история, археология, культура и идентичность».

Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на открытии симпозиума.

В мероприятии принимают участие делегации из более чем 20 стран мира. В их числе историки-медиевисты, археологи, востоковеды, тюркологи, монголоведы, нумизматы, эпиграфисты, политологи, культурологи, искусствоведы, дипломаты и представители международных организаций.

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы: «Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық»

«Баршаңызға Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қош келдіңіздер деп айтқым келеді.

Ең алдымен, Астанаға арнайы келген қадірлі меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Менің алдымда сөз сөйлеген атақты ғалымдар мен беделді халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс айтамын. Сөздеріңіз мағыналы, мазмұнды болды.

Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы күмән келтірмейді, бұл – мойындалған тарихи дерек.

Алтын Орда Батыс пен Шығысты жалғап, түрлі өркениеттердің дамуына, мемлекеттердің қалыптасуына ерекше ықпал еткен аса ірі саяси құрылым болды. Бұл да – дәлелденген дерек. Сондықтан Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық.

Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды».

t.me/aqorda_resmi

Президент: «Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих»

«Симпозиум Алтын Орда мен Ұлы дала тарихын зерделейтін түрлі мектеп өкілдерінің басын қосып отыр. Бұл – өте маңызды.

Ұзақ жылдар бойы осы іргелі тақырыпты індете зерттеген ресейлік ғалымдардың рөлін атап өткен әділетті болар еді. Олар Алтын Орданың тыныс-тіршілігін жан-жақты сипаттайтын ғылымның мол қорын жинады.

Сонымен қатар Алтын Орда тақырыбы бір ғана мемлекеттің шеңберінде шектеліп қалмай, Қытай, Моңғолия, АҚШ, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Қырғызстан, Өзбекстан, Мысыр және бірқатар Еуропа елдері зерттеушілерінің назарын аударып, бүкіл әлемді шарлап кетті десек болады.

Түптеп келгенде, Алтын Орда жылнамасы – адамзатқа ортақ тарих.

Бүгін өтіп жатқан бірегей симпозиум әлемдік ауқымдағы мұраны жүйелі зерттеу жұмысын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп сенемін.

Осы жерде отырған ғалымдар мен сарапшылар бұл міндетті іске асыруға елеулі үлес қосуда.

Бұл маңызды жұмыста сіздер оң нәтижеге қол жеткізесіздер деп сенемін».

t.me/aqorda_resmi

Президент: «Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз»

«Көптеген халықтың тарихи жадында реформаторлар мен көрнекті ойшылдардың қалыпты тіршілігіне қарағанда, билеушілердің жорығы мен дарынды қолбасшылардың ерліктері сақталатынын жоғарыда айтып өттім.

Расында, соғыстардағы аңызға айналған жеңістер адамдардың рухын оятады. Ал тағдыршешті мәні уақыт өте келе байқалатын институционалды жаңашылдықтар мен озық идеяларға көпшілік селт ете қоймайды.

Оған әлі күнге дейін Ұлы дала тарихының шексіз шайқастар мен ұрыстар ретінде бұрмаланып көрсетілуі нақты мысал бола алады.

Мұндай сыңаржақ ұстаным Ұлы даланың, әсіресе, Алтын Орданың күрделі, көп қатпарлы өмір салтын әскери шежірелердің ойдан шығарылған өлшемдеріне салып, тарихи шындықтан алыстатады, оқиғаларды көмескілендіре түседі.

Қазіргі ғылымның жоғары пәнаралық даму деңгейі Алтын Орда тарихын объективті зерттеу үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді деп санаймын.

Бүгінгі жиында аталған кезеңді зерттеп жүрген беделді ғалымдар бас қосып отыр. Осы орайда Алтын Орда тарихын пайымдау перспективасын кеңейтуге көмектесетін бірқатар ғылыми ізденіске байланысты өз ойымды қысқаша жеткізгім келеді».

t.me/aqorda_resmi

Президент: «Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды»

«Ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінеді.

Ол жалпыға ортақ мұсылман құндылықтары мен жергілікті рухани дәстүрлерді үйлестірген «түркілік исламның» бастауында тұрды.

Шын мәнінде, ол Ұлы дала халықтарына қазіргі дүниетанымымыздың өзегіне айналған мүлдем жаңа идеологиялық доктрина ұсынды.

Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды. Ал ғұламаның Түркістандағы кесенесі – ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан.

Түркістан шаһары ғасырлар бойы өңірдің басты рухани және саяси орталығы болды. Қазіргі таңда ол түркі дүниесінің қасиетті қарашаңырағы саналады».

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады»

«Көптеген беделді ғалымдардың пікірінше, қазір Алтын Орданың ақша жүйесінде мән-маңызы айрықша жаңалықтар ашылып жатыр. Археологтар осы кезге дейін беймәлім болып келген ондаған тиын сарайын тапты.

