Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы командалық сайыста үздік үштікке енді.
Құраманың табысты өнер көрсетуіне алматылық спортшылар Жанат Нәбиев пен Нұрмұхаммед Жайлыбай, сондай-ақ Артем Саркисян мен Назарбай Саттархан үлкен үлес қосты.
Қазақстандық семсерлесушілер жарыс барысында Иранды (45:33) және Өзбекстанды (45:43) жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу үшін болған кездесуде Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберді (34:45).
Ал қола медаль үшін өткен тартысты бәсекеде отандастарымыз Қытай құрамасын 45:44 есебімен ұтып, Азия чемпионатының жүлдегері атанды.
Алматы әкімдігі
Бізге жазыл | zakon.kz