Мамандардың айтуынша, нағыз өрлеу кезеңінде Алтын Ордада шамамен 28 миллион күміс тиын соғылған.

Қазіргі таңда мемлекеттік және жеке қордағы сол дәуірге тиесілі тиындардың жалпы саны бір миллионға жетеді.

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады. «Деньги» сөзінің түбірі де осы ұғымнан тараған болуы мүмкін.

Бұған жай ғана лингвистикалық сәйкестік ретінде қарауға болмайды. Бұл – кең байтақ аймағымызда пайда болған ақша жүйесінің Алтын Орда заманында жасалғанын көрсететін нақты дәлел.

Алтын Орда Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағын түгел бақылауда ұстап, даланы қауіпсіз тасымал дәлізі ретінде дамытты.

Жошы Ұлысының аумағы арқылы жыл сайын мыңдаған тонна тауар өтіп жатты. Атап айтқанда: Қытайдан – жібек, Үндістаннан – дәмдеуіштер, Ресей жерінен – тері өнімдері, Еуропадан, Таяу және Орта Шығыс елдерінен – қолөнер бұйымдары тасымалданды».

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Алтын Орда мәселесін зерделеу бойынша іргелі бастамаларды қолға алуды ұсынды

«Мен жақында Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Дала өркениетін дәріптеуге арналған арнайы орталық құруды ұсындым.

Сонымен қатар Алтын Орда мәселесін зерделеп жүрген шетел мамандарын жұмылдырып, баспа саласына қатысты іргелі бастамаларды қолға алу қажет.

Креативті индустрия және медиа бағытындағы түрлі жобалар, ең алдымен, академиялық зерттеулерге арқа сүйеуі керек.

Жаһандану, жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік, яғни, номадизм тұжырымдамасы туралы жаңаша көзқарас қалыптастыру – өте маңызды. Бүгінде бұл ұғымның сипатын «цифрлық көшпенділердің» жасампаз рухы мен сарқылмас күш-қуатынан айқын көруге болады.

Әділдік, ашықтық және мәдениеттер диалогі – Дала өркениетіне арқау болған құндылықтар. Осы мемлекеттілік дәстүрін жан-жақты зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ мерзімді дамуына ықпал етері сөзсіз. Қазір бұл аймақ жаңа сипаттағы қайта өрлеу, яғни, ренессанс кезеңіне қадам басты деп айтуға болады».

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді.

Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді.

Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба.

Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.

Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.

t.me/aqorda_resmi

ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУҒА УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ ӘЛЕУЕТІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Оқу орнымыздың ғылыми-академиялық әлеуетін пайдалана отырып, Түркістан қаласында Түркі өркениеті орталығы құрылады.

Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттерінің бейресми Саммиті кезінде айтты.

Аталған орталық түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени мұрасын сақтау, ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен мәдени жобаларды жүзеге асыру бағытында қызмет атқарады.

«Орталықтың қызметін тиімді ұйымдастыру үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ғылыми-академиялық әлеуетін пайдаланған жөн деп санаймын. Бұл университетке қажетті қаржылай және басқа да жәрдем көрсетіледі», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Түркістанның түркі дүниесіндегі рухани маңызына тоқталып, бұл бастама бауырлас елдердің ғылыми және гуманитарлық ықпалдастығын нығайта түсетінін атап өтті.

Бұл шешім түркі әлемінің ортақ құндылықтарын ұлықтап, келешек ұрпаққа мұра ету жолындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Глава государства подписал Указ «О мерах по развитию культуры чтения и формированию читающей нации»

t.me/aqorda_resmi

Президенттер назарындағы Ясауи университеті

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың «Диуани хикметінен» алынған «Жолға шыққан түптің түбінде мұратына жетеді» деген даналық сөзді ерекше атап өтті.

Сөз барысында ортақ болашақтың маңызды нышандарының бірі ретінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне айрықша тоқталып, оқу орнына көрсетілетін қолдауды одан әрі күшейтудің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ екі ел арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту, инвестиция мен өндірісті дамыту, экспортты арттыру және адами құндылықтарға негізделген жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

ОҚУ ОРДАМЫЗДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында университетімізде Ясауи ғылыми-зерттеу институтының капсуласын салу рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркия Республикасының Ұлттық білім министрі Юсуф Текин, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр, Сауда министрі Өмер Болат қатысты.

Сонымен қатар, «AK Parti» партиясының Ақпарат және коммуникациялық технологиялар бөлімінің төрағасы Өмер Ілері, партияның парламенттік тобы төрағасының орынбасары Лейла Шахин Уста, Шанлыурфа депутаттары Абдулкадир Эмин Өнен мен Мехмет Али Жевхери, MHP партиясынан Сивас депутаты Ахмет Өзйүрек, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) төрағасы Абдуллах Эрен, Түркия Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Малик Гөргүн және Anadolu агенттігінің бас директоры Сердар Карагөз арнайы келді.

Жалпы аумағы 13 000 шаршы метрден асатын 6 қабатты жаңа ғимаратта Теология факультеті, Түркология және Ясауитану ғылыми-зерттеу институттары, заманауи зертханалар, қолжазбалар музейі мен халықаралық конференция залы орналасады.

Институт базасында Қожа Ахмет Ясауи мұрасы, түркі дүниесінің тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтары кешенді түрде зерттеледі.

Жаңа ғимарат Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) қолдауымен салынуда.

Рәсім соңында мәртебелі қонақтар арнайы капсула салып, болашақ ұрпаққа ізгі тілектерін аманаттады.

ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи ғылыми-зерттеу институты ғимаратының капсуласын салу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында және бірқатар стратегиялық жиындарда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жан-жақты зерттеу, оның рухани ілімін жастар арасында кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Түркістанды түркі әлемінің рухани әрі ғылыми орталығына айналдыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.

Осы міндеттер аясында қолға алынған Ясауи ғылыми-зерттеу институты түркі өркениетін, сопылық ілімді, түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын зерттейтін халықаралық ғылыми-академиялық орталыққа айналмақ.

Толығырақ: gov.kz

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ ЗАКЛАДКИ КАПСУЛЫ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОГО ИНСТИТУТА ЯССАУИ

В рамках неформального Саммита Организации тюркских государств, проходящего в городе Туркестан, в Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Яссауи состоялась церемония закладки капсулы здания Научно-исследовательского института Яссауи.

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на заседаниях Национального курултая и ряде стратегических встреч поручал всесторонне изучать наследие Ходжи Ахмеда Яссауи, широко популяризировать его духовное учение среди молодежи, а также превратить Туркестан в духовный и научный центр тюркского мира.

В рамках реализации данных поручений создаваемый Научно-исследовательский институт Яссауи станет международным научно-академическим центром по изучению тюркской цивилизации, суфийского учения и историко-культурной преемственности тюркских народов.

Подробнее: gov.kz

Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Түркия Президентін Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті.

– Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз.

Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды. Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек етіп жүрсіз. Қадірлі Режеп Тайип Ердоғанның тікелей қолдауының арқасында Түркі мемлекеттері ұйымы қысқа мерзім ішінде ықпалды құрылым ретінде қалыптасты.

Сондай-ақ ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестициялық қоры секілді маңызды институттардың жұмысы жандана түсті. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды.

– Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен түрік жұртының тереңнен тамыр тартатын бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұласты. Сіз достық қарым-қатынасымызды нығайтуға, ортақ құндылықтарымызды дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сол үшін өз атымнан және барша Қазақ елі атынан Сізге зор алғыс айтамын. Ұлы дала – түбі бір түркі халықтарының атажұрты, ал, Түркістан – оның қастерлі қазынасы, рухани астанасы. Киелі шаһар тұтастығымыздың нышаны, төл өркениетіміздің алтын бесігі саналады.

Сондықтан біз ертең өз жұмысын бастайтын Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістан төрінде өткізуді жөн көрдік. Алқалы жиын ағайын елдердің арасын жақындатып, ықпалдастығын күшейте түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты.

– Қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мемлекетаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастығымыз да жоғары деңгейде. Түрік делегациясының құрамында бір топ депутаттың және партия мүшелерінің болуы – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар екі елдің экономикалық ынтымақтастығы күшейе түсті. Түркия ірі инвесторларымыздың қатарына кіреді.

Осы уақытқа дейін Сіздің еліңізден экономикамызға 6 миллиард доллар инвестиция тартылды. Қазақстанның Түркияға салған инвестициясы да өсіп, 2,5 миллиард долларға жуықтады. Сондай-ақ Түрік елі – негізгі бес сауда серіктесіміздің бірі. Қос халықтың мәдени-гуманитарлық байланыстары қарым-қатынасымыздың алтын арқауы саналады. Біз осы игі үрдісті сақтап, өзара ықпалдастығымыздың аясын кеңейте беруге мүдделіміз. Бүгін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларацияны қабылдаймыз.

Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі – бір, сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бүгінде Түркия әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, түрлі салада елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды.

– Сіздің салиқалы, сарабдал саясатыңыздың нәтижесінде Түркияның әлемдегі ықпалы мен беделі арта түсті. Түрік елі қуатты экономика мен салмақты дипломатияның арқасында Еуропа мен Азияны, күллі түркі дүниесін жалғаған алтын көпір ретінде танылып отыр. Мемлекетіңіздің жетістіктері – Сіздің ұлт мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-түрік байланысына қатысты айтқан сөздері

@ptrkkz